Перейти на полную версию

Egov.kz, Telegram, Facebook, Vkontakte. Дәрігерді үйге онлайн шақырудың 4 тәсілі

Денсаулық сақтау министрлігі науқастың бойында Covid-19 белгілері алғаш байқалған сәтте дәрігерді үйге онлайн шақыруға кеңес береді.
Қазақстан азаматтары учаскелік дәрігерді Egov.kz сайты және Telegram-бот, Facebook және Vkontakte әлеуметтік желілері арқылы үйіне шақыра алады.

Бірінші тәсіл: Egov.kz порталы

Дәрігерді үйге шақыру үшін Egov.kz қызметін пайдалануға болады. Ол үшін шақыратын азаматтың электронды цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы міндетті емес. Порталға ЖСН нөмірі немесе ұялы телефонға жіберілетін бір реттік кілтсөзді теру арқылы кіруге болады. Жеке кабинеттегі бөлімдердің ішінен "Денсаулық сақтау" бөлімін таңдайсыз.



Egov.kz сайтынан скриншот

Ұсынылған қызметтер арасынан "Дәрігерді үйге шақыру" қызметін таңдау қажет.



Egov.kz сайтынан скриншот

Содан соң, "Онлайн сұрау" батырмасын басасыз.



Egov.kz сайтынан скриншот

Дәрігерді үйге шақыру үшін сіз тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша жергілікті емханаға тіркелген болуыңыз қажет. Егер сіз тіркелмеген болсаңыз, өтінішіңіз қайтарылады.

Оқи отырыңыз: Covid-19 жұқтырып көз жұмғандарды жерлеу рәсімі. Қандай сақтық шаралары сақталуы керек?

Ашылған терезеге жеке мәліметтеріңізді, дәрігерді қандай себеппен шақырып отырғаныңызды жазасыз. Содан соң, өтінішті жіберіп, оның өңделгенін күтесіз.



Egov.kz сайтынан скриншот

Екінші тәсіл: Telegram-бот

Дәрігерді үйге шақырудың тағы бір жолы – EgovKzBot2.0 Telegram-боты арқылы шақыру. Алдымен "Start" батырмасын басып, одан соң, "Қызметтер" бөлімінен "Денсаулық сақтауды" таңдайсыз.

Ескерту: Telegram-бот қызмет тілі – орыс тілі



Telegram желісінен скриншот

Содан соң экранда "Дәрігерді мессенджермен үйге шақыру" батырмасы пайда болады.



Telegram желісінен скриншот

Оқи отырыңыз: Дәрі тапшылығы мен антибиотиктер зияны. Үйде емделушілерге арналған маңызды 18 сұраққа жауап

Содан кейін бот сіздің жеке мәліметтеріңізді жазуыңызды сұрайды. Аты-жөніңіз, телефон нөміріңіз, дәрігерді үйге шақырту себебіңізді жазып, төмендегі суретте көрсетілген хатты жолдайсыз. "Аяқтау" батырмасын басқан соң, өтінішіңіз өңдеуге жіберіледі.



Telegram желісінен скриншот

Үшінші тәсіл: Facebook мессенджері

Ескерту: Facebook мессенджерінің қызмет тілі – орыс тілі

Бұл әдіс сізді соңында электронды үкімет сайтына әкеледі. Іздеу жүйесінен "Egov.kz порталын" тауып, диалогта оң жақ бұрыштағы "get started" батырмасын басыңыз.



Facebook желісінен скриншот

Одан кейін "Қызметтер" және "Денсаулық сақтау саласы" батырмаларын басу қажет.



Facebook желісінен скриншот

Қызметтер ішінен "Дәрігерді үйге мессенджермен шақыру" қызметін таңдайсыз.



Facebook желісінен скриншот

Содан соң бот сізге Egov.kz сайтының сілтемесін жібереді.

Оқи отырыңыз: Президент жаңа Денсаулық кодексіне қол қойды. Дау тудырған жаппай вакцинациялау мәселесі енді қалай шешіледі?

Төртінші тәсіл: Vkontakte әлеуметтік желісі

Ескерту: Vkontakte қызмет тілі – орыс тілі

Дәрігерді "ВКонтакте" арқылы үйге шақыру Facebook арқылы шақыру әдісіне ұқсайды. Ол үшін әлеуметтік желіден "Egov.kz порталын" табу қажет. Терезенің оң жағындағы "Хат жазу" батырмасын басып, диалогты бастайсыз.



Vkontakte желісінен скриншот


Диалогта "Бастау" батырмасын басып, "Денсаулық сақтау саласы", "Дәрігерді үйге мессенджермен шақыру" қызметтерін таңдайсыз.



Vkontakte желісінен скриншот

Бот сіздің аты-жөніңіз, телефон нөміріңіз, дәрігерді үйге шақыру себебіңізді сұрайды. Осыларды толтырғаннан кейін өтінішіңіз өңдеуге жіберіледі. Өтініштер 1 жұмыс күні ішінде қаралады.


Сурет STOPCOV ALMATY Telegram каналынан алынды

Поделиться:

Новости партнёров