Тікелей эфир

"Жоспарсыз шығындарға "жоқ" деңіз". Қаржы үнемдеуге арналған жеті кеңес

Invesp аналитикалық компанияның зерттеуінше, барлық сатып алудың 84 пайызы жоспарсыз, аяқасты жасалады.

Сарапшылар мұндай сатып алулар саналы тұтыну қағидасымен сәйкес келмейтінін айтады. Бұл, әсіресе, қазақстандық қоғамға тән. Бір сәттік не бір күндік қуаныш сезіміне бөлену мақсатында тауар не қызмет сатып алу жиі кездеседі. Ал бұл өз кезегінде қаржы жинауға кедергі. Осы орайда Fingramota сарапшылары ойланбай жасалатын шығындардан аулақ болуға үйрететін жеті кеңес ұсынды.

№1. Жоспарланбаған шығындардан бас тартыңыз

Мысалы, дүкенге барар алдында тізім жазып алыңыз, сіз үшін маңызды сауда туралы ойлануға өзіңізге 1-ден бастап бірнеше күнге дейін уақыт беріңіз. Түнгі ойлар таңертеңгісін пысықталады, ертең сіз бұл тауар немесе қызметті сатып алуға ойыңызды өзгертуіңіз әбден ықтимал.

№2. Жеке бюджет жүргізіңіз

Өз кірістеріңіз бен шығындарыңызды есепке алу сізге үнемдеуге және жинақтауға көмектеседі. "Шығындар" бағанына қажет емес шығындарды қысқартуға тырысып, ерекше назар аударыңыз. Маркетологтардың айлаларына түсіп қалмаңыз, олар тұтыну ғұрпы жұмыс істеп тұруы үшін қызмет етеді. Ал сіз өміріңіздің сапасын жақсарта түсу үшін және табыстарыңызды өсіру үшін өзіңіз үшін және өз пайдаңыз үшін жұмыс істеп жатырсыз. Үнемдей білген жақсы, бірақ өзіңіз бен денсаулығыңызға үнемдемеңіз. Теңгерімді сақтай біліңіз және өзіңізді тежеп те үйреніңіз.


Оқи отырыңыз: Қазақ баласы тойға қанша қаржы жұмсайды


№3. Қаражатты не үшін жинайтыныңызды есте ұстаңыз

Сізге жинақ не үшін қажетін неғұрлым анық білсеңіз, соғұрлым қажетті соманы да жинау оңай болады. Мысалы: демалыс, балаларды оқыту, жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті сатып алу және тағы басқа. 

№4. Пассивті табыс көзін жасаңыз

Мол табысқа кенелу үшін еңбекақыны арттыру немесе қызмет бабы бойынша өсуден басқа да тәсілдер бар. Мысалы, сіз шетел тілін жақсы меңгерген болсаңыз, қосымша репетитор болуға немесе аударма ісімен айналысуға болады.

№5. Қарыздан құтылыңыз

Қарыз адамдардың бәрінде дерлік бар – бұл кредиттік немесе салықтық берешектер, алименттер, пәтер ақысы бойынша борыштар және т.б. Егер сізде берешек болса, онда сізге оны өз уақытында өтеу қажет. Асқан қажеттіліксіз кредиттерге, әсіресе қажеттілігі "нөлдік" дәрежемен өлшенетін бір сәттік тауарлар мен қызметтерге тіптен жоламаған дұрыс. Кредиттерге салмақты қарау – саналы тұтынудың маңызды қағидаларының бірі.


Оқи отырыңыз: Білім беру несиесі: қарызын өтемегендерге қандай шаралар қолданылады?


№6. "Қауіпсіздік жастығы" болсын

Америкалық жазушы Наполеон Хилл "Думай и богатей" кітабында айтқандай, ең алдымен ақшаны болашаққа кейінге қалдыру керек, яғни өзіне төлеу керек. Ақшаны өзіңіздің "сақтандыру" қорыңызға жинаңыз. Бұл сізге күтпеген жағдайлар немесе негізгі кірісті жоғалту жағдайында көмектеседі.

№7. Болашаққа инвестиция салыңыз

Бастапқыда аз соманы да инвестициялай аласыз. Қанша? Бастапқыда қол үзуге дайын және сіздің бюджетіңізге зиян тигізбейтін сома. Инвестициялаудың негізгі заңы: кіріс тәуекелге сәйкес келеді, кіріс өседі - тәуекел артады. Бұл жерде біз қаржы құралдарына инвестициялар туралы айтып отырмыз. Бірақ өзіңіздің жеке өсуіңізге, білім алуға инвестициялар туралы ұмытпаңыз. Қаржылық сауаттылық туралы кітаптар мен материалдарды көбірек оқыңыз.

 

Серіктестер жаңалықтары