Тікелей эфир

Жаңа әуе компаниясының билеттері екі есе арзан бағаға сатылады. Жаңалықтарға шолу

Фото Informburo.kz
Фото Informburo.kz
Рубль өсіп, доллар түсті. Алдағы күндері ауа температурасы 20 градусқа дейін суытады.

Қазақстанда дәрігерлер науқастың диагноз тарихын түсінікті жазатын жүйеге қосылады

Электронды жүйе SNOMED-CT аталады. Онда науқастардың ауру тарихы жазылады. Еліміз 2019 жылдың қаңтарынан бастап SNOMED International ұйымының толық мүшесі атанады. Бүгінде 35 мемлекет осы жүйені қолданады, Қазақстан – 36-шы ел атанбақ.

Автокөлікке чипі бар жаңа техникалық төлқұжаттар 1 желтоқсаннан беріле бастайды

Жаңа құжаттың көлемі де өзгереді. Бұрынғыға қарағанда ықшамды (5,5 см-ге 8,5 см) болады. Құжат ультракүлгін элементтері бар қорғаныс қабаты бар. Көлікке қатысты 20-ға жуық дерек жазылатын интегралды микросхемамен жабдықталған.

Депутаттар дәстүрлі емес медицинаны бақылауға алуды талап етті

Мәжіліс депупаты А.Мурадов елімізде етек жайған Қытай, Ислам медицинасы, қасиетті су, шипалы балшықпен емдеуге азаматтар қомақты қаржы жұмсайтынын айтады. Нәтижесі көңілден шықпайтын мұндай дәстүрлі емес медицина саласын ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және басқа да құзіретті органдар бақылауға алуы тиіс деп есептейді депутат.

Астаналық жұмыс берушілерге 27 млн теңге айыппұл салды

Олар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) құрылғаннан бастап күні бүгінге дейін жұмышыларына жарна аудармаған. Қорға жарна уақтылы төленбесе, Ұлттық банк белгілеген қайта қаржыландыруының ресми мөлшерлемесінен 1,25 есе өсімақы қосылады. Жұмыс берушілер жұмысшылары үшін жалақы қорынан 1,5% көлемінде аударым жасауы тиіс. Мөлшерлеме көлемі 2020 жылға дейін сақталады.

ӘМСҚ жарна төлеуден Алматы (24,1 млрд) , Астана (14,3 млрд) және Қарағанды (9,3 млрд теңге) облыстары көш бастап тұр. Бүгінге дейін қорға 113,8 млрд теңге түсті, бұл соманың 92,4%-і жұмыс берушілерге тиесілі.

Қазақстанда билеттері арзан бағада сатылатын "FlyArystan" жаңа әуе компаниясы құрылады

Air Astana базасында құрылған бюджеттік әуе компания 2019 жылдың мамыр айынан бастап өз жұмысын бастайды. 180 орындық эконом класқа жататын Airbus A320 маркалы ұшақтары бастапқыда тек ішкі бағытта ұшады. Билеттерінің бағасы нарықтағыдан екі есе арзан болады дейді.

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Аманғалиев қамауға алынды

Оған 115 мың Еуро пара алды деген айып тағылып отыр. Бұл – 4,5 миллиард теңге тұратын инвестициялық жобадан алуға келіскен 400 мың еуро параның бір бөлігі екен. Шенеунік сот шешімімен екі айға қамауға алынды.

Ал "Қазмұнайгаз өнімдері" компаниясының бас директоры Қуандық Қалмұрзинді сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро Шығыс Қазақстан облысындағы бөлімшесінің басшысынан 4,5 миллион теңге пара алып жатқан кезінде ұстады.

Қырғызстанда итті өлтірген адам сотталды

Бішкек соты Т.С. есімді азаматты итті ұрлап, өлтіргені үшін айыпты деп танып, 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды. Оған 35 сом (190 мың шамасында) көлемінде айыппұл салынды. Сот шешіміне сәйкес сотталушы Бішкектен тыс аймаққа шыға алмайды.

Рубль қымбаттап, доллар түсті

Рубльдің орташа бағамы қазан айында 5,58 теңгені құрады. Қыркүйек айына қарағанда 3% қымбаттағаны байқалады. KASE-тің таңертеңгілік сауда-саттық сессиясында рубль 5,62 теңгеге бағаланды.
Доллар бағамы шамалы төмендеген. АҚШ валютасы бүгін 370,86 теңгеге сатылып жатыр.

Қазақстандық БАҚ не жазды:

Inform.kz: Алдағы күндері 20 градусқа дейін аяз болады. Алдағы үш тәулікте күн суытып, ауа температурасы қалыпты нормадан 3.....8°С төмен түседі. Сондай-ақ, жауын-шашын, қар, тұман түседі, көктайғақ болады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда қар жауып, боран соғады. Солтүстік-батыс бағыттан жел есіп, түнгі ауа температурасы 10-15 градусқа дейін суытады. Кей жерлерде 20° аяз болуы ықтимал.
Kaztrk.kz: Қазақстан үкіметі мен Оңтүстік Корея еңбек миграциясын реттейтін келісім бекітуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметік қорғау министрлігінің Көші-қон процестерін реттеу басқармасының басшысы Дастан Айтқұлов мәлімдеді. Кореядағы шетелдік заңсыз жұмыс күшінің саны 330 мың адамнан асқан. Оның 12 000-ы – қазақстандықтар.

Поделиться:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары