Алматы әуежайынан Өзбекстанның төрт азаматы депортацияланды
ОШ-Алматы халықаралық рейсімен ПТР-анықтамасыз келген Өзбекстанның төрт азаматы Алматы әуежайынан кері қайтарылды, деп хабарлайды санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.
24 сәуірде Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Египет, Түркия, Грузия, Украина, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 33 халықаралық әуе рейсі келді. Бір тәулік ішінде барлығы 5 126 авиажолаушы келді.
Рейстер мына қалаларға келді:
- Алматы әуежайына – 19 рейс, 3 078 жолаушы;
- Нұр-сұлтан әуежайына – 7 рейс, 918 жолаушы;
- Шымкент әуежайына – 5 рейс, 757 жолаушы;
- Ақтау әуежайына – 1 рейс, 150 жолаушы;
- Қостанай әуежайына – 1 рейс, 223 жолаушы.
Оқи отырыңыз: "Қызыл аймақтағы" өңірлерде әуежай мен теміржол вокзалына қарсы алушылар мен шығарып салушылар кіргізілмейді
ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі қаулысына сәйкес әуе компанияларының басшылары Covid-19 вирусына шалдықпағанын айғақтайтын ПТР тест жасатқандығы туралы анықтаманы ұсынбаған жолаушыларды әуе кемесінің бортына отырғызуға жібермеуге міндетті. Анықтаманың нәтижесі берілген күннен бастап, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өту кезінде 72 сағаттан аспауы тиіс.