Тікелей эфир

Жастардың сексуалды денсаулығы туралы сайт іске қосылды

Денсаулық сақтау министрлігі мен ЮНФПА shyn.kz сайтын және Telegram желісінде чатботты іске қосты. Мобильді қосымшаны 1 қаңтардан бастап қолдануға болады.

Бұл құралдар Қазақстан Үкіметінің қолдауымен жастардың денсаулығы мен әл-ауқатына  инвестиция салуды жалғастыру мақсатында дайындалған. Аталмыш жоба - ұлттық стратегияларда көрсетілген, сонымен қатар Найроби саммитінде жарияланған жастарға қызмет көрсету жүйесін нығайту және институттандыру қадамдарының бірі.

Денсаулық сақтау министрлігі мен ЮНФПА жастардың репродуктивті денсаулығының беделін көтеру және Жастар денсаулық орталықтарын (ЖДО) нығайту бойынша үлкен жетістіктерге жетті. Алайда, деректер көрсеткендей, егер біз алға басқан прогресті жетілдіріп, ұзақ мерзімді мақсаттарға жету үшін көп нәрсе жасауымыз керек.

Байланыс өнімдерінен басқа, жастарға арналған қызметтерді күшейту мақсатында тұрақты даму стратегиясын әзірлеумен қатар елдегі Жастар денсаулық орталықтарын қаржыландыруды қамтиды. Сонымен қатар ЖДО мамандарының жұмысын регламенттейтін бірқатар хаттамалар дайындаумен психологиялық және заңдық кеңес беруде бар. Жастар орталықтарын білім мен озық тәжірибені басқа ұйымдарға беретін "ресурстық" институттарға айналдыру үшін қолдау көрсетілмек.


Оқи отырыңыз: "Секс туралы айтсаң, күле бастайды". Қазақтілді жасөспірімдердің жыныстық сауаты неге төмен?


 

"Жастар денсаулық орталығы кәмелетке толмағандарға медициналық-психологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне айналмақ. Олардың басты мақсаты - жасөспірімдер мен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және репродуктивті денсаулықты қорғау, оның ішінде ерте жыныстық белсенділікті алдын алу, контрацептивтерді қолдану, қалаусыз жүктілікті алдын-алу, отбасын жоспарлау және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы ақпараттандыру", – дейді денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният.

Денсаулық сақтау министрлігі ЮНФПА-ның қолдауымен өткізген зерттеуі көрсеткендей, 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдердің 30%-ы жыныстық қатынаста, бірақ көпшілігі контрацепцияны пайдаланбайды, ал басым көпшілігі (90%) АҚТҚ және ЖҚТБ туралы жан-жақты білімге ие емес.

Тағы бір зерттеуде жастар мен олардың ата-аналары жыныстық және репродуктивті денсаулық саласында көбірек ақпарат қажет екендігі туралы хабарлады, сонымен қатар бұл салада нақты ақпарат алуда қиындықтар бар екенін айтты.

"Жастардың жыныстық және репродуктивті денсаулығына инвестиция салу сонымен қатар олардың өз денсаулығы туралы саналы шешімдер қабылдау, некеге тұруды кейінге қалдыру және жүктілікті жоспарлау құқығын қоса алғанда, өз құқықтарын білу және жүзеге асыру, жыныстық қолсұғушылықтан бас тарту құқығы, консультация алу құқығы, АИТВ-ны қоса алғанда, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу және емдеу құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуді білдіреді. Жастарға сай, нақты және заманауи ақпарат, сондай-ақ жастарға арналған денсаулық сақтау қызметтері осы құқықтарға қол жеткізудің кілті болып табылады. Бүгін шығарылған коммуникациялық өнімдер жастарға өз денсаулығын қалай қорғауға және саналы шешім қабылдауға мүмкіндік беретін тағы бір қадам болады деп үміттенеміз", – дейді  БҰҰ-ның халықты қоныстандыру саласындағы қорының Қазақстандағы өкілі (ЮНФПА), Қырғызстан мен Түрікменстан үшін елдік директоры Джулия Валезе.

Веб-сайт, мобильді қосымша және Telegram каналындағы чат-бот екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді.

Веб-сайт - https://shyn.kz/

Telegram каналындағы чатбот - @shynkzbot

Shyn.kz мобильді қосымшасын PlayMarket-тен жүктей аласыз (тек Android ұялы телефондары үшін қолжетімді).

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары