
Шілденің бірінші жексенбісінде Қазақстан Домбыра күнін атап өтеді. Бұл – ғасырлар бойы қазақ халқының рухани болмысын, көшпелі мәдениетін, поэзиясы мен әншілік дәстүрін дәріптеген ұлттық аспапқа арналған ерекше мереке. Соңғы жылдары домбыра өнері жаңа серпінмен қайта түлеп, әлеуметтік желілер арқылы жастар арасында кеңінен танымал бола бастады. Әсіресе TikTok платформасында ұлттық музыканы заманауи форматта насихаттап жүрген домбырашы-креаторлардың қатары артып келеді. Бүгінде ең танымал 10 орындаушының жиынтық аудиториясы 1 миллионнан асып, олардың видеосы 17,9 миллионнан астам лайк жинаған.
Мереке қарсаңында Informburo.kz желіде домбыраны насихаттап жүрген танымал парақшаларға шолу жасады.
@amandyk.kuandyk
TikTok желісіндегі танымал домбырашы. Парақшасына 232,8 мыңнан астам адам жазылып, бейнелері 3,8 миллионнан астам лүпіл жинаған. Ол тек қазақтың дәстүрлі күйлерін ғана емес, сонымен қатар түркі халықтарына ортақ шығармалар мен заманауи фильмдердің саундтректерін де домбырада шебер орындайды. Оның ұлттық рухты заманауи креативпен ұштастыра білген туындылары кең аудиторияның қызығушылығын тудырып келеді. Атап айтқанда, "Ер Тұран" композициясын орындаған видеосы TikTok-та 10,4 миллионнан астам қаралым жинаған.
@aman.dombyra #turan #turanbirliği🇹🇷🇦🇿🇺🇿🇰🇿🇰🇬🇹🇲 #turkey🇹🇷 ♬ оригинальный звук - 𝑨𝒎𝒂𝒏 𝑫𝒐𝒎𝒃𝒚𝒓𝒂
@amandyk.dombyra
Белгілі домбырашы Амандық Қуандықтың екінші аккаунты. Парақшасында 112,4 мың жазылушы бар, шығармашылығы 1,4 млн адамға ұнаған. Бұл парақшада ол музыкалық курстар, күй үйрету сабақтары мен танымдық видеолар арқылы ұлттық музыканы кеңінен насихаттауға атсалысып жүр. Контентінен кәсібилік пен жүйелілік айқын көрінеді, ал мазмұны білім берумен қатар, дәстүрлі өнерге деген қызығушылықты арттыруға бағытталған.
@amandyk.dombyra Хас жүйрікте сын болмас 🐎
♬ оригинальный звук - Амандық Домбыра
@zhaksouldombra
Парақшасында 233,9 мың жазылушысы және 3,9 миллион лүпілі бар танымал креатор. Ол заманауи хит әндерді домбырамен орындау арқылы жастардың көзайымына айналды. Eminem-нің әйгілі “Mockingbird” композициясын домбырамен орындаған бейнесі 4,4 млн қаралым жинап, көпшіліктің ықыласына ие болды. Шығармашылығында ұлттық аспап пен заманауи стильді үйлестіре білген орындаушы өзіндік мәнерімен ерекшеленеді.
@zhaksouldombra EMINEM- MOCKINGBIRD (DOMBYRA COVER) для Дочи. #slimshady #eminem #cover #mockingbird #домбыра ♬ оригинальный звук - zhaksouldombra
@a.akhmetova
Домбыра өнеріндегі нәзік шеберлігімен танылған орындаушы. Парақшасында 111,1 мың жазылушысы бар және видеоларына 1,9 млн адам лүпіл басқан. Ол “Алаш” туындысын оркестрмен бірге орындаған видеосы арқылы кең аудиторияның назарын аударып, 4,2 млн қаралым жинаған. Қазақ қыздарының өнердегі жаңа буынының жарқын өкілі ретінде ұлттық мұраны заманауи форматта дәріптеп жүр.
@a.akhmetova АLАŞ 🇰🇿❤️ #домбыра #алаш #қазақстан #рекомендации #реки #fyp #qazaqstan #dombyra #рек #домбырашықыз #күй ♬ оригинальный звук - Аида Ахметова
@kamikernai
Парақшасында 108,7 мың жазылушысы және 1,9 миллион лүпілі бар ерекше орындаушы. Ол классика мен заманауи музыканы үйлестіре отырып, тыңдарманын ерекше әуен әлеміне жетелейді. Домбырамен қатар жетіген аспабында да еркін ойнайды. “Хафиз” күйін жетігенде орындаған видеосы 4,2 миллион қаралым жинап, кең аудиторияның ықыласына бөленген. Оның шығармашылығына музыкалық білім мен жанрлық әртүрлілік тән.
@kamikernai Домбыра - Арсланбек Сұлтанбеков 🙌🏻 #dombyra #turkey #turan ♬ оригинальный звук - КАМИ КЕРНАЙ | Домбырашы қыз
@dombrat
TikTok желісінде 99,9 мың жазылушысы бар, видеоларына 1,8 млн адам лүпіл басқан контент жасаушы. Ол танымал әндердің домбырамен орындалған нұсқасын тұрақты түрде жариялап, ұлттық музыканы насихаттап келеді. Сонымен қатар қазақтың дәстүрі мен тұрмыс-тіршілігіне қатысты қысқаша, танымдық видеолар ұсынып, көрерменнің қызығушылығын оятады. Музыка мен мәдениетті үйлестіре білген шебер контент иесі.
@dombrart Бұл да бір керемет ән ғой🥰 #домбыра #казахстан #қазақстан #қазақ ♬ оригинальный звук - Белес | Dombrart
@serper.dombyra
Кәсіби домбыра жасайтын шеберхананың ресми парақшасы. Парақшасында 82,9 мың жазылушы және 1,1 миллион лүпіл бар. Бұл аккаунт қазақ музыкасын ұжымдық форматта насихаттап, дәстүрлі өнерді кең аудиторияға заманауи тәсілмен жеткізеді. Ерекше форматтардың бірі – көшедегі адамдарға домбыра тартқызады. Осылайша парақша ұлттық музыканың өміршеңдігін креативпен ұштастырып көрсетеді.
@serper.dombyra 8-жасыңызда домбыра тарта алдыңыз ба? Сіз 8 жасыңызда не істей алдыңыз? #домбыра #қазақстан #күй #клиенты #бесплатнаядоставка #скидки #жиза #отзывы #жұмыс #вэтотдень ♬ оригинальный звук - “Serper” шеберханасы
Оқи отырыңыз: Абай мен Шәкәрім, Махамбет пен Біржан салдың домбырасы сақтаулы Ықылас музейінен фоторепортаж
@baq.dombyra
Бұл домбыра үйірмесіне тиесілі аккаунт. Мұнда заманауи әндердің кавер-нұсқалары ұлттық аспапта орындалып, жастардың назарын дәстүрлі өнерге аударуға басымдық беріледі. Контенті арқылы домбыраның мүмкіндігін кеңінен көрсетіп, ұлттық музыканы жаңа буынға жақындата түседі. Қазіргі таңда 61,8 мың жазылушысы бар және 552,7 мың адам лүпіл басқан.
@baq.dombyra Әр қазақ домбыра тарта білуі керек❤️ ата-бабамыздың аманаты Домбыра. #baqdombyra #домбыра #күй #домбырашы #🇰🇿🇰🇿 #қазақ #күйші ♬ оригинальный звук - BAQ.DOMBYRA
@vsem_dombra
TikTok-та 58,6 мың жазылушысы бар парақша, оның бейнелерін 890,8 мыңнан астам адам ұнатқан. Бұл аккаунт домбыра өнерін көпшілікке оңай әрі тартымды жолмен таныстырып, ұлттық музыканы насихаттауға бағытталған. Сонымен қатар тек музыкалық емес, қазақ тілі мен мәдениетін де қатар үйрететін танымдық әрі пайдалы контент ұсынады.
@vsem_dombra Наурыз құтты болсын! Оставляйте комментарии под видео!#акыныч #всемдомбра #казахстан #наурыз ♬ оригинальный звук - Акын Акыныч Всем Домбра 👋🏼🤓
@nurkam.24
TikTok-та 34,9 мың жазылушысы бар парақша, оның бейнелерін 661,3 мыңнан астам адам ұнатқан. Парақша тек домбыраға арналмағанымен, ұлттық аспаппен орындалған кейбір видеолары миллиондаған қаралым жинап, кең аудиторияның ықыласына бөленген. Атап айтқанда, "Адай" күйі – 1,9 млн, "Ерке сылқым" – 1,2 млн, ал "Көк туды" орындаған видеосы 11,1 млн қаралым жинаған.
@nurkam.24 Қазақ болып тумағанда нетер ем? #қазақстан🇰🇿 #көкту🇰🇿 #алматыказахстан #qazaqstan🇰🇿 #нағызқазақ #домбырашықыз #fypシ #рекомендации❤️ #хочувреки ♬ оригинальный звук - Нурка🥰
Сонымен қатар TikTok-та #домбыра, #dombra, #dombyra, #домбра хэштегімен 64 мыңнан астам видео жарияланған. Бұл – қазақ халқының бай музыкалық мұрасын жаңа буынға лайық форматта жеткізудің жарқын мысалы.