19 тамыз қорытындысы

Науқастар

103 815

Сауыққандар

86 450

Көз жұмғандар

1 415 (17 тамыз)

Нұр-Сұлтан 13678 10431 287
Алматы 13962 11960 220
Шымкент 5155 4330 53
Ақмола облысы 3282 2861 61
Ақтөбе облысы 3181 2928 35
Алматы облысы 4848 4555 41
Атырау облысы 10768 10052 45
ШҚО 7890 6501 121
Жамбыл облысы 4026 3454 53
БҚО 6629 5566 86
Қарағанды облысы 9872 7429 254
Қостанай облысы 3303 2714 11
Қызылорда облысы 3216 2960 9
Маңғыстау облысы 3285 2576 39
Павлодар облысы 3702 2580 37
СҚО 3808 2722 19
Түркістан облысы 3210 2831 44

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 244 адам (ауру белгілері барлар – 134, жоқтар – 110) тіркелді.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:

  • Нұр-Сұлтан – 38;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 27;
  • Қарағанды облысы – 25;
  • Алматы – 24.

Республика бойынша барлығы 103 815 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 86 450.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 461-ге жетті.

1-19 тамыз аралығында коронавирустық пневмониямен 20 541 адам ауырып, 237 науқас көз жұмған (19 тамызда тіркелген науқас саны – 787, көз жұмғандар – 6).

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 15 904 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 64 өскіншек бала бар. Стационарларда 6 942 науқас жатыр. 8 962 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 350 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 100 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 63 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Коронавируспен үй жағдайында қалай күресуге болады? Сізге арналған 8 кеңес


Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы

Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.