6 тамызда Қазақстанда коронавирус жұқтырған 980 адам тіркелді
6 тамыз қорытындысы |
Науқастар 96 922 |
Сауыққандар 70 680 |
Көз жұмғандар 1 058 (2 тамыз) |
Нұр-Сұлтан | 12530 | 9629 | 234 |
Алматы | 12995 | 7965 | 164 |
Шымкент | 5070 | 3831 | 39 |
Ақмола облысы | 2928 | 2230 | 46 |
Ақтөбе облысы | 3085 | 2059 | 28 |
Алматы облысы | 4623 | 4008 | 26 |
Атырау облысы | 10511 | 7600 | 29 |
ШҚО | 7045 | 5660 | 66 |
Жамбыл облысы | 3804 | 3080 | 50 |
БҚО | 6160 | 5324 | 48 |
Қарағанды облысы | 9160 | 5597 | 186 |
Қостанай облысы | 2988 | 2316 | 11 |
Қызылорда облысы | 3143 | 2304 | 8 |
Маңғыстау облысы | 3063 | 2241 | 38 |
Павлодар облысы | 3469 | 2262 | 28 |
СҚО | 3419 | 2245 | 16 |
Түркістан облысы | 2929 | 2329 | 41 |
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 980 адам (ауру белгілері барлар – 478, жоқтар – 502) тіркелді.
Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:
- Нұр-Сұлтан – 186;
- Алматы – 175;
- Шығыс Қазақстан облысы – 92;
- Қарағанды облысы – 85.
Республика бойынша барлығы 96 922 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 70 680.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 189-ға жетті.
1-6 тамыз аралығында коронавирустық пневмониямен 11 008 адам ауырып, 120 науқас көз жұмған (6 тамызда тіркелген науқас саны – 1 424, көз жұмғандар – 18).
"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 25 053 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 108 өскіншек бала бар. Стационарларда 5 364 науқас жатыр. 19 689 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 171 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 28 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 42 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Коронавируспен үй жағдайында қалай күресуге болады? Сізге арналған 8 кеңес
Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.