Тікелей эфир

Үлкен Алматы көліне баратын жол үш жылға жабылады

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды
Қазір мұнда селден қорғайтын бөгеттердің құрылысы жүріп жатыр, ол шамамен үш жылға созылады.

Үлкен Алматы көліне баратын жолды үш жылға жабу жоспарлануда. Бұл туралы almaty.today өзінің Instagram-аккаунтында хабарлады.

Алматы Туризм басқармасы басшысының орынбасары Марат Айнабековтың айтуынша, қазір мұнда селден қорғайтын бөгеттердің құрылысы жүріп жатыр, ол шамамен үш жылға созылады.

"Бүгінде онда селден қорғайтын бөгеттің құрылысы жүріп жатыр. Ол шамамен үш жылға созылады. Сондықтан жолды ашу мәселесі кейінге шегеріліп отыр және ол селден қорғайтын бөгеттердің құрылысы аяқталғаннан кейін ғана ашылуы мүмкін. Сонымен қатар, қазір көл жолының айналасында жүруге тыйым салу мәселесі тұр. Төтенше жағдайлар министрлігі бұл жолмен жүру қауіпсіз емес екендігін айтады", – деді Қазақстан туристік қауымдастығы ұйымдастырған вебинарда Марат Айнабеков.


Оқи отырыңыз: Іле Алатауы ұлттық паркінде визит-орталық ашылды 


Қауымдастық директоры Рашида Шайкенова Аюсай шатқалындағы танымал визит-орталыққа сол жол арқылы бару мәселесі де маңызды екенін атап өтті.

"Біз ТЖ министрлігімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз, балама жол ұсынуды сұраймыз. Онда туристік орындар бар екенін және ішкі туризмді дамыту қажет екенін түсіндіреміз. Бірақ мәселе әлі де келіссөздер сатысында", – деп жауап берді Марат Айнабеков.

2020 жылғы наурызда Үлкен Алматы өзеніне апаратын жолдың кейбір учаскелері қауіп төндіргендіктен, барлық көлік түрлеріне белгісіз мерзімге жабылды. Қазір туристер Үлкен Алматы көліне жаяу ғана бара алады.

Серіктестер жаңалықтары