Тікелей эфир

Тұтынушылардың құқығын қорғау тарихы мен ондағы қоғамдық ұйымдардың рөлі қандай?

freepik.com
freepik.com
Тұтынушы деген кім? Ол – бәріміз. Біздің әрқайсымыз тұтынушымыз.

Заңға сәйкес, тұтынушы – жеке, отбасылық, тұрмыстық және басқа да кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес қажеттіліктер үшін өнімді (жұмысты, көрсетілетін қызметті) тапсырыс беруге және (немесе) пайдалануға ниетті азамат. Тұтынушылардың құқығын қорғау – тұтынушы мен кәсіпкерлік субъектілері арасында туындайтын қатынастарды реттеуге бағытталған мемлекет және қоғамдық қозғалыстар жүзеге асыратын шаралар кешені.

Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасы елдің Конституциясына негізделеді және өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Тұтынушылардың құқықтарын құқықтық реттеу Рим императорлары тұсында пайда болды. Бұл туралы авторлар С. Романовская мен С. Мороз "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау" кітабында жазады. Олардың пікірінше, императорлар тауарлардың кейбір түрлеріне тұрақты баға белгілеу арқылы бағаның өсуімен күрескен.

freepik.com 

177 жылы император Комод бағаның өсуіне қарсы күресу үшін қарапайым Рим халқы үшін бағаны өсірген қастандық жасаушыларды жазалаған. Дигест XIX кітаптың бірінші атауында сатып алу-сату шартының талаптарын бұзу туралы шағымданудың алғашқы жағдайларын қарастырды. Римдік заңгерлер адалдық принципі – bona fides қағидасын әрқашан бірінші орынға қойған.

Бүгінгі заманға оралсақ, мемлекет басшысы тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыру халықтың әл-ауқатының маңызды аспектілерінің бірі екендігін бірнеше рет айтқан болатын.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті орган реттеу және мемлекеттік бақылаумен айналысады, сонымен қатар тұтынушылардың құқықтарын қорғауды іс жүзінде жүзеге асыру процессінде қоғамдық бірлестіктер маңызды рөл атқарады.

Мемлекеттік мекеменің үкіметтік емес сектормен бірлескен жұмыс істеу жүйесі Германия мен Польшада бұрыннан бар.

Сауда министрлігінің сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау аймақтық департаменттері тұтынушылардың құқықтарын қорғаумен айналысатын қоғамдық бірлестіктермен бірлесе тұрақты тұрде жұмыс жүргізеді.

"Біз мемлекеттік органмен бірлесіп коммуналдық қызмет, медициналық қызмет көрсету, тұрмыстық қызмет көрсету және білім беру салаларындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін, сондай-ақ бизнес өкілдерінің тиісті жауапкершілігін қарастырдық. Тұтынушыларға олардың заңды құқықтарын түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізуді жоспарлап отырмыз", – дейді "Әділет" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркін Томпиев.

Мемлекеттік орган мен қоғамдық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың нәтижесінде азаматтардың тұтынушылық сауаттылығы мен талапшылдық деңгейі артуы тиіс.

Қазіргі таңда көбінесе азаматтардың медициналық қызмет көрсету, байланыс қызметтері, қалалық қоғамдық көліктер мен қоғамдық тамақтандыру қызметтерінің сапасына көңілі толмайды. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру үшін үкімет заңнамаға түзетулер әзірлеп қойған. Осылайша, тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша омбудсмен институтын енгізу жоспарланып отыр.

Ұлттық тенденция адам құқықтары жөніндегі омбудсмендердің, кәсіпкерлердің, инвесторлардың, балалар, банк және сақтандыру салаларындағы өзектілігі мен қажеттілігін көрсетеді.

Дегенмен, бүгінгі күнге дейін оқылық бар – ол тұрғын үй-коммуналдық секторында, байланыс, туризм, медициналық қызмет көрсету, ішкі сауда, көлік және басқа да тұрмыстық қызмет көрсету салаларында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша қоғамдық-саяси тұлғаның жоқтылығы.

Омбудсмен институты тағайындалған тұлғаға ерекше қоғамдық мәртебе береді, ол тұтынушылар қауымының көзі мен үні, қоғамдық бірлестіктердің үйлестірушісі қызметін атқарады.

2022 жылы жүргізілген социологиялық сауалнама нәтижелері бойынша 10 мың респонденттің 56 пайызы Омбудсмен институтын енгізу қажет деп санайды. Оның негізгі функциялары кеңес беру, тұтынушылардың мемлекеттік мекемелерінің жұмысын үйлестіру, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жұмыстарына қатысу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласы бойынша жыл сайынғы есепті әзірлеу, тұтынушылардың шектеусіз санының құқықтарын қорғау болады.

Сонымен қатар, заң жобасы тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың негізгі қағидаттарын қызметтерді тұтынудың барлық салаларына таратуды ұсынады.

Қолданыстағы заң тиісті заңдармен реттелетін қаржылық, әлеуметтік, медициналық, туристік және басқа да қызмет көрсету салаларындағы мәселелерді реттеуде қолданылмайды. Нәтижесінде, осы қызмет түрлері бойынша дауларды қарау кезінде соттар «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңның нормаларын назарға алмай, заңның 2-бабына сілтеме жасайды.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, байланыс, туризм, мәдениет, сауда, көлік және басқа да тұтынуға қызмет көрсету салаларын реттейтін нормативтік құқықтық актілермен құқықтық қайшылықтар бар.

Осыған байланысты Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманың нормаларына қаржылық және ақылы қызметтерді қоспағанда, қызмет көрсетудің барлық салаларында "Тұтынушылардың негізгі құқықтары" мәртебесін беріп, жоғары айтылған салаларға тұтынушылардың құқықтарын қорғау ережелерін қолдану ұсынылады. Өз кезегінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіру күшейтілетін болады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары