Тікелей эфир

Ардагерлер мен зейнеткерлер санаторийге қалай тегін жолдама ала алады? Түсіндірме

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
Жолдама Қазақстандағы кез келген санаторийге жарамды.

Алматыда ардагерлер мен зейнеткерлер санаторийге жеңілдік ала алады. Алматы қаласының әкімдігі оны қалай алуға болатынын түсіндірді.

№1. Кімдер санаторлы-курорттық емделуге ақша ала алады?

  1. Ұлы Отан соғысының ардагерлері – жолдаманың шығыны толық өтеледі;
  2. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жесірлері – базалық зейнетақыны есептемегенде алатын зейнетақы мөлшерінің 25 пайызы төленеді;
  3. Еңбек ардагерлері – базалық зейнетақыны (37 781 теңге) есептемегенде алатын зейнетақы мөлшерінің 25 пайызы төленеді;
  4. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3 еселенген мөлшерінен аспайтын зейнеткерлер (қазір 143 217 теңге) базалық зейнетақыны есептемегенде алатын зейнетақы мөлшерінің 25 пайызы төленеді. 

№2. Әлеуметтік көмек аясында қайда емделуге болады?

Санаторлы-курорттық емделуге әлеуметтік көмек алған барлық ардагер мен зейнеткер Қазақстандағы кез келген санаторийлерге бара алады.

№3. Санаторий жолдамасын ішінара төлеу үшін не істеу керек?

Құжаттар мен өтінішті санаторийге барғанға дейін 10 күнтізбелік күн бұрын аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өткізу қажет. Бұл үшін 60 күнтізбелік күн беріледі. Бір жұмыс күні ішінде оларды учаскелік комиссияға жібереді. 

№4. Жеңілдіктер алу үшін қандай құжаттар қажет?

Жолға шыққанға дейін жеке куәлік пен жолдаманы санаторийге жіберу керек. Бұл өтемақы туралы өтінішті дайындау үшін өз қаражатыңызбен кетіп бара жатқаныңызды хабарлауға қажет. 

Демалыстан кейін жұмсалған қаражатты қайтару үшін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жолдама мен чекті өткізу керек.

№5. Ардагер мен зейнеткердің күтушісіне шипажайға жеңілдік беріле ме?

Әлеуметтік көмек тек ардагерлер мен зейнеткерлерге ғана беріледі.

Барлық басқа мәселе бойынша аудандық әкімдік жанындағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуға болады.

№6. Анықтама телефондары:

  • Алатау ауданы – 395 36 05, 395 36 06;
  • Алмалы ауданы – 261 08 40, 261 02 81;
  • Әуезов ауданы – 277 11 95, 276 50 56;
  • Бостандық ауданы – 392 22 87, 392 22 31;
  • Жетісу ауданы – 279 86 29, 279 83 05;
  • Медеу ауданы – 291 75 55, 291 57 04;
  • Түрксіб ауданы – 232 73 47, 232 77 98;
  • Наурызбай ауданы – 385 59 40, 385 59 28.
Серіктестер жаңалықтары