Прямой эфир Новости спорта

Коммуникациядағы шалағайлық

"Мазмұндама" қоғамдық қорының төрағасы Шыңғыс Мұқан коммуникациядағы шалағайлық туралы ой қозғады.

Дәрігер шимақпен ем жазып беріп, түсінбей басыңыз қатып отырған кез талай болған шығар. Бұл не? Мұны коммуникациядағы шалағайлық деп атайды. Miscommunication.

Коммуникацияның алғашқы ережесі: Тыңдарман ақпаратты түсінуге міндетті емес, айтарман ақпаратты түсінікті етіп жеткізуге міндетті.

Прожект менеджментте кез келген жобаның, жұмыстың табыстылығы 55% коммуникацияға байланысты.

Қазіргі коронадағдарыста да солай. Тіпті дәрігер мен дәрілер жеткілікті болғанның өзінде, егер коммуникацияда шалағайлық болса, жұмыс жартылай жүреді, яғни екі адам вирус жұқтырмайтын жерде бір адам жұқтырады, екі адам да тірі қалатын жерде бір кісі қайтыс болады. Сондықтан қазіргі уақытта ақпараттандыру аса маңызды.

Оқи отырыңыз: Карантин бізге неге керек?

Бүгінгі келелі кеңесте коммуникацияға басымдық бергені қуантып отыр. Жиынның басым бөлігі коммуникациядағы шалағайлыққа арналғандай әсер қалды. Шынында да, мемлекеттік органдар вирусқа қарсы жұмыста ғана емес, коммуникация жұмысында да дес беріп жатыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өз сөзімен айтсақ:

  • Біздің халықпен арадағы диалогымыз өз деңгейінде нәтиже бермеді.
  • Ақпараттық жұмыс бастапқы кезеңде жақсы ұйымдастырылды. Бірақ мемлекеттік органдар соңғы кезде бұл істі босаңсытып жібергендей әсер қалдырады.
  • Әкімдер мен министрлер қарапайым халықпен байланыс орнатуды қойды. Олардың арыз-шағымдарына дер кезінде жауап бермейді. Сондықтан тұрғындардың көпшілігі қайда барарын білмей, торығуда. Өкілетті қызмет орындарынан дұрыс жауап ала алмаған тұрғындардан шағымдар көп түсіп жатыр.
  • Ақпараттық жұмыстарға қатысты тәсілді түбегейлі өзгерту қажет. Жауапты тұлғалар өткізетін тұрақты брифингтерді жолға қойып, індет жұқтырған кездегі іс-әрекеттердің алгоритмі жөнінде халықты нақты әрі сапалы ақпаратпен қамтамасыз етсін.
  • Телеарналарда тікелей эфир арқылы дәрігерлерден кеңес алып, тұрғындардың сұрақтарына нақты жауап беретін бағдарламалар ұйымдастыруға не кедергі? Азаматтарға емделудің протоколы мен алгоритмін жеткізу керек. Дәрі-дәрмектер мен оны пайдалану жөнінде түсіндіру қажет.

Поделиться:

  Если вы нашли ошибку в тексте, выделите её мышью и нажмите Ctrl+Enter

  Если вы нашли ошибку в тексте на смартфоне, выделите её и нажмите на кнопку "Сообщить об ошибке"

Новости партнеров