Елордада балалар мен жасөспірімдер қоғамдық көлікпен тегін жүреді
Бұл туралы City Transportation Systems компаниясының басшысы Бекмырза Игенбердинов хабарлады.
Аталмыш жеңілдік азаматтардың келесі 6 санатына қатысты:
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер;
- зейнеткерлер;
- ҰОС ардагерлері;
- мүгедектер;
- мүгедектердің күтушілері;
- көп балалы аналар.
Қоғамдық көлікте тегін жүру үшін бұл санаттарға жататын адамдардың жеңілдігі бар атаулы картасы болуы шарт. Қоғамдық көлікте картамен валидация жасау талап етіледі.
Оқи отырыңыз: Астана LRT атауын өзгертіп, ребрендинг жасады
Бекмырза Игенбердиновтың айтуынша, жолаушы тасымалдаушы компаниялардың бұл шығынын қала әкімдігі өтемейді. Бұл қадамға компаниялар өздері барып отыр.
Дегенмен, әкімдік автопарктер қызметін субсидиялауды жалғастырады. 2020 жылдың бірінші ширегіне бөлінген субсидия көлемі – 2,8 млрд теңге. Қазіргі таңда екінші ширекке субсидия бөлу мәселесі талқыланып жатыр.