Енді Transcard қосымшасында QR-код арқылы жол ақысын төлеуге және электрондық билет алуға болады.

"Негізгі" ретінде тіркелген көлік картасы үшін келесі функциялар қолжетімді:

  • теңгерімді тексеру және толтыру;
  • соңғы 10 күн бойынша жасалған сапарлар туралы ақпарат алу;
  • картаны бұғаттау және жою;
  • теңгерім аудару функциясы жақын арада қолжетімді болады.

"Қосымша" карта үшін:

  • теңгерімді тексеру:
  • көлік картасын толтыру.

Оқи отырыңыз: Астана автобустарында енді жолақыны камераға қарап, автоматты түрде төлеуге болады


Сондай-ақ, тіркелу әлдеқайда жеңілдетілді. Енді тек аты-жөніңізді, телефон нөміріңізді, ЖСН көрсету қажет. Толық тіркелу үшін жеке куәліктің және көлік картасының фотосуреттерін бекіту керек. Деректердің сәйкестігін тексергеннен кейін, модератор аккаунтты белсендіреді.

Transcard мобильдік қосымшасын Play Market пен App Store арқылы жүктеуге болады.