Тәртіптік комиссия Отырар аудандық полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Жұмабек Төлегенді қызметінен шеттетті.
8 наурызда Түркістан облысы Отырар ауданында Lada Priora көлігін тізгіндеген жүргізуші жол ережесін өрескел бұзып, қарсы жолаққа шығып кеткен болатын. Бұл қылығынан соң оны Отырар аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тоқтатқан. Алайда, ер адам полицияның нұсқауына бағынбай, "Жұмабектің бажасымын" деген сөзді айтып, оқиға орнынан қашып кеткен еді.
Бұл видео әлеуметтік желіде лезде тараған болатын. Әсіресе, "Жұмабектің бажасын" оңайлықпен жіберіп, қол қусырып қарап тұрған полицейлердің қылығы жұрттың ашуын келтірген. Кейін "Жұмабектің" кім екені белгілі болды. Ол Отырар аудандық полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Жұмабек Төлеген болып шықты. Ол тәртіптік комиссияның шешімімен қызметінен босатылды.
"ҚР Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексі тармақшаларымен полиция стандарттарын бұзғаны үшін Түркістан облыстық Полиция департаментінің тәртіптік комиссиясы шешімімен Отырар аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры атқарып отырған лауазымынан босатылды", – деді облыстық ПД ресми өкілі Салтанат Қарагөзова.
Оқи отырыңыз: Карантин кезінде блок бекетте жантүршігерлік жол апатын жасаған алматылық экс-полицейге үкім шықты
Дегенмен, осы оқиғаға қатысты әлеуметтік желілерде түрлі мемдер пайда болды. Желі қолданушылары "Жұмабектік бажасы" біраз уақыт жұрттың талқысында болатынын айтады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетсек, полиция қызметкерлері сол күні өзін "Жұмабектің бажасы" ретінде таныстырған жүргізушіні қуып жетіп, Lada Priora көлігін айып тұрағына қойған. Автокөлік иесіне қатысты полиция қызметкерлері Әкімшілік кодекстің екі бабымен хаттама толтырды:
- 596-бабы (Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу);
- 613-бабы (Ішкі істер органдары қызметкерінің талаптарын орындамау, алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өтуден жалтару).
Жиналған материалдар заңды процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Сондай-ақ, медициналық тексеру нәтижесінде жүргізушінің алкогольдік ішімдік ішпегені анықталған.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚉Пойыз кешіккен жағдайда төленетін өтемақы мөлшері қандай?
-
314
-
0
-
1
-
-
2😍 ЮНЕСКО: "Ортеке" музыкалық-қуыршақ өнері материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енді
-
310
-
0
-
0
-
-
3😱 Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары лауазымынан босатылды
-
312
-
0
-
1
-
-
4🏝 Павлодар облысы әкімінің бұрынғы резиденциясы мемлекет меншігіне қайтарылады
-
292
-
0
-
0
-
-
5🚰🚱 "Дүкеннен сатып аламыз". Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары жарты айдан бері ауыз сусыз отыр
-
291
-
0
-
0
-
-
6🇰🇿 Тоқаев: Қазіргі Қазақстан екі жыл бұрынғы Қазақстаннан өзгеше, реформа әлі біткен жоқ
-
293
-
1
-
0
-
-
7👩🍳 "Аспаздар жұмыс істеуден бас тартып отыр". Павлодарда ауруханада жатқан науқастарды тамақтандыру тоқтатылуы мүмкін
-
277
-
0
-
0
-
-
8👩🏫 Патронат тәрбиешілердің жалақысы екі есе артты
-
263
-
0
-
0
-
-
9🚈 "Қазақстан темір жолы" кей пойыздардың кешігіп жүретінін ескертті
-
263
-
0
-
0
-
-
10🚘 Алматыда аз уақытта 92 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды
-
284
-
0
-
0
-