Астаналықтар жол жүру ақысын енді QR-код арқылы төлей алады

Android және iOS платформаларындағы Transcard мобильдік қосымшасы жаңартылды.

Енді Transcard қосымшасында QR-код арқылы жол ақысын төлеуге және электрондық билет алуға болады.

"Негізгі" ретінде тіркелген көлік картасы үшін келесі функциялар қолжетімді:

  • теңгерімді тексеру және толтыру;
  • соңғы 10 күн бойынша жасалған сапарлар туралы ақпарат алу;
  • картаны бұғаттау және жою;
  • теңгерім аудару функциясы жақын арада қолжетімді болады.

"Қосымша" карта үшін:

  • теңгерімді тексеру:
  • көлік картасын толтыру.

Оқи отырыңыз: Астана автобустарында енді жолақыны камераға қарап, автоматты түрде төлеуге болады


Сондай-ақ, тіркелу әлдеқайда жеңілдетілді. Енді тек аты-жөніңізді, телефон нөміріңізді, ЖСН көрсету қажет. Толық тіркелу үшін жеке куәліктің және көлік картасының фотосуреттерін бекіту керек. Деректердің сәйкестігін тексергеннен кейін, модератор аккаунтты белсендіреді.
⠀
Transcard мобильдік қосымшасын Play Market пен App Store арқылы жүктеуге болады. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау