Нұр-Сұлтан қаласының Тұрғын үй орталығы "Көпбалалы отбасылар" санатына сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжаттарды қабылдау басталғанын хабарлады.

  • Пәтер саны – 161.
  • Орналасқан орны: Р. Қошқарбаев даңғылы; Е430 көшесі; Омаров көшесі; Нәжімеденов көшесі; А-91 көшесі; Қошқарбаев даңғылы; Махтумкули көшесі.

Құжаттарды 2020 жылғы 15 желтоқсан сағат 12:00-ден бастап 23 желтоқсан 00:00-ге дейін тапсыруға болады.

Оқи отырыңыз: Тұрғын үй бағдарламалары көбейді. Биыл баспаналы болудың 11 мүмкіндігі

Құжаттарды қабылдау тек электронды түрде көрсетілген кезеңде ("Онлайн сервистер" – "Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге өтінім беру" бөлімі) zhilfond.kz сайты арқылы жүргізіледі.

  • Шарты: Нұр-Сұлтан қаласында "Көп балалы отбасы" санаты бойынша тұрғын үйге кезекте тұру.

Іріктеу тұрғын үй кезегіне қою күні мен отбасы құрамы бойынша "Көп балалы отбасы" санаты бойынша кезекте тұрғандардың қатысуға құжаттарын тапсырғандар арасында өтеді.

Оқи отырыңыз: Тұрғын үй кезегіне қалай тұруға болады? Нұсқаулық

Өтініш беру үшін сізде:

  1. ЭЦҚ кілті;
  2. отбасы мүшелері балаларының туу туралы куәлігі/жеке куәлігі сканерленген нұсқасы (болған жағдайда);
  3. мүгедектік туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы (болған жағдайда);
  4. барлық отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасы бойынша мүліктің жоқтығы/бары жайлы анықтама;
  5. некені қию/бұзу/өлім/ ф-4 анықтамасы (бар анықтаманы саласыз) болу керек.

Оқи отырыңыз: 2020 жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен кім үй ала алады?

Тұрғын үйді берген кезде сізбен ұзарту құқығымен 5 жыл мерзімге жалдау шарты жасалады. Тиісінше, Сіз әр 5 жыл сайын жалдау шартын қайта жасасу арқылы шексіз уақыт өмір сүре аласыз.

Неше бөлмелі пәтерге өтініш беруді таңдай мүмкіндігі берілмейді. Бөлу тек өтініш берушінің отбасы құрамына сәйкес жасалады.