Тікелей эфир

Туристік жолдамалар мен ұтыс лотереялары. Алаяқтардан қалай сақтану қажет?

Алаяқтар туристік жолдамалары мен теңіз круиздері ойнатылатын түрлі лотереялар мен ұтыс ойындарына қатысуды ұсынады.

Демалыс маусымы кезінде қазақстандықтар қолжетімді бағада демалу үшін ең тиімді және қолайлы жағдайларды табу мақсатында туристік операторлардың ұсыныстарын белсенді түрде зерттей бастайды. Азаматтардың сұранысы мен қызығушылығының артуын пайдаланып, алаяқтар қызықтыратын нұсқаларды ұсына отырып, пайда табуға тырысады.

Алаяқтар нақты нені насихаттауға тырысады және олардың қақпанынан қалай құтылуға болады? Қаржы сауаттылығын арттыруға бағытталған Fingramota.kz сайты осы сұраққа жауап берді.

Алаяқтар өз кезегінде бастапқы төлем жасап, сонымен қатар жаңа салымшыларды тартуы керек болатын басқа қатысушыларды тарту арқылы пайда табуды немесе туристік жолдамаларға үлкен жеңілдіктер алуды ұсынады. Сіз неғұрлым көп адамды тартсаңыз, алатын жеңілдік немесе табатын пайда соғұрлым қомақты болады дейді.

Алаяқтар туристік жолдамалар мен теңіз круиздері ойналатын түрлі лотереялар мен ұтыс ойындарына қатысуды ұсынады. Олардың сөзіне сенсек, көбірек қатысушы тартқан сайын, мүмкіндік те арта түседі.


Оқи отырыңыз:


"Круиздік клубтар" құрылады, онда қатысушыларға басқа азаматтар үшін қолжетімді емес немесе өте тартымды баға бойынша деген сыңаймен әртүрлі тауарлар немесе қызметтер ұсынылады. Бұл ретте олар міндетті "клуб жарнасын" сұрайды және тағы да "клубқа" жаңа қатысушыларды тартады.

Қаржы пирамидаларын құрушылардың құрығына түсіп қалмау үшін қаржы пирамидаларының мынадай негізгі белгілерін білу қажет:

  • қаржы реттеушісі лицензиясының болмауы;
  • міндетті кіру жарнасын енгізу;
  • әрбір тартылған жаңа қатысушы үшін бонустар алу және кейінен басқа салымшылар енгізетін ақшадан сыйақы төлеу;
  • салымдардың сақталуына кепілдіктің болмауы;
  • БАҚ-тағы, әлеуметтік желілердегі және Интернеттегі басым жарнама.

Егер сіз өз ақша қаражатыңызды сеніп тапсырғыңыз келетін ұйымда осы аталған белгілердің бірнешеуі немесе біреуі байқалса, ондай қызметтерден бас тарту керек.

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары