Тікелей эфир

6 тамызда Қазақстанда коронавирус жұқтырған 980 адам тіркелді

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Covid-19 жұқтырғандар саны 96 922-ге жетті.

6 тамыз қорытындысы

Науқастар

96 922

Сауыққандар

70 680

Көз жұмғандар

1 058 (2 тамыз)

Нұр-Сұлтан 12530 9629 234
Алматы 12995 7965 164
Шымкент 5070 3831 39
Ақмола облысы 2928 2230 46
Ақтөбе облысы 3085 2059 28
Алматы облысы 4623 4008 26
Атырау облысы 10511 7600 29
ШҚО 7045 5660 66
Жамбыл облысы 3804 3080 50
БҚО 6160 5324 48
Қарағанды облысы 9160 5597 186
Қостанай облысы 2988 2316 11
Қызылорда облысы 3143 2304 8
Маңғыстау облысы 3063 2241 38
Павлодар облысы 3469 2262 28
СҚО 3419 2245 16
Түркістан облысы 2929 2329 41

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 980 адам (ауру белгілері барлар – 478, жоқтар – 502) тіркелді.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:

  • Нұр-Сұлтан – 186;
  • Алматы – 175;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 92;
  • Қарағанды облысы – 85.

Республика бойынша барлығы 96 922 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 70 680.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 189-ға жетті.

1-6 тамыз аралығында коронавирустық пневмониямен 11 008 адам ауырып, 120 науқас көз жұмған (6 тамызда тіркелген науқас саны – 1 424, көз жұмғандар – 18).

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 25 053 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 108 өскіншек бала бар. Стационарларда 5 364 науқас жатыр. 19 689 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 171 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 28 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 42 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Коронавируспен үй жағдайында қалай күресуге болады? Сізге арналған 8 кеңес


Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы


Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.

Серіктестер жаңалықтары