Тікелей эфир

"Шетелдің сапасыз тауарын кіргізбейміз". Еуразия Экономикалық Одағындағы 27 кедергі

Сурет informburo.kz
Сурет informburo.kz
Жаңа құрылған министрлік не істеп жатыр? "Kaz Trade" деген не? Шетелден кіретін тауарларды бақылау үшін не істемек? Экспортты арттыру туралы не деді?

ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов баспасөз мәслихатын өткізді.

Жаңа құрылған министрліктің жұмыстарын жүргізу үшін ел кезіп кеткенін айтқан Бақыт Сұлтанов өзін "Саяхатшы саудагер", яғни "коммивояжер" деп атады.

Сонымен бірге жұмысты ілгерлету үшін "Сауда және интеграция министрлігінің қоғамдық кеңесі" құрылғанын да мәлімдеді. Оған коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың өкілдері кірген.

Шенеуніктер үшін "жол картасы" қызметтік мәтелге айналған

Сауда және интеграции министрі Бақыт Сұлтанов шикізаттық емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді ілгерілету жөнінде жол картасы бекітілгенін хабарлады.

– Құжатта тауарды шетел нарығына шығарған кезінде кедергілерді азайтуға, экспортталған өңделген тауарлар легін кеңейтуге, сондай-ақ экспорттаушыларды қолдаудың қаржы және қаржы емес шараларын күшейтуге ерекше назар аударылған, – деді ол.


Бақыт Сұлтанов

Бақыт Сұлтанов / Сурет informburo.kz


Жол картасы аясында машина жасау саласында, шағын және орта бизнесті несиелеудің ең төменгі ставкасын ұсыну, өңдеуші өнеркәсіптің ірі кәсіпорындарына несие ставкаларын субсидиялау, үшінші елдерде қоймаларды ұйымдастыру және басымды мен жоғары мүдделі елдермен бірге құрылыс қызметтердің стандарттары мен техникалық талаптарын өзара тану жоспарланған.

"QazTrade" құрылды. Ол – қандай ұйым?

Министр экспорттаушылар үшін "Бір терезе" – "QazTrade" құрылғанын хабарлады.

Сұлтановтың баяндауы бойынша, "QazTrade" экспорттаушы мен мемлекеттік орган арасында агент рөлін атқаратын болады. Шетелде біздің "QazTrade" сауда өкілдіктерінің сыртқы кеңселері болады.

Қазақстан қай елдерде сауда өкілдіктерін ашып жатыр?

Бақыт Сұлтановтың хабарлауынша ол:

– 2019 жылдың соңына дейінқосымшакеңселер ҚХР-да, жаңа өкілдіктерТүркияда, Үндістанда, Иранда, Өзбекстанда, Ауғанстанда, Польша мен Чехияда ашылатын болады.

Қазақстандық тауарларды шетел нарығында ілгерілету үшін "мүдделілер" жұмыс істейтін болады, – деді министр.

Министрліктің жұмысы үш негізгі бағытта қалыптастырылған:

  • 1. Ішкі сауда.
  • 2. Экспортты қолдау.
  • 3. Сауда дипломатиясы.

Шегарадан сапасыз тауарлар өтпейтіндей етуіміз керек

Б.Сұлтанов біздің техникалық талаптар бойынша сапаны растаудан өтпеген тауарларды елімізге кіргізуге тыйым салуды ұсынды.

– Өкінішке қарай, біздің сауда жүйеміздің делдалдыққа құрылғанын мойындау керек. Алып-сатарлар, соның ішінде импорттаушылар өнімнің сапасына мүдделі емес, оларды тез табыс табу ғана қызықтырады.

Әрі олар үнемі сертификаттарды сатып алады немесе сәйкестікті растау рәсімін бұзушылықпен аккредиттеу органдарына тексертпей, жалған "қара" құжаттар алып алады. Сол үшін адал кәсіпкерлерді бірлесуге және ішкі нарықты осындай алаяқтардан бізбен бірге қорғауға шақырамыз, – деді.

Бақыт Сұлтанов шетелден кіретін "импорт қоқысқа" тосқауыл қоюды және алдын ала сынақтарсыз өнімді Қазақстан аумағына кіргізуге тыйым салуды ұсынатынын айтып, импорттаушыдан келетін тауардың сапасын, техталаптарға сәйкестігін алдын ала растағаннан кейін оның шекарадан өтуіне рұқсат беру керек екенін ескертті.

Көлеңкелі бизнесті тізгіндеу үшін

Министрлік көлеңкелі айналымға және контрафактіге қарсы іс-қимылдың пәрменді құралдарының бірі ретінде тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесін енгізуі ұсынған.

Онда зертханалық база арқылы сәйкестікті бағалау жүйесінің жүргізбек. Мәселен, Кентау трансформатор зауытының негізінде жоғары вольтты жабдық бойынша сынақ зертханасы құрылыпты. Зертханалық сынақтардың нәтижелері мен сапаның сәйкестік сертификаты ЕАЭО-ның барлық елдерінде танылатын болады.

– Қазір таңбалау бойынша пилоттық жобалар темекі мен алкоголь өнімдеріне, аяқ қиімге, дәрі-дәрмек заттарына қолданылады. Таңбалау тетігін енгізгеннен Қазақстанның эконмикасына оң мультипликативті тиімділікті күтуге болады, – деді Бақыт Сұлтанов.

Техникалық реттеуді жетілдіру арқылы сапа мен сауданы дамытпақ

– Егер біздің жоғары сапалы тауарымыз Еуропада саталып, бәсекеге қабілетті болса, онда ол әрине, біздің елде де осынша жоғары сапалы болады, яғни техникалық реттеу саласын жетілдіру арқылы біз өзіміздің өндірісіміз бен сауданы жаппай сапалы дамытуға ынталандырамыз.

Өздеріңізге белгілі, қазір қазақстандық азық-түлік тауардың тұтынушыларға қолжетімділігін жеңілдету үшін сөрелік кеңістіктің кемінде отыз пайыз сауда алаңы және сауда үстемесін шектеу туралы қағидалар қолданылуда, – деді министр Бақыт Сұлтанов.

Тоқаев "Alibaba"-ның негізін салушымен кездесуі мүмкін

Кеше ғана Қытайлық бай саудагер Али Баба интернет сауда желісінің иесі Ма Юннің (Джек Ма) Абайдың өлеңін қытайша оқығанын естідік. Бұл да бекер емес секілді.

Aibaba.com – әлемдегі ең үлкен интернет сауда платформаларының бірі. Қазақстандықтар да одан ондаған электронды сауда дүкендерін ашып үлгірген.

– Алда Преиздент Қытайға сапарға барады. Онда осы сауда мәселесі де қаралады. Сондай-ақ, енді сатып алушының құқы кәдімгі саудада сияқты электрондық саудада да сол шамада қорғалатынын қосымша атап өтемін, – деген министр Alibaba-мен жұмысты кеңейту үшін әзірліктер жасалып жатқанын айтты.

Еуразиялық экономикалық одақ бойынша 27 тосқауылды анықтадық

– Министрлік Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігінде өзара сауданы дамытуға кедергі болатын тосқауылдарды жою бойынша жұмысты тұрақты негізде жүргізеді.

Бізге кедергі жасайтын 27 тосқауылды анықтадық. Бұлар – ЕАЭО ішкі нарығында жұмыс істеу, мемлекеттік сатып алу, салық әкімшілігі, еңбек көші-қоны, АӨК, техникалық реттеу. СФС шаралары, энергетика, көлік және кеден саясаты салалары туралы да айтуға болады, – деді Бақыт Сұлтанов.

Министр осы мәселеге байланысты басқа меморгандарымен, өңірлік өкіметтермен, салалық қауымдастықтармен, "Атамекен" ҰКП бірлесіп әріптес мемлекеттердің нарықтарында осы кедергілерді жою жөнінде арнайы "Жол картасын" іске асырып жатқанын жекізді.

Тағы да "уәде" және "өзгеріп жатқан заң нормалары" туралы

Министрліктің жұмыстарының піспегені белгілі болды. Олай дейтініміз, барлық мәселеге нақты шешім жоқ. Тек "жасап жатырмыз", "Солай ету керек", "Иә, оны заңдық өзгеріске енгіземіз" деген сөздерінен де соны аңғардық.

Біздің қойған "Қарапайым ет өндіріуші, "сертификаты бар" монополистерсіз "Kaz Trade"-ке қалай қосылатын сұрағымызға да осылай жауап берді.

Алда не істейтінін тағы да көре жатармыз.

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары