Бірінші тәсіл: Egov.kz порталы
Дәрігерді үйге шақыру үшін Egov.kz қызметін пайдалануға болады. Ол үшін шақыратын азаматтың электронды цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы міндетті емес. Порталға ЖСН нөмірі немесе ұялы телефонға жіберілетін бір реттік кілтсөзді теру арқылы кіруге болады. Жеке кабинеттегі бөлімдердің ішінен "Денсаулық сақтау" бөлімін таңдайсыз.
Ұсынылған қызметтер арасынан "Дәрігерді үйге шақыру" қызметін таңдау қажет.
Содан соң, "Онлайн сұрау" батырмасын басасыз.
Дәрігерді үйге шақыру үшін сіз тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша жергілікті емханаға тіркелген болуыңыз қажет. Егер сіз тіркелмеген болсаңыз, өтінішіңіз қайтарылады.
Оқи отырыңыз: Covid-19 жұқтырып көз жұмғандарды жерлеу рәсімі. Қандай сақтық шаралары сақталуы керек?
Ашылған терезеге жеке мәліметтеріңізді, дәрігерді қандай себеппен шақырып отырғаныңызды жазасыз. Содан соң, өтінішті жіберіп, оның өңделгенін күтесіз.
Екінші тәсіл: Telegram-бот
Дәрігерді үйге шақырудың тағы бір жолы – EgovKzBot2.0 Telegram-боты арқылы шақыру. Алдымен "Start" батырмасын басып, одан соң, "Қызметтер" бөлімінен "Денсаулық сақтауды" таңдайсыз.
Ескерту: Telegram-бот қызмет тілі – орыс тілі
Содан соң экранда "Дәрігерді мессенджермен үйге шақыру" батырмасы пайда болады.
Оқи отырыңыз: Дәрі тапшылығы мен антибиотиктер зияны. Үйде емделушілерге арналған маңызды 18 сұраққа жауап
Содан кейін бот сіздің жеке мәліметтеріңізді жазуыңызды сұрайды. Аты-жөніңіз, телефон нөміріңіз, дәрігерді үйге шақырту себебіңізді жазып, төмендегі суретте көрсетілген хатты жолдайсыз. "Аяқтау" батырмасын басқан соң, өтінішіңіз өңдеуге жіберіледі.
Үшінші тәсіл: Facebook мессенджері
Ескерту: Facebook мессенджерінің қызмет тілі – орыс тілі
Бұл әдіс сізді соңында электронды үкімет сайтына әкеледі. Іздеу жүйесінен "Egov.kz порталын" тауып, диалогта оң жақ бұрыштағы "get started" батырмасын басыңыз.
Одан кейін "Қызметтер" және "Денсаулық сақтау саласы" батырмаларын басу қажет.
Қызметтер ішінен "Дәрігерді үйге мессенджермен шақыру" қызметін таңдайсыз.
Содан соң бот сізге Egov.kz сайтының сілтемесін жібереді.
Оқи отырыңыз: Президент жаңа Денсаулық кодексіне қол қойды. Дау тудырған жаппай вакцинациялау мәселесі енді қалай шешіледі?
Төртінші тәсіл: Vkontakte әлеуметтік желісі
Ескерту: Vkontakte қызмет тілі – орыс тілі
Дәрігерді "ВКонтакте" арқылы үйге шақыру Facebook арқылы шақыру әдісіне ұқсайды. Ол үшін әлеуметтік желіден "Egov.kz порталын" табу қажет. Терезенің оң жағындағы "Хат жазу" батырмасын басып, диалогты бастайсыз.
Диалогта "Бастау" батырмасын басып, "Денсаулық сақтау саласы", "Дәрігерді үйге мессенджермен шақыру" қызметтерін таңдайсыз.
Бот сіздің аты-жөніңіз, телефон нөміріңіз, дәрігерді үйге шақыру себебіңізді сұрайды. Осыларды толтырғаннан кейін өтінішіңіз өңдеуге жіберіледі. Өтініштер 1 жұмыс күні ішінде қаралады.