Дэйв Брейлсфорд деген бар. Ұлыбританияның велоспортында революция жасаған кісі. Ол 2003 жылы велоспорт федерациясының тізгінін өз қолына алды.
Ағылшындардың қолынан велосипед тебу емес, доп тебу ғана келеді деп жүрген кезең. Олар сонау 1908 жылы олимпиадада велоспорттан жалғыз ғана алтын алған. Содан бері дым жоқ. Тур де Франстың тарихында да бірде-бір рет мәре сызығын бірінші болып кесіп көрмеген. Тіпті аты бар велоөндірушілер "абыройымызға нұқсан келеді" деп, ағылшындардың велокомандасына велосипед сатудан бас тартқан. Одан өткен абыройсыздық бола ма?!
Оқи отырыңыз: Тән – Отан, иммунитет – әскер, вирус – жау
Осы тұста федерацияға Дэйв Брейлсфорд келеді. Ол не істейді дейсіз ғой? Оның стратегиясы мынаған саяды: жұмысты 1% болса да тоқтамай жетілдіріп отыру. Сөйтті де сәт сайын сыналап өзгеріс енгізе бастады. Мәселен, велосипедтің орындықтарын өзгертті. 1% болса да жылдамдық артты ма? Дөңгелектер жолға дұрыс жабысу үшін оларды спиртпен сүртті. Тағы да 1% жетілді. Спортшылардың бұлшық еттері жақсы жұмыс істеу үшін ішінде электржылытқышы бар киім тіктірді. Жылдамдыққа 1% болса да әсер етті ме? Тіпті спортшылар вирус жұқтырмас үшін қалай жуынып, гигиенаны қалай сақтауға дейін үйретті. Оны үйрету үшін арнайы маман жалдады. Әйтпесе, бір спортшы мезгілсіз ауырып қалса, команданың жалпы көрсеткішіне ойда жоқта кері әсер етеді.
Сонымен не дейсіз ғой? Бес жылдан соң 2008 жылы Пекинде өткен олимпиадада британдықтар тас жол мен трек жарысында үлестірілген алтынның 60%-ын жеңіп алды. Содан соң төрт жылдан кейін Лондонда өткен олимпиадада 9 олимпиада, 7 әлем рекордын жаңартты.
Оқи отырыңыз: Карантин бізге неге керек?
Ағылшындар 2012-2017 жылдар аралығында, алты жылдың ішінде Тур де Франсты бес рет жеңді.
Жалпы, 2007-2017 жылдары, он жылда британдықтар 178 әлемдік біріншілікте велоспортта жүлде алған. Оның ішінде олимпиада және паралимпиада ойындарында 66 алтын алыпты.
Бір ғасыр тұралаған ағылшын велоспорты бес жылда шыңға бір-ақ шықты. Революция емес пе! Бірақ бұл революция бір күнде бола қалған жоқ. Жетістік 1%-дық ілгерлеумен, табандап, тіпті елілеп келді.
Президенттің жанындағы Ұлттың кеңеске мүше болғаныма 5 ай болыпты. Осы уақыт ішінде бір рет отырысы өтті. Бірақ, негізгі жұмыс күнде жүріп жатыр. Кеңес мүшелері қоғамда болып жатқан барлық жағдай бойынша Ақорданың құлағын шулатады. Шулатып қана қоймайды, мәселе нақты шешілгенше табандап тұрып алады. Қоғамның үні көбіне биліктің шешімімен үндесіп жатқанын көріп отырмыз. От пен судың арасында Ерлан Қарин жүреді. Оған оңай емес. Кеңестің 44 мүшесімен жұмыс істегеннен 44 қасқыр баққан оңай болар.
Оқи отырыңыз: Коммуникациядағы шалағайлық
Соңғы мамыр-маусым айларында бірнеше аса маңызды өзгеріс болды. Соның бірі бейбіт жиналыстарды өткізу хабарламалық тәртіппен іске асатын болды. Бұрын митинг өткізу үшін рұқсат сұрайтын, қазір ұйымдастырушылар тек хабарлайды. Бұл енді аса маңызды, бірақ, өте қиын енген өзгеріс. Сонымен бірге саяси партияны тіркеуге қажет мүше саны екі есеге азайды. Одан бөлек, парламенттік оппозиция инстиуты енді. Саяси партияларға оның берері көп. Ертең көресіздер. Оған қоса, жала жабу Қылмыстық кодекстен алынып, әкімшілік іс болып қалды. Қанша уақыттан бері шу болып келе жатқан бап. Саяси реформалар бойынша ілгерілеу бар. Енді вирустан кейінгі кезеңде бұл бағыт әлеуметтік және экономикалық реформалармен жалғасатынына сенемін.
Байқаймын, көп өзгеріс қиын жүріп жатыр. Бір жерден оқып едім: "Жетістік – велосипедпен тауға шыққан секілді. Қиын болса, демек ілгері келе жатырсыз". Ең бастысы, 1% өзгеріс сәт сайын үздіксіз еніп отыруы тиіс.
-
1🎉 Группа Orda, ансамбль "Яшлык" и V$XV Prince. Как интересно провести выходные 23 и 24 ноября в Астане и Алматы
- 5560
- 1
- 6
-
2⚠️ Доброе утро! Предлагаем обзор главных новостей за 20 ноября
- 2497
- 0
- 5
-
3🍇 В модном винограде без косточек казахстанские специалисты не нашли вредных бактерий
- 2526
- 3
- 23
-
4🤔 Борьба с покупкой водительских прав: автошколы отказываются передавать частной компании данные о выпускниках
- 2312
- 2
- 26
-
5👀 В Казахстане редко назначают домашний арест, несмотря на большие расходы на содержание в СИЗО
- 2191
- 2
- 9
-
6👨⚖️👨⚖️👨⚖️🟢Суд Алматы отправил руководителя таможенной лаборатории в колонию за взятки
- 2181
- 0
- 25
-
7🎫✈️ Станут ли невозвратные билеты возвратными и зачем субсидировать авиарейсы – глава КГА
- 2246
- 0
- 11
-
8😱 Одного из богатейших людей мира обвинили во взяточничестве. Акции его компаний обвалились
- 2293
- 3
- 14
-
9🟢 Улице в Астане присвоили имя общественного деятеля
- 2219
- 2
- 46
-
10🚛🏗 Торговля и логистика в Центральной Азии: новые коридоры, продукты и D2C-модель
- 2205
- 0
- 6