18 тамыз қорытындысы

Науқастар

103 571

Сауыққандар

86286

Көз жұмғандар

1 415 (17 тамыз)

Нұр-Сұлтан 13640 10415 287
Алматы 13938 11935 220
Шымкент 5155 4325 53
Ақмола облысы 3265 2856 61
Ақтөбе облысы 3175 2926 35
Алматы облысы 4844 4555 41
Атырау облысы 10748 10048 45
ШҚО 7863 6491 121
Жамбыл облысы 4018 3442 53
БҚО 6611 5553 86
Қарағанды облысы 9847 7413 254
Қостанай облысы 3290 2708 11
Қызылорда облысы 3215 2960 9
Маңғыстау облысы 3278 2576 39
Павлодар облысы 3699 2575 37
СҚО 3792 2683 19
Түркістан облысы 3193 2825 44

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 267 адам (ауру белгілері барлар – 123, жоқтар – 148) тіркелді.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:

  • Шығыс Қазақстан облысы – 30;
  • Батыс Қазақстан облысы – 28;
  • Нұр-Сұлтан – 27;
  • Қарағанды облысы – 27.

Республика бойынша барлығы 103 571 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 86 286.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 446-ға жетті.

1-18 тамыз аралығында коронавирустық пневмониямен 19 754 адам ауырып, 231 науқас көз жұмған (18 тамызда тіркелген науқас саны – 1 081, көз жұмғандар – 11).

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 15 839 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 71 өскіншек бала бар. Стационарларда 7 383 науқас жатыр. 8 456 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 366 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 90 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 59 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Коронавируспен үй жағдайында қалай күресуге болады? Сізге арналған 8 кеңес


Инфографика: coronavirus2020.kz

Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.