30 сәуірде қазақстандық диджей, sound producer Иманбек Зейкенов Моргенштерн және Fetty Wap сияқты танымал шетелдік артиcтермен бірге тыңдармандарына жаңа трек сыйлады.

Осыған дейін хабарланған LECK атты сингл барлық музыкалық платформада Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 3.00-де жарық көрді.

"Дәл керек кезде америкалық, қазақ және еврей жиналды ..." – дейді Моргенштерн ән мәтінінде.

YouTube-те видеоның қаралымы санаулы сағат ішінде жарты миллионға жетті.

2021 жылы наурызда Иманбек Зейкенов Best Remixed Recording аталымы бойынша "Грэммиге" ие болған еді. 


Оқи отырыңыз: