Тікелей эфир

Қазақстан мектептеріне қытай тілін оқытуға арналған 27 млн теңгенің кітаптары табысталды. Жаңалықтарға шолу

Элиталық үйлердің иелері бюджетке 30 млн теңге берешек. Биылғы жазғы маусымда 266 адамның ажалы судан келді.

Мұнай-газ саласындағы басшылық қызметтерге отандық мамандарды тарту керек

Атырау облысына жұмыс сапары барысында Президент Қ.Тоқаев осылай деп мәлімдеді. Мемлекет басшысы өңірде мұнай-газ саласын дамыту мәселелері жөнінде жиын өткізді. Үкіметке консорциумның мердігер мекемелерімен бірігіп қысқа уақыт ішінде Қашаған кен орнын толықтай игерудің жол картасын келісуді тапсырды.

Қ.Тоқаев шетелдік инвесторлар тартылған жобаларда мемлекет мүддесін қорғау қажеттілігін атап өтті. Бұл ретте мұнай-газ саласындағы жобаларды жүзеге асыруға, әсіресе басшылық қызметтерге отандық мамандарды тартудың өзектілігі айтылды. Үкіметке жер қойнауын өндірушілермен сапалы мамандарды дайындау тапсырылды.

Қытай компанияларында 95% қазақстандықтар жұмыс істейді

Бұл туралы айтқан ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ж.Қасымбек "Қазақстан аумағына бірде-бір ескі зауыт кіргізілмеген, барлық жоба жаңа" деді.

Үкімет басшысының орынбасары 3 қыркүйекте Қапшағайда іске қосылған күн электр станциясын мысалға алды. "Жобаға 30 адам жұмысқа тартылды, бәрі де –Қазақстанның азаматы" деді ол.

Осы орайда Ж.Қасымбек жаңадан ашылатын Қазақстан-Қытай кәсіпорындарында 20 мыңға жуық жұмыс орны ашылатынын мәлім етті. Сөзіне сенсек, олардағы 95% астам жұмыс орны Қазақстандықтарға беріледі.

Алматыда элиталық үйлердің иелері бюджетке берешегі – 30 млн теңге

Медеу аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасы таратқан мәліметке сүйенсек, қарыз иелерінің үйлері Медеу ауданындағы Достық, Қыз Жібек, Оңдасынов, Горная, Көктөбе, Горный гигант шағын аудандарында орналасқан. Мәселен, Қыз-жібек көшесінде орналасқан аумағы 750 шаршы метр болатын, құны 95 млн теңге коттедждің қожайыны 1,5 млн теңге салық төлемеген.

Егер олар қарыздарын келер аптаның соңына дейін төлемеген жағдайда, салық органдары олардың аттарын БАҚ арқылы жариялауға мәжбүр. Тізімде атақты адамдар да бар көрінеді.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ Бас директорлығына Германиядан келген маман тағайындалды

"М. Кортюм – темір жол саласында, оның ішінде жолаушылар тасымалында мол тәжірбиесі бар маман. Қайта құру мен жобалауда, жаңа стратегияны жүзеге асыруда тәжірибесі мол, талай ірі жобаларды іске қосқан" деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Соңғы жылдары М. Кортюм Таяу Шығыс пен Солтүстік Германия бойынша компанияның өндіріс жөніндегі Бас директоры, "DB Engineering&Consulting" компаниясының бас директоры, "ValueEngineering / Asia and Pacific" және "DB Engineering&Consulting" атқарушы директоры болған.

Астана әкімдігі тұрғындарға көмірді ертерек сатып алуды ұсынды

"Бүгіндері қала бойынша көмір қоры 20 мың тоннаға артық" деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергеикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы отын-энергетикалық ресурстар басқармасының басшысы Мақсат Есмағұловтың айтуынша жылыту маусымы кезінде елордалықтар 500 мың тоннаға дейін көмір алады.

Қалалық әкімдік ресми көмір жеткізушілермен меморандумға қол қойыпты. Соған сәйкес сату орындары отынды тек белгіленген баға бойынша жүзеге асырады. Олардың мекен-жайлары мен бағасы туралы кез келген уақытта 109 нөміріне қоңырау шалу арқылы білуге болады.

Қазақстанда азаматтығы анықталмаған 5000 адам бар

Оның ішінде 300-ге жуық бала туғанда тіркелмеген, туу туралы куәлігін алмаған. Біріккен Ұлттар ұйымының босқындар ісі жөніндегі агенттігі Қазақстан үкіметін азаматтығы жоқ адамдарды тіркеуге шақырды. Халықаралық ұйымдың кеңесшісі Кэрол Батчелор Орталық азияда азаматтығы жоқ тұлғалар мен мигранттардан туған балаларды тіркеу үлкен мәселе болып отырғанын айтады.

"Қытай тілі Қазақстанда кеңінен қолданылуы керек"

"Сол үшін оны мектеп табалдырығынан оқып үйренген тиімді" дейді Қытай халық республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо. Дипломат Қазақстан мен Қытай арасында мәдени-гуманитарлық байланысты белсенді дамыту қажет деп есептейді.

Қытай елшілігі оқулықтарды табыстауға арналған 27,5 млн теңгенің сертификатын әрі қарай мектептерге бөлу үшін Білім және ғылым министрлігіне тапсырды. "Бұл – қытай тілі енгізілген мектептерге көмектесуге арналған жыл сайын өткізетін дәстүрлі шара. Біздің екі тарап үшін өте маңызды" деп атап өтті елші.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің халықаралық ынтымақтастық департаментінің директорының м.а. Эльмира Асанның айтуынша, Қазақстандық ЖОО-да грантпен Қытайдан келген 1300 студент оқып жатыр. Шамамен осындай қазақстандық студент Қытайда оқып жатқан көрінеді.

Қазақстандық БАҚ не жазды:

Inform.kz: Биылғы жазғы маусымда 266 адамның ажалы судан келді. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің дерегінше, 242 адам, оның ішінде 80 бала жабдықталмаған жерлерде суға түсіп, батып кеткен. Е ересектердің қарауынсыз қалған 24 баланың да ажалы судан болды. Сондай-ақ мас күйінде суға шомылған 23 адам мерт болды. Суға түсу маусымы басталғаннан бері жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 269 адамды, оның ішінде 85 баланы құтқарды.

24.kz: 1$ = 387,73 теңге. Қазақстан қор биржасының бүгінгі сауда сессиясының қорытындысы бойынша бір доллардың орташа бағамы 387,73 теңге болды.

Серіктестер жаңалықтары