БЖЗҚ төлемі, электронды шот-фактура, бейрезидент банктер. Сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді?
1 сәуірден бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ай сайынғы төлемді есептеу әдістемесі өзгереді.2021 жылдың сәуірінен бастап Қазақстан заңнамасына енгізілген қандай өзгерістер мен толықтырулар күшіне енеді? Осы сұраққа "Параграф" ақпараттық жүйесі әзірлеген Zakon.kz материалында жауаптар қамтылған.
Зейнетақы
1 сәуірден бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ай сайынғы төлемді есептеу әдістемесі өзгереді. Бірінші жылы ай сайынғы төлем мөлшерін анықтау үшін жаңа әдіске сәйкес, жинақталған зейнетақы қаражатының мөлшерін 6,5%-ке көбейтіп, алынған мәнді 12-ге бөлу керек. Кейінгі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері өткен жылға арналған зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесі бойынша 5% – ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін жыл сайынғы өсіру арқылы қайта есептеледі. Бұрын төлемдерді индекстеу болған жоқ.
Төлемдерін есептеудегі өзгерістер бұрыннан зейнеттегі адамдардың зейнетақысына әсер етпейді. 2021 жылы олар БЖЗҚ-дан ескі әдіс бойынша есептелген төлемдерді ала береді.
Оқи отырыңыз: Зейнетақы төлемдері жыл сайын 5%-ға өседі. 1 сәуірден бастап БЖЗҚ төлем есептеу әдістемесі өзгереді
Электронды шот-фактура
Жеке практикамен айналысатын тұлғалар (жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор) кәсіпкерлік субъектісімен құны 1000 АЕК-тен асатын азаматтық-құқықтық мәміле жасасу кезінде 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап осындай мәміле үшін электронды шот-фактураны жазып беруі керек. Сатып алушы патент, жеңілдетілген декларация негізінде немесе шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнайы салық режимін қолданатын тұлға болса бұл норма оларға қолданылмайды.
Бейрезидент банктер
ҚР бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару, оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына аудару қағидалары бекітілді.
Бейрезидент-банк қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдағаннан кейін жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлеу не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын банкке немесе Қбейрезиденті-банк филиалына аудару арқылы қайтару жөнінде шаралар қабылдайды. Жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару депозитті қайтару туралы өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
Бірыңғай байланыс орталығы
ҚР үкіметі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Бірыңғай байланыс орталығын деп айқындады.
Темекі өнімдерін таңбалау
1 сәуірден бастап темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау қағидалары Еуразиялық экономикалық одақ сыртқы экономикалық қызметтер тауарлық номенклатурасына(ЕАЭО СЭҚ ТН) сәйкес құрамында қалампыр бар шылымға, қорқорға арналған темекіге және басқа да кейбір темекі өнімдері жіктемелеріне қолданылады.
Ветеринария
10 сәуірден бастап ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензиялар жаңадан бекітілген стандартқа сәйкес беріледі.
Оқи отырыңыз: Төртінші тоқсанда оқушылар қалай оқиды? Маңызды 8 сұраққа жауап
Мәдениет
Мәдениет және спорт министрлігі қоғамдық маңызы бар әдебиетті таңдаудың 6 критерийін бекітті.
- Көркемдік құндылығы;
- Интеллектуалды-білімдік және танымдық мазмұн;
- Рухани-өнегелік мәдениет тәрбиесі;
- Тарихи дәйектілігі;
- Берілген тақырыпқа сәйкес келетін сапалы иллюстрациялық және графикалық материалдар (бар болса);
- Әдебиеттің түпнұсқасына аудармасының сәйкестігі.
Мемлекеттік мәдени ұйымдар жаңа қағидаларға сәйкес билеттерді қағазға, электронды тасымалдауыштарға, сондай-ақ термобилеттерді шығарады.
Олардың келесі айырым белгілері болуы керек: қағаз билеттерде – алты таңбалы реттік нөмір (әліпби тәртібіне сәйкес екі бас әріппен көрсетіледі), реттік нөмір, термобилеттерде – жеті цифрлық реттік нөмір (екі белгімен көрсетілген) әліпби тәртібі бойынша бас әріптер), реттік нөмір, электронды билеттерде – штрих-код және/немесе QR-код.
Құқық қорғау органдары
Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесі жаңартылды.
Шетелдіктер
"Астана" халықаралық қаржы орталығы резиденттеріне "инвестор" визасын беруге қатысты Қазақстанға иммигранттардың келу және болу ережелеріне түзетулер енгізілді.
ЕАЭО
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кедендік реттеу саласындағы әлем елдерінің әуежайлары анықтамалығынан және әлем елдерінің теңіз және өзен порттары анықтамалығынан кодтық белгілерді қолдану міндетті болады.
1 сәуірден бастап ЕАЭО аумағында жолаушылар кедендік декларациясының жаңа құрылымы мен форматы енгізіледі.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген және лизингтің немесе оның мәні болып табылатын тауарлардың кедендік құнын қалай есептеу керек екені жайында тиісті ережені ЕАЭО алқасы мақұлдады.
Оқи отырыңыз: Қазақстанның аумақтық даму жоспары 1 шілдеге дейін дайын болады
Ауыл шаруашылығы
Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асылдандыру жұмыстарын біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісімді ратификациялады.
Кеден
2011 жылғы 22 маусымдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің Бірлескен алқасы туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификацияланды.