Мәскеудің басты көшелеріндегі бейне экрандар мен баннерлерде "Ваше превосходительство, қош келдіңіз!" деген жазумен президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейнесі тұр. Көк байрақ туымызбен өрнектелген Мәскеу көшелері біздің Президентке көрсетілген құрмет екені анық.
11-12 қарашада мемлекет басшысы Ресейге мемлекеттік сапары өтуде. Екі күнге жоспарланған бұл сапар стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңін ашатын маңызды кездесу болмақ. Жалпы кездесу бастамасы жаман емес, күтіп алу рәсімі жоғары деңгейде өтті десек болады.
Қазақша сайраған студенттердің жылы лебізі мен Путиннің Тоқаевты өз үйіне "шайға шақыруы" бәрінен де ерекше ілтипаттың көруге болады.
Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды
Айтпақшы, мұндай бейресми құрмет осы уақытқа дейін тек Қытай басшысына ғана көрсетілген деседі. Үш сағатқа созылған бейресми отырыста талай маңызды әңгіменің айтылғаны анық.
Тарих тоғыстырған Қазақстан мен Ресей бүгінде бір-біріне жақын серіктес, сенімді одақтас. Былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 27 миллиард доллардан асыпты, ал биылғы тоғыз айдың өзінде бұл көрсеткіш 20 миллиард долларға жеткен.
Ресей – Қазақстанның жетекші сауда әріптестерінің бірі әрі үздік үш инвестор қатарында.
Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бейресми кездесу өткізді
Көптеген ресейлік компаниялар Қазақстанда табысты жұмыс істеп, өз үлесін қосуда, ал біздің кәсіпкерлер Ресей нарығында белсенділігін арттырып келеді.
Қазақстан осы күрделі геосаяси кеңістікте әрдайым прагматизм мен бейтараптықты ұстанып келеді. Біз халықаралық нормаларды сақтай отырып, өз экономикалық тәуелсіздігімізді нығайтып келеміз. Кез келген мемлекетпен тең дәрежеде тұрып серіктесіп те жатырмыз. Ресейде солардың қатарында. Ресеймен сенімді серіктестік ол болжамды нарық, тұрақты логистика және жаңа инвестициялық мүмкіндік деген сөз.
Бүгінгі таңда Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық жай ғана саудамен шектелмейді. Ол – өзара сенімге, ортақ мүддеге және прагматикалық есепке құрылған күрделі экономикалық жүйе. Инвестициялар, өнеркәсіптік кооперация, энергетикалық байланыстар – бәрі де жаңа заман талабына сай трансформацияланып, екі елдің өзара тәуелсіз әрі тең серіктестігін жаңа белеске көтеріп келеді.
(Жазба Қазбек Майгелдиновтің Facebook парақшасынан алынды)
Автордың пікірі редакцияның ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
-
1✈️ Токаев поручил увеличить производство авиатоплива в Казахстане
-
3024
-
0
-
125
-
-
2💬 Аким Улытауской области назвал плюс скандального ляпа в журнале Scat
-
3176
-
4
-
37
-
-
3❗️ Землетрясение произошло в Алматы
-
2702
-
10
-
173
-
-
4⚡️ Алматинцы, кому пришло оповещение о землетрясении?
-
2765
-
27
-
106
-
-
5❗️Ещё 14 продуктов могут попасть в список социально значимых в Казахстане
-
2758
-
3
-
28
-
-
6🚫 Roblox заблокировали в России: регулятор заявил об угрозах для детей
-
2678
-
9
-
65
-
-
7🔖 Токаев поручил пересмотреть тарифную политику аэропортовых услуг
-
2930
-
0
-
107
-
-
8По данным МЧС, толчки ощущались в Алматинской, Жетысуской и Жамбылской областях.
-
2544
-
1
-
170
-
-
9🔖 Закон о запрете пропаганды ЛГБТ: сенаторы взяли время на доработку отдельных норм
-
2353
-
5
-
148
-
-
10🌡Прогноз погоды на 4 декабря: в Астане и 14 областях страны объявили штормовое предупреждение
-
2452
-
0
-
6
-
USD:
505.5 / 508.5
EUR:
587.5 / 592.5
RUB:
6.47 / 6.59