Бұрынғы өткен аталарымыздан жеткен ислам дініміз бүгінде қорғансыздың күйінде. Егемендік алған жылдары жан-жақтан ағылған сан алуан ағымның нөпірінде күзгі жапырақтай солғын тартты.
Өнер мен білім тұтқасын ұстаған ағалардың арасынан "Құдай жоқ" деушілерді естігенде, өз құлағыңа сенбей, ішің удай ашиды. Мәселе дінде емес, мәселе діннің діңгегінен алыстаған ұрпақтың ата-анасынан алшақтауында.
Тіршілік болған соң, өлім-жітімсіз болмайды. Керуен ғұмырда тұрақтап қалған пенде жоқ. Көшіп жатады. Мәселе, көшкен жанның соңында жоқтаушың бола тұра, жоқтаусыз қалу қасіретінде.
Аз баланың қасіреті
Әлбетте, әркім "мүмкіндігіне қарай өлшейді". Оған дауа жоқ. Әлеуметтік ауыр жағдай иықтан басып, екі бала туғанның өзін ауыртпашылыққа тіреп жатқанда, тумадың деп ешкімді кінәлай алмайсың.
Бір қыз, бір ұлы бар әке дүниеден өтті. Жаназаға жиылған жұрт ең алдымен "Ұлы келді ме?!", деп сұрады. Шетелде, күнкөріс қамымен кеткен ұлдан бар болғаны "Бара алмаймын. Жерлей беріңдер..." деген бір ауыз SMS хат келіпті.
"Беті аулақ?!", "Бүйткен ұлдың барынан жоғы?!", "Жалғызда жан жоқ деген осы?!" деп жиналғандай бас шайқай күрсінді... "Марқұмға ұлының қолынан бір уыс топырақ бұйырмады-ау?!" деген әйелдер өксіді.
Марқұм әкеде кінә бар ма?
Жас кезінде марқұм мансап қуып, ұлы мен қызына киімнің алдын кигізіп, астың сапалысын ішкізеді. Әйел –жоғары білімді дәрігер. Ұл мен қыз да ата-ананың көз қуанышына айналып, мектепте үздік, жоғары оқуда алда болады. Тек... Олар көздерін ашқалы үйде де, түзде де өзге тілде сөйледі, ана тілін білмей, жатырқап өскен еді. Өзге тілде шүлдірлеп, өмір сүру әдебін де соларша қалыптастырды.
Марқұмның ағасы мен інілері "қазақ мектебіне беруін" айтудай-ақ айтқанмен, болашақ орыс тілінде деп сенген әке мен шеше оған құлақ аспады.
Әлбетте, "орыс тілді қазақта иман жоқ" демейміз. Қазақ тілімен сусындаса да әке-шешесін қарттар үйіне өткізіп жатқандар жоқ емес. Сондықтан қалай десек те, мәселе отбасындағы мейірім, тәрбиеге тікелей байланысты болса керек.
Тым құрыса дастарқан басында қазақ тілінде сөйлеп, балаларына туған-туыспен араласуды үйретпеген адам соның ащы азабын көп ұзамай тартады екен. Үміт күткен ұлы жат ұлттың қызына үйленді. Соның күйігіне шыдамаған әйелі тұңғыш немересін көріп үлгерместен дүние салады.
Ағайын арасында мейірім көпірін салады деген қызы күйеуге шығысымен әкесінің төрт бөлмелі пәтерінің бір бөлмесін сот арқылы бөліп алады. Уақыт дегеннің өз заңдылығы бар емес пе?! Көп ұзамай ұл мен келін үйдің құжатын әкесінен ұрлап алып, ағайынның жаназасы деп әкеге айтпай, сырттай сатып жібереді. Сөйтіп әкені "тіршілік жаназасы" күтіп алады. Бөгде жандардың көшіп кіріп жатқанының үстіне түсіп, үйінің сатылып кеткенін ауылына оралғанда білген әке амалсыз ағасының үйіне киім-кешегін арқалап барады.Ұлы мен келіні таңғы рейспен шетелге ұшып кеткенін сол ағасының баласынан естиді. "Жеті ағайынды жұт" басына бірден түсіп, жер бауырлап жатып қалады.
Өмір – өз дегенін орындататын пәрменді күш. Ағасы мен інілерінің басу айтуымен өмірін жалғастырады. Ең қиыны, зейнеттің рақатын көрем дегенде, ең ауыр соққының астында қалады. Егіздеткен қасірет шеңгелдеп уысына тағы алды. Үйін паналаған ағасы апаттан қайтыс болады.
Бауыр – бауыр ет
Аян беретін түс болды. Ағасы содай аян түс көреді. Қайтыс болардан бір апта бұрын тұз-дәмі таусыларын сезіп, үш ұлын шақырады. "Бауырым қаңғырып қалмасын. Мен көрімде тыныш жатсын десеңдер, қайсың жер үй салсаң, соның қолыңа інімді алатын болыңдар?!" – деп, аманаттайды.
Аяны айдай кеп, апта күннен соң бақилық болған ағаның соңына жетім баланың күйін кешіп іні қалады. "Қызы қайда?!" дерсіз. Бір қалада тұратын қызы барып тұрған безбүйректің өзі боп шығады. Жәрдем бермек тұрмақ, әкесін үйіне кіргізбейді.
Ағаның үлкен ұлы жер үй салып, әке аманаты бойынша көкесін қолына алады. Мұңлықтың кебін киген қария ауырмаудың, кісі келініне салмағын салмаудың жолын іздеп, зейнетақысының азын өз қажеттілігіне қалдырып, басым бөлігін інісінің (келіннің) қолына салады. Іні мен келін, тумаса да туғандай ғып қолында ұстайды.
Қарияға жұмыс көп. Іні үйінің ұл-қыздарына ата болып, балабақшаға, мектепке тасу секілді жұмыс түгелдей қарияның негізгі қызметіне айналады. Оған қария қуанбаса, ренжімеді. Кісі қабағына жалтақтап, өз қатесін өзінен іздеумен күнін өткізіп жатады. Өз ұрпағымен салыстырғанда ортаңқол аға баласының мейірімін көріп, көзіне жас алумен күрсінген қария: "Апыр-ай, бар жағдайын жасай бергенше, үлкенге мейірім жасауды үйретсемші?!", – деп өкінгені хақ.
Бір күні, кешкі ас үстінде қарияның іші ерекше үлкейіп кеткенін байқаған келін: "Атаның денсаулығында кілтипан барын" айтып, күйеуіне айтады. "Күлейін ба, жылайын ба?.." демекші, қарияның мейірімсіз қызы – дәрігер-онколог еді.
Қария циррозға шалдықан екен. 2-3 ай ғана ғұмыры қалған. Әдетте, "жаман ауруды" естіген сәтте кез-келген адам ауыр соққы алады. "Неге мен?! деп "ақырзаман ой" құшағынан шыға алмайды.Қайғырып,жақынана қолду күтеді.Ем ідеп, шарқ ұрады. Ал, менің кейіпкерім керісінше, қуанады. Таңқалған іні мен келінге: "Е, шырақтарым, ұл мен қыз безіп кеткен соң, тіршілікке несіне жармасам?! Сендерге масыл болғанша, ағам мен әке-шешеме тезірек жетейін?!." депті.
Әкесінің жағдайын айтып, алыстағы ұлға хабарлайды. "Баруға ақшам жоқ. Алдымен өлсін де, несіне дабылдатып жатсыңдар?!", – деген хабар алады. Күні бойы өздері де қызметтен бас көтере алмаған ерлі-зайыптылар "әкесіне аракідік болса да қарасуын" айтса, тасжүрек қызы "Уақытым жоқ!.." деп шалқаяды.
Иманнан асып кете алмай
"Нала арқалағанның арты жақсы болмайдыны" кішкентайынан құлағына құйып өскен аға баласы төтеннен соққан азапқа дес бере шыдайды. Ерлі-зайыпты екеу кезек күзетіп, қарияны күтеді.
Жасында көрмеген азапқа қарттығында кез болған қария жастардың жүгін мейлінше жеңілдетуге тырысып, ауруға төзіп бағады. Айтып келген жаман ауру алмай қойсын ба?! Қызметтесіміз болған соң, қалың жұрт жаназаға жиналдық. Шынымызды айтсақ, көбіміз оның өмірінен бейхабар екенбіз. Аға баласын оның ұлы деп жүріппіз.
Қарияның қасіреті жаназа алдында дүйім елге жария болды. Қарияның сүйегі жуылып жатқан кезде жиылған көпшілік алдына қолына таяқ ұстаған қария шықты.
Жат елге бала жіберме
"Айналайын жиылған көпшілік?! Бүгінде бәрің жақсы өмір сүресіңдер. Бәрі жеткілікті. Бірақ, қариялық өтінішім – балаларыңды шетелге оқуға жібермеңдерші?! Жақсы өмір іздеп шетел асқан марқұмның ұлын көріп тұрсыңдар ма?! Әкесіне бір уыс топырақ салуға келмеді?! Екі дүниеде қарабет ұлдың жат елде жақсы өмір сүргенінен не пайда?!", – дегенде, еңіремеген ел қалмады.
Иә, қасіретті оқиғаның мың бір себеп-салдарының бары сөзсіз. Қанша адам болса,сонша пікір айтылады. Десе де, балапан кезінен салт-дәстүрмен сусындамаған, атадан жеткен діннің обал-сауабын жадында тоқымаған ұрпақтан жақсылық күтуге қақымыз бар ма?
Дастарқаннан бастау алар тәрбие
Өзен-теңіз бастауын бұлақтан алатыны секілді, тәрбиені дастарқан басынан бастамаудың соңының орны толмас қасіретке айналып жатқанын көрерге көз, түйсінуге сана керек. о бастан ойлансақ, кеш болмас еді. Бәріміз "Ит те болса қызы ғой?!" деген оймен қызын көзімізбен іздедік. "Атам-ау?!", – деп аға ұрпағы жылап жатқанда, кіндігінен жаралған қыз көзін төмен сала үнсіз тұрды. Бәлкім, жылауға қақысы жоқтығын іштей мойындағаннан ба екен деп өзімізді жұбатуға тырыстық...
Үнсіз тұрған қызды жазғырып, "Безбүйрек бетсіз, бетің кесілгір?!." деушілер де табылды. Кеш... Өте кеш!.. Жалғыз ұлдың қолынан бір уыс топырақ бұйырмаған әке сүйегі салынған көлік ауладан шығып бара жатты...
"Кінә кімнен?!." Баршамыздың санамыздағы сол сұрақ көпшіліктің көкейінде кетті. Кейбіреуді сансыратты, қинады, кейбіреуді мазаққа айналдырды...
Автордың пікірі редакцияның ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
Автордың пікірі редакцияның ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
-
1🎉 Группа Orda, ансамбль "Яшлык" и V$XV Prince. Как интересно провести выходные 23 и 24 ноября в Астане и Алматы
- 5610
- 1
- 6
-
2⚠️ Доброе утро! Предлагаем обзор главных новостей за 20 ноября
- 2513
- 0
- 5
-
3🍇 В модном винограде без косточек казахстанские специалисты не нашли вредных бактерий
- 2569
- 3
- 23
-
4🤔 Борьба с покупкой водительских прав: автошколы отказываются передавать частной компании данные о выпускниках
- 2326
- 2
- 26
-
5👀 В Казахстане редко назначают домашний арест, несмотря на большие расходы на содержание в СИЗО
- 2204
- 2
- 9
-
6👨⚖️👨⚖️👨⚖️🟢Суд Алматы отправил руководителя таможенной лаборатории в колонию за взятки
- 2193
- 0
- 25
-
7🎫✈️ Станут ли невозвратные билеты возвратными и зачем субсидировать авиарейсы – глава КГА
- 2256
- 0
- 11
-
8😱 Одного из богатейших людей мира обвинили во взяточничестве. Акции его компаний обвалились
- 2307
- 3
- 14
-
9🟢 Улице в Астане присвоили имя общественного деятеля
- 2234
- 2
- 46
-
10🚛🏗 Торговля и логистика в Центральной Азии: новые коридоры, продукты и D2C-модель
- 2222
- 0
- 6