Тікелей эфир

Сайлаудан кейінгі күн қалай өтті? Президентті ұлықтау 12 маусымда болады

Сурет informburo.kz
Сурет informburo.kz
2019 жылы 9 маусымда Қазақстан Президентіне үміткерді таңдау, дауыс беру өз мәресіне жетті. Алдын ала қорытынды бойынша халықтың 70%-ы Тоқаевты қолдады.

Алдын ала қорытынды: Тоқаев – 70,76%

10 маусым күні сағат 11.30-да ҚР Орталық сайлау комиссиясының алдын ала таратқан қорытындысы осындай.

Үміткерлер төмендегідей дауыс жинаған:

  1. Жамбыл Ахметбеков – 167 249 дауыс немесе 1,82%;
  2. Дания Еспаева – 478 153 дауыс немесе 5,2%;
  3. Әміржан Қосанов – 1 472 733 дауыс немесе 16,2%;
  4. Төлеутай Рахимбеков – 294 271 дауыс немесе 3,2%;
  5. Амангелді Таспихов – 190 304 дауыс немесе 2,7%;
  6. Қасым-Жомарт Тоқаев – 6 504 054 дауыс немесе 70,76%;
  7. Сәдібек Түгел – 84 348 дауыс немесе 0,92% дауыс жинады.

Орталық сайлау комиссиясының алдын ала таратқан мәліметі бойынша Қасым-Жомарт Тоқаевқа сайлаушылардың 6,5 миллионы дауыс берген.

Осыған дейін, Тоқаев халықтың өзіне сенім білдіргеніне рақыметін айтқан болатын.

OSCE байқаушылары: Сайлау қалыпты жағдайда өткенімен заң бұзу болды

Бұл туралы бүгін OSCE parlamentary assambly (OSCE PA) мен OSCE ODIHR ұйымының баспасөз мәслихатында OSCE арнайы өкілі George Tsereteli мәлімдеді.


Жоржы Церетелі

George Tsereteli / Сурет informburo.kz


Margareta Kiener Nellon:

– OSCE PA делегациясының басшысы ретінде айтарым, тұңғыш рет әйел адам кандидат болды. Ол – дамудың жағымды белгісі. Бұл әйелдердің саяси сектордағы орнын көтереді деп ойлаймын. Сайлау қалыпты тәртіпті өтті.

БАҚ-на қатысты құқытық шектеулердың бар болуы сөз бостандығына, журналистердің өз жұмысын жақсы жүргізуге кедергі болды.

Сайлау жақсы ұйымдастырылғанымен заң бұзу болды, – деді.


Маргаита Киенер Неллон

Margareta Kiener Nellon / Сурет informburo.kz


OSCE ODIHR өкілі, сайлау бақалаушыларының басшысы Urszula Gacek:

– Біздің халықаралық сарапшылар тобы мамыр айынан бастап екі жүзден астам бақылаушылармен бірге келді. Ұйымдастыру жағы жақсы болды.

Бостандыққа қарсы және дауыс санауда елеулі олқылықтар болды. Ондағы себеп:

  • Нағыз саяси бәсекелестік болмады;
  • Шектеулер қатал;
  • Алдыңғы сайлаулар кезінде айтылған ұсыныстар әлі ескерілмеген;
  • Бейбіт шеру қатты қысымға ұласты;
  • Интернет және әлеуметтік желі бұғатталды.

Бізге әлі де уақытша қамалған адамдар туралы мәліметтер түсіп жатыр.


 Урсзула Гасек

Urszula Gacek / Сурет informburo.kz


Сайлаудағы олқылықтар деп:

  • Жарамсыз бюллетендер;
  • Өшіп қалатын қаламды қолдануды;
  • Артық бюллетендер тастауды;
  • Санаудағы шектеулерді айтуға болады.

Қазақстан ОБСЕ талаптары мен ұсыныстарын қалай қабыл алды?

Әлжазира арнасының тілшісі Robin Forestier-Walker-дің:

– Сіздердің сараптамаларыңыз бір сарынды. Қазақстанға қатысты талап-ұсыныстарыңызды орындау қалай болады? – деген сұрағына жауап берген Margareta Kiener Nellon:

– Билік өкілдері біздің сараптаманы қуана қабылдады. Қазақстан ОБСЕ талаптарын қабылдайды, ұсыныстарды жүзеге асырады деп ойлаймын, – деді.

Urszula Gacek ханым объективті түрде зерттеу жасап, сыни тұрғыда пікір дайындағанын айтты. Ол:

– Қазақстан ұйымымыздың маңызды мүшесі бола тұра жүктелген міндеттерді әзірге орындамай отыр. Енді аталған ұсыныстарды орындауға тырысады деп сенемін. Өз тарапымнан жағымды жақтан өзгерістер күтетін боламын, – деді.

Тәуелсіз байқаушылар шағымданды

– Біз астанадағы біраз сайлау учаскелерінде тәуелсіз байқаушы болып жұмыс істедік. Қолымызда хаттамалар да бар. Алайда, нақты мәліметтермен Орталық сайлау комиссиясы жариялаған мәліметтер сәйкес емес. Көптеген заң бұзу болды (Топтап алған хаттамаларды көрсетті). Сонымен бірге заң бұзу туралы видео жазбалар мен толтырылған хаттамалардың жеткілікті.

Осы заң бұзу туралы сіздерге шағымдана аламыз ба? Сіздер қандай көмек бере аласыздар? – деді Фәтима Жандосова, тәуелсіз байқаушы, журналист, құқық қорғаушы.


Фәтима Жандосова

Фәтима Жандосова / Сурет informburo.kz


George Tsereteli:

– Біздің міндетіміз шектеулі. Бұл туралы ештеңе айта алмаймыз. Сотқа беру керек, – деді.

Ал Margareta Kiener Nellon өздерінің сараптама жасаумен ғана шектелетінін, қандай да бір шара қолдана алмайтынын ескертті. Онсызда, талаптар мен ұсыныстар жібергенін ескертті.

– Бір бөлім бақылаушылар елдеріне қайтты. Басым бөлігі әлі де бір апта Нұр-Сұлтанда жұмыс істейді. Түсіп жатқан шағымдар көп. Алда осы мәселелердің қалай шешілетінін көреміз. Жарты ай ішінде сайлау туралы толық зерттеп, жариялаймыз, – деді әңгімені қорытқан OSCE байқаушыларының басшысы Urszula Gacek.

Тоқаев инаугурацияны 12 маусымға жоспарлап отыр

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада өткен баспасөз мәслихатында айтты. Ол сайлаудың таза, ашық өткенін айтып, оны жоғары бағалайтынын жеткізді:

– Егер сайлаудың қажетті жұмыстары толық бітіп, заңға сәйкес болса, 12 маусымда Президент инаугурациясы болады, – деді.

Тоқаев оған тағы бір себеп ретінде, алда 14 маусымда Қырғызстанда Шанхай ынтымақтастық ұйымының жиналысы болатынын және Ашхабадта да сапар жоспарланғанын алға тартты. Сол шаралардың барлығына толық өкілетті Президент ретінде қатысқысы келетінімен түсіндірді.

Тоқаев өз бәсекелестерін жоғары бағалайтынын және олардың бағдарламаларындағы қажетті ұсыныс, кеңестерді пайдаланатынын, іске асыратынын жеткізді.


Қасым-Жомарт Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев / Сурет informburo.kz


Сонымен бірге халықарлық қатынастар мәселесінде алдымен көрші елдерге басымдылық берілетінін, түрлі халықаралық ұйымдармен байланысты күшейтетінін білдірді.

Тағы бір айта кетерлігі, Қазақстанда атом электр стансасы салу туралы жоспардың жоқтығын қадап айтты.

Сөз соңында шетелдегі 5 миллионнан астам қазаққа сәлемін жеткізіп қоюды тапсырды.

ТМД өкілі: Азғана кедергілер сайлау нәтижесіне әсер ете алмады

Бұл туралы 10 маусымда Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) хатшылығы Атқарушылар комитеті төрағасы Сергей Лебедов мәлімдеді. Ол:

– Орталық сайлау комиссиясы жариялаған, ондағы біз байқаған азғантай заң бұзуды қоспағанда 9 миллионнан астам адам дауыс беруге қатысты. Әрине, ондай кішкене заң бұзу сайлау нәтижесіне әсер ете алмайды, – деді.

Сергей Лебедов Орталық сайлау комиссиясы жариялаған нәтижесінің халықтың нақты таңдауын көрсеткенін алға тартты. Сайлау өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, еркін түрде өткенін айтты.

Түркі тілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының өкілі, Түркия Ұлы жиналысының депутаты Исмет Усма:

– Қазақстандағы сайлау демократия талаптарына сай, жоғары саяси белсенділікте және ашық түрде өтті, – деді.

Сайлауға қанша адам қатысты?

2019 жылы 9 мамыр 22.25-де Константин Петров пен комиссия мүшесі Ләззат Сүлеймен брифинг өткізіп, ел ішіндегі және шетелдегі барлық сайлау учаскелерінде дауыс берудің аяқталғанын, дауыс санаудың басталғанын хабарлады.

Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы тізімге енгізілген сайлаушылардың 77,4 пайызы сайлау бюллетеньдерін алған.

Ақмола облысы – 83,4%;
Ақтөбе облысы – 84,9%;
Алматы облысы – 89%;
Атырау облысы – 71,2%;
Шығыс-Қазақстан облысы – 84,9%;
Жамбыл облысы – 81,3%;
Батыс Қазақстан облысы – 66,3%;
Қарағанды облысы – 77,3%;
Қызылорда облысы – 81,6%;
Қостанай облысы – 84,1%;
Маңғыстау облысы – 68,9%;
Павлодар облысы – 81,2%;
Солтүстік Қазақстан облысы – 79,8%;
Түркістан облысы – 84,8%;
Нұр-Сұлтан қаласы– 68,9%;
Алматы қаласы – 52,2%;
Шымкент қаласы – 67,6%.

Фото informburo.kz


Exit-poll (Экзитпол) және жормал

Сауланама жүргізіп Exit-poll (Экзитпол) өткізген екінші ұйым – "Молодёжь" ғылыми-зерттеу орталығы мен "Қоғамдық пікір" институтының мүшелері.

Айта кету керек, кез келген қоғамдық ұйым сауалнама жүргізуге болмайды. Бұл туралы ҚР Бас Прокуроры алдын ала хабарлаған болатын.

Онда "Конституциялық заңның 28-бабының 9-тармағына орай мұндай сұрау салуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу бойынша кемінде бес жыл тәжірибесі бар тек заңды тұлғалар тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса беріп, бұл туралы Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде алдын ала хабардар еткен жағдайда жүргізуге құқылы" деп көрсетілген.

"Молодежь" ұйымы ұсынған Exit-poll (Экзитпол) нәтижесі

"Молодёжь" ұйымы ұсынған ақпарат бойынша өзге кандидаттардың нәтижесі мынадай:

  1. Жамбыл Ахметбеков – 3,06%
  2. Дания Еспаева – 4,78%
  3. Әміржан Қосанов – 14,96%
  4. Қасым-Жомарт Тоқаев – 69,94%
  5. Төлеутай Рахимбеков – 2,71%
  6. Амангелді Таспихов – 2,63%
  7. Сәді-бек Тугел – 1,92%

"Қоғамдық пікір" институтының Exit-poll (Экзитпол) нәтижесі

Институттың кеңес төрайымы Айнұр Мәжитова республика бойынша сайлау учаскелерінің шыға берісінде азаматтарға зерттеу жасап, 325 сайлау учаскесінде әлеуметтік сауалнама жүргізгенін айтты.

Онда 13 200 сайлаушыдан жауап алынды. Нәтиженің қателігі шамамен үш пайызды құрайды. Сауалнамаға 350-ден астам сұрақ қоюшы қатысты.


"Қоғамдық бірлестік" институты ұсынған экзитпол нәтижесі

"Қоғамдық бірлестік" институты ұсынған экзит пол нәтижесі / Фото informburo.kz


Институт мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев 70,13% жинады.

Өзге кандидаттардың нәтижесі мынадай:

  1. Төлеутай Рақымбеков, "Ауыл" партиясы атынан үміткер – 3,03%
  2. Әміржан Қосанов;"Ұлт тағдыры" ұлттық-патриоттық қозғалысынан кандидат – 15,39%.
  3. Сәдібек Түгел, "Ұлы дала қырандары" республикалық қоғамдық бірлестігі атынан кандидат – 0,86%
  4. Жамбыл Ахметбеков, Қазақстан Коммунистік Халық партиясы атынан ұсынылған кандидат – 3,86%.
  5. Дания Еспаева, "Ақ жол" демократиялық партиясы атынан ұсынылған кандидат – 5,32%.
  6. Аманкелді Таспихов, "Қазақстан Республикасының кәсіподақтар федерациясы" Республикалық кәсіподақтар бірлестігі атынан үміткер – 1,41%

Ішкі істер министрлігінің өкілі не дейді?

2019 жылы 9 маусым. 21.21 – Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев:

– Ішкі істер органының қызметкерлері көшеде және қоғамдық орында тәртіпті қадағалады. Оған 19 мың сақшы тартылды. Дауыс жәшіктері жабылып, оларды жеткізу қадағаланады. Жалпы дауыс беру тыныш өтті. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында заңсыз митингке қатысқаны үшін 500 дей адам жеткізілді. Мысалы, астанада Жастар сарайы алаңында да бір топ жас заңсыз ереуіл жасады.

Алматыда ешқандай адам медициналық көмекке жүгінген жоқ.

Нұр-Сұлтанда 12 адам дәрігер шақырды. 3 сақшы жарақат алды. Оған қатысқандар заңға сәйкес қатаң жазаланатын болады, – деді.

ҚР Бас прокуротурасы не дейді?

21.19 – ҚР Бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев:

– Жалпы дауыс беру тыныш өтті. Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстарында заң бұзу болды. 19 заң бұзу дерегі тіркеліп, олар бойынша әкімшілік іс қозғалды. Бірнеше бюллетенді бірден салған, қайталап дауыс беру сияқты заң бұзу деректерін айтуға болады. Заңға сәйкес прокуратураға тексеруге жіберілді.

Қазір 18 әкімшілік іс қозғалды, – деді прокурор.

Заң бұзу:

  • Заңсыз үгіт;
  • Бір азаматтың бірнеше бюллетенді тастауы;
  • Бір азаматтың бірнеше учаскеде дауыс беруі.

Дауысты санау басталғаннан кейін 119-120 баптар бойынша жазаланады. Азаматтардан үш арыз түсті. Бірі Түркістан облысында, бірі Шымкентте, үшіншісі жалпы сайлау барысында. Жалпы ахуал тұрақты, бір қалыпты.

– Мысалы, Қызылорда облысындағы №251 сайлау учаскесінде бір азамат бірден 5 бюллетень салған. Осыған байланысты прокуратура тексеру жүргізді. Әкімшілік құқық кодексінің 110 бабы бойынша жауапкершілікке тартылып, 25 АЕК мөлшерінде айып пұл салынды, – деді Болат Дембаев.

Оның айтуынша Алматы, Алматы және Түркістан облыстарында да осындай жағдайлар болған.

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары