Тікелей эфир

Шетел университеттерінде тегін білім алуға болады. Гранттар мен стипендиялар топтамасы

Сурет shutterstock.com сайтынан алынды
Сурет shutterstock.com сайтынан алынды
Қазақстандық жастарға АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Австрия, Венгрия, Әзербайжан, Түркия, Словакияда тегін білім алу мен тағылымдамадан өту мүмкіндігі бар.

Informburo.kz шетелде білім алғысы келетін ел жастарына ең қолайлы әрі тегін білім алу және тағылымдамадан өтуге арналған гранттар мен стипендиялар топтамасын ұсынады.

Әзербайжан мемлекетінің оқу гранттары

2020-2021 оқу жылында Әзербайжан Республикасының жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің азаматтарына арналған білім гранттарына іріктеу жарияланды. Ұйым құрамындағы әр елге 2 орыннан квота (1 негізгі, 1 қосалқы) беріледі. Қазақстан 1995 жылдан бастап осы ұйымның мүшесі.

Оқыту гранттары:
  • Оқу ақысын;
  • Әуе билеттерін (жылына бір рет);
  • Тамаққа, жатын орынға және коммуналдық қызметке арналған ай сайынғы стипендияны (800AZN);
  • Медициналық сақтандыруды;
  • Виза және тіркелу шығындарын қамтиды.

Оқи отырыңыз: Америкада тегін оқуға ауыл баласына да жол ашық

Бакалавриат және жалпы медицина бағдарламасына – 25 жасқа дейінгі, магистратура мен резидентураға – 30 жасқа дейінгі, докторантураға 40 жасқа дейінгі азаматтар құжат тапсыра алады.

Құжаттар:

  • Өтінім беру формасы;
  • Бакалавр бағдарламасына тапсырушылар – аттестат, қалған бағдарламаларға – дипом мен транскрипт;
  • Паспорт көшірмесі;
  • Жалпы денсаулығы туралы құжат (ВИЧ/СПИД және В, С гепатит тестілері);
  • CV (түйіндеме);
  • Мотивациялық хат;
  • Ағылшын тілін білу деңгейін растайтын құжат (шет тіліндегі бағдарламалар үшін: бакалавриат – IELTS 5, TOEFL 40, басқа бағдарламаларға – IELTS 5.5, TOEFL 50).

Барлық құжат ағылшын не орыс тілдеріне аударылып, нотариуспен расталуы қажет.
Құжаттар 2020 жылдың 15 ақпанына дейін қабылданады.

Ағылшын тіліндегі толық ақпарат мына жерде.

Оқи отырыңыз: Шетелде бакалавр оқу үшін дайындықты 9-сыныптан бастау керек

Орталық Еуропа университеті

Орталық Еуропа университеті (ОЕУ) бакалавриат, магистратура мен докторантура бағдарламалары бойынша оқу гранттарын ұсынады. Оқу орны Австрия мен Венгрияда. Оқыту тілі – ағылшын тілі.

Орталық Еуропа университеті студенттерді тарту мақсатында қаржылай көмек беруді жолға қойған. Студенттердің 82 пайызы қаржылай көмек арқылы оқуға түскен.

Бакалавриат бағдарламасында оқу гранты көзделмесе де, 50 пайыз көлемінде жеңілдік ұсынады.

Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі: 2020 жылдың 30 қаңтары.

Ағылшын тіліндегі толық ақпарат мына жерде.

Жапонияның Keio университеті

Keio университеті Global Information and Governance Academic Program (GIGA) бағдарламасымен білім алатын шетелдік студенттерге стипендиялар ұсынады. Курсты аяқтаған студенттер Қоршаған орта және ақпараттық зерттеулер саласы бойынша бакалавр дәрежесіне ие болады.

Бакалавриат бағдарламасына арналған стипендиялар Ақпарат және басқару бойынша Жаһандық академиялық бағдарламаны (GIGA) зерттеу үшін беріледі.

Стипендия халықаралық студенттерге арналған.

Өтінішті қабылдау мерзімі: 2020 жылдың 2 ақпаны.

Ағылшын тіліндегі толық ақпарат мына жерде.

Оқи отырыңыз: Жоғары оқу орындарына реформа емес, контекстпен жұмыс істеу қажет

АҚШ-тағы Akron Guarantee стипендиясы

АҚШ-та оқып, бакалавр дәрежесін алғысы келетіндер Akron университеті ұсынатын Akron Guarantee стипендиясына өтінім бере алады. Бағдарлама Америкада оқуды қалайтын әлемнің түкпір-түкпіріндегі студенттерге қаржылай көмек беру мақсатында жүзеге асады. Студенттерге жылына 1000-нан 7500 АҚШ долларына дейін сыйақы тағайындалады.

Стипендияға орта мектептегі оқу үлгерімі 3,00-ден жоғары, сондай-ақ ACT-дан 20 немесе SAT емтиханынан 1020-1050 ұпайдан жоғары жинаған оқушылар тапсыра алады.

Бағдарламаға қатысу үшін университеттің бакалавриат бағдарламасына түсу қажет. Содан кейін ғана автоматты түрде грант тағайындау қарастырылады.

Құжаттар:

  • Оқу үлгерімін растайтын құжат;
  • Паспорт көшірмесі;
  • Ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын келесідей сертификаттардың бірі: TOEFL iBT 71, IELTS 6,0, Duolingo тесті (DET) 95, CAE (Cambridge English: Advanced) 169, PTE 48, GTEC CBT / GTEC 1126/1135 ұпай.

Өтінімдер 2020 жылдың 1 наурызына дейін қабылданады.

Ағылшын тіліндегі толық ақпарат мына жерде.

Оқи отырыңыз: Педагогтердің еңбек демалысы 56 күнге ұзарады. "Педагог мәртебесі туралы" заң тағы қандай әлеуметтік кепілдіктер ұсынады?

Оксфордтың журналистерге арналған стипендиясы

Oxford университетінің Reuters журналистика институты Journalism Fellowship 2020 стипендиясына өтініштер қабылдайды. Бұл стипендия әлемнің түкпір-түкпіріндегі журналистерге мамандығы мен медиаиндустрияға байланысты қалаған тақырыбында зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді.

Институт жыл сайын 30 журналисті қабылдайды. Бағдарламаның ұзақтығы – алты айға дейін.

Стипендияға ие болу үшін үміткердің журналистика саласындағы тәжірибесі бес жылдан кем болмау керек. Ағылшын тілінде түсініп, талқылауға қатыса алатын болуы тиіс. Ағылшын тілі үміткердің ана тілі болмаса жарамдылығы екі жылдан кем емес тіл меңгеру сертификатын ұсынуы қажет. Университеттің ағылшын тілін меңгеруге қоятын талаптарын мына жерден ағылшын тілінде оқи аласыз.

Бағдарламаға қатысушы журналистердің көп бөлігі толықтай қаржыландырылады. Сәтті тапсырғандардың шығыны толық жабылып, ай сайын жатын орын мен тамаққа, басқа да шығындар үшін £2,000 сомасында стипендия алады. Ұйымдастырушылар Ұлыбританияға барып-келу билеттері мен виза құнын төлейді.

Өтінім беру кезінде үміткер түйіндемесін, жеке өтінімін, жұмыс берушінің жазбаша қолдау хатын және бірнеше жұмысының үлгісін жүктеу қажет.

Үміткерлерлер оқуға өтінішті 2020 жылдың 3 ақпанына дейін жібере алады. Стипендия жеңімпаздары мамыр айына дейін белгілі болады.

Ағылшын тіліндегі толық ақпарат мына жерде.

Түркия үкіметінің шетелдіктерге арналған Türkiye Bursları бағдарламасы

2020–2021 оқу жылына Түркия Республикасы тарапынан бөлінетін «Türkiye Bursları» стипендиялық бағдарламасына онлайн тіркелу басталды. Бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары түрік және ағылшын тілдерінде оқуға болады.

Стипендия:
  • Оқу ақысын;
  • Бір жыл тегін түркі тілі курсын;
  • Ай сайынғы стипендияны;
  • Медициналық сақтандыруды;
  • Екі бағытқа әуе жолы билеттерін (эконом класс);
  • Тегін жатақхана мен екі мезгіл тамақты;
  • Үйде тұратын студенттерге ай сайын төленетін 550 лираны;
  • Академиялық / мәдени және басқа қосымша бағдарламаларды қамтиды.

Ай сайынғы стипендия:

  • Бакалавриат – 800 TL (51 600 теңге)
  • Магистратура – 1100 TL (71 000 теңге)
  • Докторантура – 1600 TL (103 000 теңге)

Қойылатын талаптар:

  • Таңдаған университеті бағдарлама талаптарына сәйкес болуы тиіс;
  • Қажетті білімі болу керек;
  • Магистратураға және докторантураға түсетін үміткерлер оқыған мамандықтарына сәйкес таңдау жасауы қажет.

Құжаттар:

  • Аттестат/ диплом;
  • Қабылдау емтихандарының нәтижелері (бар болса);
  • Қорытынды емтихан нәтижелері;
  • Халықаралық тестілеу нәтижелері (бар болса);
  • Басқа да оқу жетістіктері;
  • Ағылшын тілінде оқуды таңдағандар тіл білу деңгейін растайтын сертификатты тіркеуіңіз қажет.

Жас шектеулері:

  • Бакалавриат – 21 жасқа дейін;
  • Магистратура – 30 жасқа дейін;
  • Доктарантура – 35 жасқа дейін.
Бағдарламаға онлайн өтінім берудің соңғы мерзімі — 2020 жылдың 20 ақпаны. Өтінімді түрік, ағылшын немесе орыс тілдерінің бірінде толтыру қажет."Математика емес, Логика басым": америкалық мектептердің артықшылығы не?

Словакия республикасының ұлттық стипендиялық бағдарламасы

Стипендия жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдарында оқу, оқытушылық, ғылыми/көркемөнер тағылымдамаларын жүзеге асырады. Бағдарламаны Словакия республикасының Білім, ғылым, зерттеулер және спорт министрлігі қаржыландырады.

Стипендия түрлері:

  • Тұру шығындарын өтеуге арналған стипендия;
  • Шетелдік студенттерге Словакиядағы ЖОО-да оқу тағылымдамасынан өту (1-2 семестр);
  • Шетелдік ЖОО/ғылыми-зерттеу ұйымдарының аспиранттары оқу және ғылыми/ көркемөнер тағылымдамасынан өту (1-10 ай);
  • ЖОО оқытушылары, ғылыми қызметкерлері және шетелдік ЖОО/ғылыми-зерттеу ұйымдарының өнер саласындағы қызметкерлеріне оқытушылық, ғылыми және көркемөнер тағылымдамасынан өту (1-10 ай);
  • Словакияда оқу немесе ғылыми тағылымдамаға студенттер мен аспиранттардың сапарына байланысты жол шығындарын төлеуге арналған арналған дотациялар.

Стипендияға Словакия елінен басқа елдердің азаматтары үміткер бола алады.

Ай сайынғы стипендия көлемі:

  • ЖОО студенті – 350 еуро;
  • Аспирант – 580 еуро;
  • Ғылыми дәрежесі жоқ және еңбек өтілі 4 жыл ғылым кандидаты (PhD) – 580 еуро;
  • ғылыми дәрежесі бар және еңбек өтілі 10 жыл ғылым кандидаты (PhD) – 850 еуро;
  • ғылыми дәрежесі бар және еңбек өтілі 10 жылдан астам ғылым кандидаты (PhD) – 1000 еуро.

Студенттер мен аспиранттар ғана жол шығындарын төлеу дотациясына өтініш бере алады. Оның көлемі үміткердің тұрғылықты жері мен Словакиядағы мекенжайының арақашықтығы бойынша есептеледі:

  • 750 км-ге дейін төленбейді;
  • 751-1500 км – 100 еуро;
  • 1501-5000 км – 300 еуро;
  • 5000 км-ден асса – 700 еуро.

Өтініштер 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін ағылшын тілінде онлайн қабылданады.

Адам құқықтары жөніндегі Гарвард жазғы тағылымдамалар бағдарламасы

Адам құқықтары бойынша жазғы тағылымдамалар бағдарламасы қатысушыларға кәсіби және интеллектуалды тұрғыдан даму мүмкіндіктерін береді. Гарвардтың адам құқықтары бойынша заң мектебі осы жазғы тағылымдамаға ерекше назар аударады. Тағылымдамадан өтушілер адам құқықтарын қорғау саласындағы тәжірибе алмасып, АҚШ-тан тыс адам құқықтарымен айналысатын үкіметтік емес және үкіметаралық ұйымдармен кемінде сегіз апта жұмыс істейді. ⠀

Өтінімдер онлайн қабылданады.

Өтініш берудің соңғы мерзімі – 2020 жылдың 1 ақпаны.

Ағылшын тіліндегі толық ақпарат мына жерде.

Серіктестер жаңалықтары