Тікелей эфир

Қазақстанда президент сайлауы қалай өтті?

Қазақстанда Президент сайлауын informburo.kz журналистері қалай қадағалады? Алдын ала шыққан алғашқы қорытындысы қандай?

Ел тарихында алтыншы рет өтіп жатқан Президент сайлауына жеті кандидат түсті. Олар:

  1. "Nur Otan" партиясынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
  2. "Ауыл" партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
  3. "Ұлт тағдыры" ұлттық-патриоттық қозғалысынан кандидат болған Әміржан Қосанов;
  4. "Ұлы дала қырандары" республикалық қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел;
  5. Қазақстан Коммунистік Халық партиясы атынан ұсынылған кандидат Жамбыл Ахметбеков;
  6. "Ақ жол" демократиялық партиясы атынан ұсынылған Дания Еспаева;
  7. "Қазақстан Республикасының кәсіподақтар федерациясы" Республикалық кәсіподақтар бірлестігі атынан Аманкелді Таспихов.

2019 жылғы 9 маусымда таңғы 7.00-ден бастап іnformburo.kz сайлау барысынан мәтіндік трансляция жасады. Оқырманға ыңғайлы болу үшін материалды жариялау уақыты үнемі жаңартылып отырды.

00.25 – Экзитпол өткізген екінші ұйым – "Молодёжь" ғылыми-зерттеу орталығының директоры Талғат Қалиевтің мәліметінше, Қ.Тоқаев 69,94% дауыс жинады.

"Молодёжь" ұйымы ұсынған ақпарат бойынша өзге кандидаттардың нәтижесі мынадай:

  1. Жамбыл Ахметбеков – 3,06%
  2. Дания Еспаева – 4,78%
  3. Әміржан Қосанов – 14,96%
  4. Қасым-Жомарт Тоқаев – 69,94
  5. Төлеутай Рахимбеков – 2,71
  6. Амангелді Таспихов – 2,63%
  7. Сәді-бек Тугел – 1,92%

00.22 –"Қоғамдық пікір" институтының кеңес төрайымы Айнұр Мәжитова республика бойынша сайлау учаскелерінің шыға берісінде азаматтарға зерттеу жасап, 325 сайлау учаскесінде әлеуметтік сауалнама жүргізгді.

Оның ішінде облыс орталықтары, Нұр-Сұлтан мен Алматы және Шымкент қалаларында 97 учаске, шағын қалаларда 94 учаске, ауылдық округтерде 134 сайлау учаскесі қамтылды. ҚР Сайлау туралы заңының 28-ші бабына сәйкес, Қоғамдық пікір институты Орталық сайлау комиссиясына экзит пол жасайтынын ескертті.

Экзит полда респонденттерге "ҚР Президенттік сайлауында қай үміткерге дауыс бердіңіз" деген бір сұрақ қойылды. Күні бойы сауалнаманың алты толқыны өткізілді. Онда 13 200 сайлаушыдан жауап алынды. Нәтиженің қателігі шамамен үш пайызды құрайды. Сауалнамаға 350-ден астам сұрақ қоюшы қатысты.


"Қоғамдық бірлестік" институты ұсынған экзитпол нәтижесі

"Қоғамдық бірлестік" институты ұсынған экзит пол нәтижесі / Фото informburo.kz


00.14 – ОСК-де "Қоғамдық пікір" институты өткізген экзит полдың нәтижесі бойынша брифинг өтуде. Қорытынды туралы кеңес төрайымы, әлеметтану магистрі Айнұр Мажитова мәлімдеді.


Айнұр Мажитова

Айнұр Мажитова / Фото informburo.kz


Институт мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев 70,13% жинады.

Өзге кандидаттардың нәтижесі мынадай:

  1. Төлеутай Рақымбеков, "Ауыл" партиясы атынан үміткер – 3,03%
  2. Әміржан Қосанов;"Ұлт тағдыры" ұлттық-патриоттық қозғалысынан кандидат – 15,39%.
  3. Сәдібек Түгел, "Ұлы дала қырандары" республикалық қоғамдық бірлестігі атынан кандидат – 0,86%
  4. Жамбыл Ахметбеков, Қазақстан Коммунистік Халық партиясы атынан ұсынылған кандидат – 3,86%.
  5. Дания Еспаева, "Ақ жол" демократиялық партиясы атынан ұсынылған кандидат – 5,32%.
  6. Аманкелді Таспихов, "Қазақстан Республикасының кәсіподақтар федерациясы" Республикалық кәсіподақтар бірлестігі атынан үміткер – 1,41%

23.43 – Бюллетень мен хаттамалардың сақталуын Ішкі істер министрлігі қамтамасыз етеді. Құжаттар елдің түкпір-түкпірінен, 9903 пунктен ОСК жеткізілетін болады. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев мәлімдеді.

– Қазіргі таңда барлық сайлау учаскелері жабылды. Бюллетеньдерді санау жүріп жатыр. Алдағы уақытта хаттамалар мен бюлеттеньдерді облыстық және орталық салау комиссияларына жеткізу үшін сақталуы қамтамасыз етіледі, – деді Марат Қожаев.

23.11 – Бакудегі Қазақстан азаматтарының барлығы толығымен сайлауға қатысты.

Бакудің уақыты бойынша сағат 20.00-де Әзербайжандағы Қазақстан елшілігі жанынан ұйымдастырылған сайлау учаскесінде сайлаушылардың барлығы, яғни 100% дауыс берді.

"Аманат": Заң құқықтық сауаттылықтың төмендігінен бұзылуы мүмкін

23.05 – "Аманат" азаматтық платформасы сайлау учаскелеріне өзінің 11 мың бақылауышысын жіберген. Бұл туралы Нұр-Сұлтандағы баспасөз конференциясында платформа администраторы Лима Диас мәлімдеді.

– Барлық ашық сайлау учаскелері 100 пайыз бақыланды. Қазір біздің өкілдер учаскелерде дауыс санағын бақылауға қатысып жатыр. Дауыс беру барысында әр түрлі жастағы адамдардың қатысқанын айта кету керек, – деді Лима Диас.

Айтуы бойынша, бір күн ішінде "Аманат" платформасының бақылаушылары 18 заң бұзу дерегін тіркеген. Олар бойынша актілер толтырылған.

– Бұл заң бұзудың бәрі болмашы және техникалық сипатта. Ол туралы ауызша 165 ескерту жасалды, олар сол мезетте ОСК мүшелерімен түзетілді. Сонымен қатар, бірнеше бюллетенді қатарынан тастаған сегіз (Нұр-Сұлтан, Алматы облысы, Шымкент, Шығыс Қазақстан облысы, Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында) дерек тіркелген, – деді Лима Диас, – бюллетеньдер бірнеше үміткердің пайдасына тасталғанын атап өтті.

Сонымен қатар, заң бұзу көбінесе сайлаушылар тарапынан болды. Олар бюллетеньдерді жеке куәліксіз сұрап, дауыс беру кабинеттерінде бірнеше адам болып кірген.

– Біздің ойымызша, бұл құқықтық сауаттылықтың төмендігінен болды, – деп түсіндірді Лима Диас.

22.36 – Алдын ала нәтиже 12 сағат ішінде жарияланады. Бұл өңірлердегі сайлау учаскелеріне байланысты. Біз ертең толық нтижені жариялайтын боламыз, – деді ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.

22.25-де Константин Петров пен комиссия мүшесі Ләззат Сүлеймен брифинг өткізіп, ел ішіндегі және шетелдегі барлық сайлау учаскелерінде дауыс берудің аяқталғанын, дауыс санаудың басталғанын хабарлады.


Фото informburo.kz


Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы тізімге енгізілген сайлаушылардың 77,4 пайызы сайлау бюллетеньдерін алған.

Ақмола облысы – 83,4%;
Ақтөбе облысы – 84,9%;
Алматы облысы – 89%;
Атырау облысы – 71,2%;
Шығыс-Қазақстан облысы – 84,9%;
Жамбыл облысы – 81,3%;
Батыс Қазақстан облысы – 66,3%;
Қарағанды облысы – 77,3%;
Қызылорда облысы – 81,6%;
Қостанай облысы – 84,1%;
Маңғыстау облысы – 68,9%;
Павлодар облысы – 81,2%;
Солтүстік Қазақстан облысы – 79,8%;
Түркістан облысы – 84,8%;
Нұр-Сұлтан қаласы– 68,9%;
Алматы қаласы – 52,2%;
Шымкент қаласы – 67,6%.

Фото informburo.kz

22.34 – "Заңгерлер – әділ сайлау үшін" РҚБ кеңсесі Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлерінің сайлау бөлімшелерінде болуы аса маңызды екенін мәлімдеді.

– Әртүрлі себептермен азамат өз учаскесінен шатасуы мүмкін. Ол өзінің азаматтық міндетін орындауы қажет. Бізде жеке тұлғалардың мемлекеттік базасы қалыптасқанын ескерсек, әрбір сайлау учаскесінде ХҚО-ның қызметкерінің болғаны өте орынды болар еді.

Мәселен, бүгін дауыс беруге бардым және ондағы тізімде өзімнің аты-жөнімді таба алмадым. Бірақ, мен барған мектепте ХҚО-ның өкілдері болды. Олар мәліметтер базасын қарап, менің жаңағы сайлау бөлімшесі орналасқан аумақта тұратынымды, сәйкесінше, осы жерде дауыс бере алатынымды анықтап берді. Маған анықтама қағазын беріп, жеке куәлігімнің көшірмесін түсіріп алды – қайтадан сайлау залына барып, анықтаманы көрсетіп едім, қолым бюллентень ұстатты, дауысымды бердім. Алдағы уақытта сайлау заңдылығы туралы сөз қозғайтын болсақ, тізімнен шығару талоны деген ұғымды жоюымыз қажет", – деді заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Қоғамов алдын ала сайлау қорытындысы жөнінде өтіп жатқан брифингте.


"Заңгерлер – әділ сайлау үшін" РҚБ фотосы


22.03 – "Заңгерлер – әділ сайлау үшін" РҚБ мүшелері Қазақстанда өткен сайлауға баға берді. Нұр-Сұлтанда өткен брифингте заң ғылымдарының кандидаты, Қазақстан заңгерлер одағының төрағасы Серік Ақылбай РҚБ қатысушылары таңнан бері сайлау учаскелерінде болғанын айтты.

– Азаматтарға консультациялық көмек көрсеттік. Тұрғындардың белсенділігі жоғары. 3 мыңға жуық заңгер еліміздің 17 аймағындағы сайлау учаскелеріндегі жағдайға мониторинг жүргізіп отырды.

Жалпы, бұрыңғы сайлау жылдарымен салыстырғанда азаматтардың құқықтық сауаты мен белсенділігі артқан. Бұл біздің құқықтық мемлекет құруға деген талпынысымыздың белгісі. Меніңше, сайлау – қоғам дамуының жақсы көрсеткіші, – деп атап өтті Серік Ақылбай.

21.48 – Нью-Йорк қаласындағы №250 сайлау участкесі комиссиясының төрағасы Алмас Нұржановтың айтуынша, Нью-Йорк қаласында дауыс беруге 192 адам тіркелген. Олардың арасында алдын ала ақпараттандыружүргізілген. Комиссия төрағасының айтуынша, сайлауға қатысушылар саны әлдеқайда көп болуы мүмкін. Себебі күні кеше отандасымыз, кәсіби боксшы Геннадий Головкинді қолдауға Қазақстаннан келген азаматтар көп.


250 участке сайлау комиссиясының төрағасы Алмас Нұржанов

№250 участкелік сайлау комиссиясының төрағасы Алмас Нұржанов / Фото informburo.kz


– Тіркелмеген адамдар да дауыс бере алады. Әзірге таңғы сағат 10.00-ге дейін 25 қазақстандық келіп, дауыс берді. Сайлауға қатысушы азаматтардың басым бөлігі түстен кейін келеді, – дейді Алмас.

№250 сайлау участкесіне бірінші болып келіп, дауыс бергендердің арасында 81 жастағы отандасымыз болды. Ол кісі Нью-Йорк қаласына балаларын көруге әрі демалыс уақытын өткізуге келген екен.


Якубовский Юрий Георгеви

81 жастағы Якубовский Юрий Георгевич / Фото informburo.kz


– Мен Семей қаласынан туғанмын. Қазақстан Республикасының азаматымын. Менің қыздарым АҚШ-қа көшіп кетсе де, өз азаматтығымды ауыстырмадым. Қыздарыма қонаққа келуімнің уақыты сайлау науқанына тап келгендіктен, дауыс беруді өз міндетім деп, ерте келіп отырмын, – дейді ол.

21.21 – Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев:

– Ішкі істер органының қызметкерлері көшеде және қоғамдық орында тәртіпті қадағалады. Оған 19 мың сақшы тартылды. Дауыс жәшіктері жабылып, оларды жеткізу қадағаланады. Жалпы дауыс беру тыныш өтті. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында заңсыз минтингке қатысқаны үшін 500 дей адам жеткізілді. Мысалы, астанада Жастар сарайы алаңында да бір топ жас заңсыз ереуіл жасады.

Алматыда ешқандай адам медициналық көмекке жүгінген жоқ.

Нұр-Сұлтанда 12 адам дәрігер шақырды. 3 сақшы жарақат алды. Оған қатысқандар заңға сәйкес қатаң жазаланатын болады, – деді.

21.19 – ҚР Бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев:

– Жалпы дауыс беру тыныш өтті. Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстарында заң бұзу болды. 19 заң бұзу дерегі тіркеліп, олар бойынша әкімшілік іс қозғалды. Бірнеше бюллетенді бірден салған, қайталап дауыс беру сияқты заң бұзу деректерін айтуға болады. Заңға сәйкес прокуратураға тексеруге жіберілді.

Қазір 18 әкімшілік іс қозғалды, – деді прокурор.

Заң бұзу:

  • Заңсыз үгіт;
  • Бір азаматтың бірнеше бюллетенді тастауы;
  • Бір азаматтың бірнеше учаскеде дауыс беруі.

Дауысты санау басталғаннан кейін 119-120 баптар бойынша жазаланады. Азаматтардан үш арыз түсті. Бірі Түркістан облысында, бірі Шымкентте, үшіншісі жалпы сайлау барысында. Жалпы ахуал тұрақты, бір қалыпты.

– Мысалы, Қызылорда облысындағы №251 сайлау учаскесінде бір азамат бірден 5 бюллетень салған. Осыған байланысты прокуратура тексеру жүргізді. Әкімшілік құқық кодексінің 110 бабы бойынша жауапкершілікке тартылып, 25 АЕК мөлшерінде айып пұл салынды, – деді Болат Дембаев.

Оның айтуынша Алматы, Алматы және Түркістан облыстарында да осындай жағдайлар болған.

20.58 – Бүгін Біріккен Араб Әмірліктерінде де қазақстандықтар сайлауға қатысты. Дубайдағы ҚР бас консулдығының мәліметінше, тек осы мегаполистің өзінде екі мыңдай Қазақстан азаматы тұрады. Нұр-Сұлтаннан келген Шалекеновтер отбасы алған әсерлерімен бөлісті.

– Қазақстан Президентін сайлауға тұңғыш рет қатысуым. Қазір жұбайым екеуіміз БАӘ еңбек демалысымызды өткізіп жатырмыз.Елімізден бірнеше мың шақырым қашықта болғанымыз сайлауға қатысуымызға кедергі болған жоқ. Консулдық қашан, қай жерде дауыс беруге болатыны туралы барлық ақпаратты ұсынды. Сайлау учаскесінде дауыс беруге барлық жағдай жасалған: қазақтың халық әуені ойнап тұрды, ұлттық тағамдардан (бауырсақ, талқан) дәм таттық. Өз кандидатымызға дауыс берген соң, әйелім екеуіміз біздің елімізде БАӘ сынды қарқындап дами берсін деген тілек тіледік, – дейді Анвар Шалекенов.


Анвар Шалекенов

Анвар Шалекенов / Фейсбуктегі фото


Дубайдағы ҚР Бас консулы Рауан Жұмабек ұсынған ақпаратқа сәйкес, БАӘ-де екі сайлау учаскесі ұйымдастырылған: астанасы – Абу-Даби мен Дубайда. БАӘ-де бүгін – жұмыс күні, сондықтан сайлаушылардың басым бөлігі түске дейін келді. Олардың көбі – осында жұмыс істейтіндер. Ал түстен кейін бұл учаскелер туристерді қабылдады.

20.39 – 20.30-да ҚР Орталық сайлау комиссиясы хатшысы Сәбила Мұстафина облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы тізімге енгізілген сайлаушылардың сағат 20.00 дейін 77 пайызы сайлау бюллетеньдерін алғанын хабарлады. Сонымен бірге заңға сәйкес жергілікті уақыты әлі 20.00 болмаған батыстағы бірнеше облыста және 41 елдегі 51 учаскеде дауыс беру жүріп жатқанын айтты.


Сабина Мустафина

Сәбила Мұстафина / Фото informburo.kz


Ақмола облысы – 83%;
Ақтөбе облысы – 84,6%;
Алматы облысы – 89%;
Атырау облысы – 71,2%;
Шығыс-Қазақстан облысы – 84,5%;
Жамбыл облысы – 81,3%;
Батыс Қазақстан облысы – 66,2%;
Қарағанды облысы – 77,1%;
Қызылорда облысы – 77,6%;
Қостанай облысы – 84%;
Маңғыстау облысы – 68,3%;
Павлодар облысы – 79,5%;
Солтүстік Қазақстан облысы – 79,8%;
Түркістан облысы – 84,8%;
Нұр-Сұлтан қаласы – 68,3%;
Алматы қаласы – 52,2%;
Шымкент қаласы – 67,1%.

20.23 – Нұр-Cұлтан уақытымен сағат 20.00-де елімізде дауыс беру аяқталды. Дейтұрғанмен, еліміздің батыс аймақтарында – Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан, сондай-ақ, Қызылорда облысында уақыт айырмашылығына байланысты дауыс беру процесі сағат 21.00-ге дейін жалғасады.

Шетелде 8 мыңнан астам қазақстандық дауыс берді – ҚР СІМ

20.10 – Бұл – шетелдегі қазақстандықтардың жартысынан көбі. Әр елдегі қазақстандықтар Президенттік сайлауда дауыс берді. Кейбірі тіпті сайлау учаскілеріне алыстан арнайы барған.

Қазақстандық Айдана Тілеукен дауыс беру үшін Шотландиядан Англияға 8 сағат жүріп барған.

– Мен Глазгодан Лондонға өз таңдауымды жасау үшін келдім. Автобуспен 8 сағат жүріп келдім. Елшіліктің осындай мүмкіндік бергеніне рақмет! Қазақстандықтардың шетелдегі белсенділігі қуантады, – деді Айдана Тілеукен.


Айдана Тілеукен

Айдана Тілеукен / Фейсбуктегі фото


Ақнұр Қарабай да Лондондағы елшілікте дауыс берді.

– Азаматтық парызымды өтегеніме қуаныштымын. Қазақстандықтардың бұлай жиналуы көз қуантады, – деді Ақнұр Қарабай.


Ақнұр Қарабай

Ақнұр Қарабай / Фейсбуктегі фото


Прагадағы Карлово университетінің студенті Данияр Сәбитов сондағы Қазақстан елшілігіне барып дауысын бері, сонымен қатар байқаушы болды.

– Чехияда тұратын қазақстандықтар ҚР СІМ сайтында алдын ала тіркеле алды. Жалпы 434 адам тіркелген. Төрт байқаушы болдық. Негізінен дауыс беруге келіп жатқандар – жастар, – деді Данияр Сәбитов.


Данияр Сәбитов

Данияр Сәбитов / Фейсбуктегі фото


Қазір Киевте жүрген Қазақстан азаматы Әйгерім Қасымова да өз әсерімен бөлісті.

– Мен шетелде бірінші рет дауыс бердім. Өте қызық. Елшілікке кірер алдында дастархан жайылды. Келушілер қазақ дастарханынан дәм татты, – деді Әйгерім Қасымова.


Әйгерім Қасымова

Әйгерім Қасымова / Фейсбуктегі фото


СІМ мәліметінше, 51 елде 64 сайлау учаскісі ашылып, онда 15 мыңдай ҚР азаматы дауыс беруі керек болған.

20.07 – Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 17.00-де ең соңғы ашылған сайлау учаскесі Вашингтон, Нью-Йорк пен Оттава қалаларында орналасқан. Дауыс беру аяқталғаннан кейін, ондағы құжаттар елордадағы Есіл аудандық сайлау комиссиясына жіберіледі.


Ең соңғы сайлау учаскесі Вашингтонда ашылды

Ең соңғы сайлау учаскесі Вашингтонда ашылды / Фото ҚР СІМ


20.00 – 19.00-де ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілі Роман Василенко шетелдегі отандас сайлаушылардың сағат 19.00 дейін 54,2%-ының дауыс бергенін хабарлады.

– 9 маусымдағы мәлімет бойынша шетелде тіркелген сайлаушылардың саны – 15 349. Шетелдегі дауыс беру тыныш өтіп жатыр. Ондағы 12 сайлау учаскесінде отандық қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдардың, сонымен бірге Тәуелсіз мемлекеттер достастығының (ТМД) 35 байқаушысы жұмыс істеп жатыр.

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 19.00 дейін 8322 отандасымыз дауыс беріп үлгерді. Бұл шетелдегі сайлаушыларымыздың 54,2%-ы, – деді Роман Василенко.


Фото informburo.kz


Роман Василенко шетелден келген журналистерінің жалпы нақты саны белгісіз дейді. Себебі, тіркеуден өткен кей журналистердің келмей қалуы мүмкін екендігін ескертті.

– Мысалы, Германиядағы бір телеарнадан 16 журналист тіркеуден өтті. Олардың қаншасының Қазақстанға келгенінен хабарымыз жоқ. Мөлшермен мыңнан астам журналист келген, – деді Роман Василенко.

19.44 – "ҚР СІМ жанында шетелдік БАҚ-тың 121 журналисі тұрақты тіркелген. Оған қоса сайлауға шетелдік тағы 227 журналист тіркелді"деп мәлімдеді министр орынбасары Роман Василенко. Осымен сайлауға шетелдік 348 тілші тіркелді.

Соның нешеуінің келгені туралы бізде мәлімет жоқ.

ҚР ОСК шетелдік тағы 1013 бақылаушыны тіркеді. ЕЫҚҰ парламенттік ассамблеясы (ОБСЕ) бойынша Қазақстанға 14 адам келе алмай қалды. Яғни, қазір елде 1000 шақты шетелдік бақылаушы жұмыс істеп жатыр деген сөз.

19.38 – ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Алматыдағы Agence France Press (AFP) журналисінің ұсталғаны және репортердің түсірген суреттерінің барлығын полиция қызметкерлері өшіріп тастағаны туралы оқиғаға пікір білдірді.

– Расында, Алматыда AFP журналисі Кристофер Риколтонды полиция қызметкерлері ұстап әкеткен. Тергеу-тексеру амалдарынан кейін корреспондентке барлық құжаттары мен құралдары қайтарылды, полиция қызметкерлері кешірім сұрап, ол кісі босатылды. Аталмыш журналист өзінің Twitter-дегі аккаунтында оны ешкім ұрып-соқпағанын, абайсызда құлап, көзінің астын көгертіп алғанын жазды, – деп атап өтті Роман Василенко.

18.56 – Ресейден келген бақылаушы Елена Афанасьева сайлау учаскелерінде болған кішігірім шиеленістердің бірден шешімін тауып отырғанын атап өтті.

– Бір бөлімшеде бақылаушы комиссия құрамын дұрыс көрмегенін айтып еді, төраға ол кісіге комиссия мүшелерін де, сайлау жәшігін де, дауыс берушілерді де көруге мүмкіндік беретін ыңғайлы орын тауып берді.

18.24 – 18.16-де ҚР Орталық сайлау комиссиясы мүшесі Бақыт Мелдешев облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы тізімге енгізілген сайлаушылардың 72,9 пайызының 18.00 сағатқа дейін сайлау бюллетеньдерін алғанын хабарлады.

Ақмола облысы – 81%;
Ақтөбе облысы – 84,1%;
Алматы облысы – 86,3%;
Атырау облысы – 71,1%;
Шығыс-Қазақстан облысы – 77,2%;
Жамбыл облысы – 73,8%;
Батыс Қазақстан облысы – 66,2%;
Қарағанды облысы – 72,8%;
Қызылорда облысы – 69,1%;
Қостанай облысы – 81,1%;
Маңғыстау облысы – 65,7%;
Павлодар облысы – 73,1%;
Солтүстік Қазақстан облысы – 75,7%;
Түркістан облысы – 78,8%;
Нұр-Сұлтан қаласы – 63,7%;
Алматы қаласы – 49,2%;
Шымкент қаласы – 63,6%.

Орталық сайлау комиссиясы ұсынған мәлімет

Орталық сайлау комиссиясы ұсынған мәлімет / Фото informburo.kz


18.14 – Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары Мирас пен Жанель Абдрахмандар Қазақстан Президентіне дауыс беру мен неке қию салтанатын бір уақытта өткізуді жоспарлапты. Жас жұбайлар елордадағы №142 сайлау учаскесінде неке қию рәсімін өткізді әрі осы жерде болашақ Президентке дауыс берді.

"Бүгінгі еліміз үшін тарихи күнге үйлену тойымыздың тұспа тұс келгеніне қуаныштымыз. Соны өзіміз қаладық. Бүгін отау құрдық әрі еліміздің болашағы үшін дауыс бердік. Әйеліме жеке пікірімді таңған жоқпын, бірақ өзімнің кімге дауыс беретінімді айттым", – дейді Мирас Абдрахман.


Нұр-сұлтанда жас жұбайлар сайлау учаскесінде некесін қиды

Нұр-Сұлтанда жас жұбайлар сайлау учаскесінде некесін қиды / Фото informburo.kz


17.46 – Нұр-Сұлтан қаласындағы митинг кезінде ешкім жапа шеккен жоқ. Бұл туралы ҚР ІІМ хабарлады.

Ведомство мәліметіне сенсек, егде жастағы бір қатысушы есінен танып қалған. Полиция қызметкерлері жедел-жәрдем шақырып, азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Ол дәрігерлермен бірге оқиға орынан кетіп қалған.

"Полицияларлың ұстап әкетуі кезінде ер-азамат қайтыс болды деген мәлімет шындыққа жанаспайды" деп мәлімдеді ІІМ. Полиция қызметкерлері азаматттарға қарсы ешқандай арнайы құралдар қолданбаған.

17.24 – Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде 600-ге жуық сайлаушы дауыс берді. Оның ішінде Иманғали Тасмағамбетов те бар.


Мәскеудегі учаскеде сайлаушылардың келуі жоғары

Мәскеудегі учаскеде сайлаушылар дауыс беруге өте жақсы келіп жатыр / Фото ҚР Сыртқы істер министірлігі


17.07 – Атлант кеңесінің мүшесі Ричард Вейтц 7 сайлау учаскесін аралады. Ешқандай тәртіп бұзу болмағанын айтқан бақылаушы сайлаудың деңгейіне көңілі толған.

– Мені халықаралық және жергілікті бақылаушылардың қатары көптігі таң қалдырды. Әсіресе, жергілік тәуелсіз бақылаушылардың көптігі қуантты. Америкадағы сайлауға барған кезімді ешуақытта бақылаушы, әсіресе, шетелдік сарапшыларды көрмеппін. Жалпы сайлаудың ашық өтіп жатқандығы – жақсылықтың нышаны, – деді ол.


Ричард Вейтц - АҚШ-тан келген бақылаушы

Ричард Вейтц – АҚШ-тан келген бақылаушы / Фото informburo.kz


Бақылаушы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы жағдайдан хабардар екенін жеткізді.

– Аса байқала қоймады, дегенмен наразы жастар бар. Мұны әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінен көруе болады. Оларды сайлау учаскелерінде көрмедім.

16.42 – Суға секіруден Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері Мадридте дауыс берді.


Казахстандық спортшылар Мадридте дауыс берді

Казахстандық спортшылар Мадридте дауыс берді / Фото ҚР СІМ


16.36 – Атырауда дауыс беруге Қыз Жібек пен Төлеген келді.

Өтемісов атындағы Қазақ академиялық драма театрының 15 актері сайлау учаскелеріне сахналық образда келіп, дауыс берді. Бұл туралы Атырау облыстық аймақтық коммуникация қызметі хабарлады.

– Біз ешқандай саяси партияның мүшелігінде жоқпыз, жәй ғана сайлау процесінің маңызын көрсеткіміз келді. Біздің қаһарман бабаларымыз Қазақ мемлекетінің егеменді ел ретінде қалыптасуы жолында аянбай тер төкті, еңбек етті, дарынды да дана ұлттың ұрпақтары ретінде біз осыны біліп, қастерлей алуымыз керек. Сайлауға қатысу арқылы әрқайсымыз Отанымыздың өркендеуіне өз үлесімізді қосамыз деп ойлаймын, – дейді театр режиссері Жанат Телтаев.

Сайлау учаскесіне келген актерлер 15 минуттай "Қыз Жібек" қойылымынан үзінді орындап берді.

– Дауыс беруге театрдың барлық артистері келмеді, тек осы учаскеге тіркелгендері ғана осында, – деді Жанат Телтаев. Атырау облысы бойынша 409 679 сайлаушы тізімге алынған.


Атыраудағы сайлау учаскесіне актерлер келді

Атыраудағы сайлау учаскесіне актерлер келді / Фото Атырау облыстық АКҚ


16.33 Дауыс беруден Ақтөбе облысы алға шықты

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес 2019 жылдың 9 маусым сағат 16.00 дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 65,9 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды.

Ақмола облысы – 75,1%;
Ақтөбе облысы – 79,7%;
Алматы облысы – 78,9%;
Атырау облысы – 64,9%;
Шығыс-Қазақстан облысы – 69,8%;
Жамбыл облысы – 71,8%;
Батыс Қазақстан облысы – 59,8%;
Қарағанды облысы – 63,1%;
Қызылорда облысы – 64,5%;
Қостанай облысы – 69,7%;
Маңғыстау облысы – 60,3%;
Павлодар облысы – 67,9%;
Солтүстік Қазақстан облысы – 68,3%;
Түркістан облысы – 70,0%;
Нұр-Сұлтан қаласы – 49,6%;
Алматы қаласы – 45,7%;
Шымкент қаласы – 55,6%.

Ляззат Сүлейменова, Орталық сайлау комиссия мүшесі

Ләззат Сүлеймен, Орталық сайлау комиссия мүшесі / Фото ҚР Орталық сайлау комиссияясы сайтынан алынды


16.25 – 95 жастағы Ұлы Отан соғыс ардагері Казис Жолдыбаев Нұр-Сұлтан қаласында дауыс берді. Зейнеткер екі жылдан бері жүрмейді. Дауыс беру жәшігін оның үйіне әкелді.

– Осы уақытқа дейін қанша рет дауыс бергенімді білмеймін. Көп. Бүгін сайлау екенін білемін. Кімге дауыс беретінімді білемін. Үміткерлердің арасынан таңдаймын, – дейді Казис Жолдыбаев.

Жәшікті ардагердің жанына қойған кейін сайлау комиссия мүшелері оған бюллетень беріп, бөлмеден шығып кетті. Сайлау комиссиясы мүшелерінің айтуынша, үйде дауыс берудің біршама қиыншылықтары бар.

– Егде жастағы кісілерге жеке күтім керек. Біз бәрін ескереміз. Бөлімшеге келе алмайтындар өтініш жазады. Біз олардың үйіне өзіміз барамыз. Бақылаушылар бізбен бірге барады. Әдетте сайлау комиссиясының екі мүшесіне екі бақылаушы бекітіледі. Жәшіктерге бақылаушылардың көзінше таңертең мөр басылған. Ал оның тұтастығы мен амандығына біз жауап береміз, – деп түсіндірді №50 сайлау комиссиясының мүшесі Индира Закарьянова.


Казис Джулдыбаев

Казис Джулдыбаев / Фото informburo.kz


16.12 – Оралдағы перинаталды орталықтың Патология бөліміндегі 80 әйел өз таңдауын жасады.

– Учаске жабық. Кейбір әйелдер ауыр босанған. Десек те, сайлау белсенді өтті, – дейді сайлау комиссиясының төрағасы Гүлсара Тажекенова.

Оралдың тұрғыны Айгерім Айтмұхамбетова 7 маусым күні қыз босанған, араға екі күн салып дауыс беріп жатыр:

– Бұл айтулы күндер мәңгі есімде қалатын шығар. Қызды болып, қуанышым қойныма сыймай жатқан жайым бар. Өзімнің және қызымның болашағы үшін дауыс бердім, – дейді жас ана.


Оралда босанған аналар да дауыс берді

Оралда босанған аналар да дауыс берді / Фото informburo.kz


15.43 – Жас сайлаушылар лигасы сағат 13.00-ге дейінгі сайлау учаскелерінде болған тәртіп бұзушылықтар туралы айтып берді.

Олардың мәліметіне сәйкес, комиссия мүшелері бақылаушылардың бөлімше аумағында қозғалуына көп кедергі келтірген, учаскенің негізгі аумағын қызыл лентамен қоршап та қойып, үстелге жақындатпаған.

Алматыда төрт бақылаушыға қызыл лентаны ескермей, жұмысын жалғастырғаны үшін сес көрсетіп, бөлімше аумағынан шығарып жіберуге дейін барды. Кейбір комиссия мүшелері бақылаушыларды сайлау учаскесінен тыс жерде шай ішуге шақырғанын жоба үйлестірушісі Василина Атоянц мәлімдеді.

Алматыдағы үш учаскенің ашылуына бөгде адамдар қатысты: тәртіп сақшылары, эвакуациялық шығу есіктерін тексерушілер, әкімдіктің, ХҚО-ның кураторлары мен еріктілер. Бір бөлімшеде кандидаттың үгіттеу плакаты ілінген.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да тәртіп бұзушылық ("карусель") тіркелгенін де Жас сайлаушылар лигасы айтты. Оқиға болған жерге ЖОО ректоры Ғ.Мұтанов пен тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ш.Жаманбалаева келді, тексеру жүргізілуде.

Басқа қаладан келген студенттер Алматыдағы екі учаскеде алдын ала белгілі болған нөмірмен дауыс беріп жатыр. Олар комиссия мүшелеріне келіп, нөмірін айтады. Мұғалімдері дауыс беруге бармаса, өндірістік тәжірибеден өткізбейміз деп студенттерге айтқан. Көбі "есеп үшін" суретке түсіп жатыр.

15.20 – Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев:


ывыв

Марат Қожаев / Фото informburo.kz


– 7-11 маусым аралығында ішкі істер органдары күшейтілген режимге көшті. Полиция және Ұлан әскері әкімдіктермен бірлесе қоғамдық тәрітпті қадағалап жүр. Дала мен қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтауға 19 мыңнан астам полиция жұмылдырылған. Өрт қауіпсіздігі де ескерілді. Жедел тіркеу топтары құрылды.

Осы сағатқа дейін жағдай тұрақты. Сайлау комиссияларына арыздар келіп түскен жоқ. Арал қаласы нөмір 42 учаскеге құжатсыз келген Искаков деген азамат мас екен, сайлау жәшігін аяғымен теуіп сындырған. Қазіргі кезде әкімшілік жауапқа тарту шарасы қарастырылып жатыр.

Өрескел қоғамдық тәртіп бұзу тіркелген жоқ. Жалпы барлық қажетті шараларды атқарып жатырмыз. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы алаңдарда Қазақстанда тіркелмеген және тыйым салынған экстремистік ұйымдардан бірнеше 100 адам жиналып, митингке шыққан. Өздеріңізде біліп отырған шығарсыздар, осы ұйымның басшылары сайлау алдында билікті дискриминациялау үшін бойкот жариялауға көпшілік арасында насихат жұмыстарын жүргізді. Олардың деструктивті үндеулеріне қарамастан сайлау жоспарлы режимде өтіп жатыр.


ІІМ мәліметінше Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында митингтерге бірнеше жүз адам қатысуда

ІІМ мәліметінше Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында митингке жүздеген адам шыққан / Видеодан үзінді|


Журналистер митингтен азаматтық қоғам өкілдері және басқа басылым тілшілерінің ұсталғаны туралы сұрады. Қожаев:

– Журналистердің ұсталғаны туралы білмедім. Бәрі анықталатын болады, – деп жауап берді.

15.09 – "Аманат" азаматтық платформасы сайлау бойынша бірінші есебін ұсынды. Бұл туралы "Қазинформ" ХАА хабарлады.

Сағат 11.00-ге дейін техникалық және ұйымдастыру ісіне байланысты 14 тәртіп бұзушылықтың тіркелгенін мәлімдейді "Аманат" азаматтық платформасының өкілі Мұрат Әбенов.

"Техникалық жағдайлар мен ұйымдастыру шараларына қатысты кішігірім тәртіп бұзылды. Сонымен қатар, елуге жуық ауызша ескерту жасалған, сайлау комиссиясы олқылықтың орнын уақтылы толтырып отырған".

14.56 – Орталық сайлау комиссиясы сағат сайын журналистерге арнап брифинг өткізіп жатыр. Сағат 15:00 Ішкі Істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев республика бойынша сайлау кезіндегі құқықтық тәртіпті сақтау туралы соңғы мәліметтерді хабарлайды.

Уақытша тіркеумен дауыс беру заңсыз

14.50 – ҚР ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров қазақстандықтардың уақытша тіркеу бойынша дауыс беру құқығы жоқтығын атап өтті.

Дауысты тұрақты тіркелген мекен-жайында беру керек. Уақытша тіркеуі бар адамдар дауыс бермейді. Олар тізімге алдын ала енгізілуі керек болатын. Дауыс берушілер тізіміне мекен-жай анықтамасы бойынша қосуға бола ма? Әрине, болады. Егер ол тіркелген болса, әрине дауыс берсін.

Сонымен қатар ол ТЖ ғимаратында ешбір учаске мен тіркеуге байланбай, еркін дауыс беретін учаске ашылды деген сыбысқа қатысты: "Ондай болуы мүмкін емес, Ондай жоқ" деп жауап берді.

14.45 – Ресейлік актёр Александр Рапопорт ("Елбасы жолы" фильмінің бір бөліміне түскен) – Қазақстандағы сайлауда халықаралық бақылаушы. Ол төрт сайлау учаскесін аралап шықты, әзірге ешқандай ескертуі жоқ.

– Нұрсұлтан Назарбаев белгілі бір уақытқа дейін тізгінді ұстап тұруы мүмкін. Дұрыс таңдау жасалғанына көз жеткізуі керек. Әйтпесе, билік босаңсып қалуы мүмкін. Егер ол (Нұрсұлтан Назарбаев – авт.) жағдайдың бір қалыпты екеніне көз жеткізсе, тізгінді жібереді, – дейді ол.

Актёр отыз жылдан бері Нью-Йоркте тұрады, сондықтан батыс пен шығыс елінің сайлауға қатысты көзқарасын салыстырды.

"Менің дауысым ештеңе шешпейді" деген ой шығыс менталитетіне тән. Батыста керісінше "Дәл менің дауысым көп нәрсе шешеді" деп есептейді.

Америкада кіші Джордж Буш пен Альберт Гор сайлауға түсіп жатқанда мынадай жағдай болған. Қайта дауыс берілді, өйткені 50 де 50. Сөйтіп, соңына дейін кімнің жеңіске жететіні беймәлім болды. Бұл жердегі жағдай да сондай: кімнің Президент болатыны белгісіз. Ресейде де сол жағдай. Ендігі бір мәселе – әр азамат келіп, дауыс беруді өзінің міндеті санауы керек".

Десе де, актердің өзінің сайлаушы ретінде Ресейде де, АҚШ-та да дауыс беруге бармайтынын айтты.


Фото informburo.kz


14.25 – Алматыдағы №203 сайлау учаскесіндегі бақылаушы студенттердің қатысуымен болған тәртіп бұзушылықты ("карусельді") тіркеді.

Акт толтыру барысында: "Таңғы 7.30-дан 8.00-ге дей-ге дейін №203 сайлау бөлімшесінде тіркеуде жоқ 90-100 адам щамасында ЖОО студенттері дауыс берген. Видеотіркеу бар. Бюллентень алып жатып, олар мекен-жайын (тіркелген жерін) дұрыс айта алмай, шатасқан, өздерін күдікті ұстаған. Бұл фактілер студенттердің аталмыш учаскеде тіркелмегенін, кураторларының (деканат) нұсқауымен келгенін көрсетеді" деп жазады бақылаушы Орманова деп бұл туралы "КазТАГ" хабарлады.

Сайлау учаскесінің төрағасы Айдан Серікқұлов бұл актіге қол қоюдан бас тартқан.

– Мұндай жағдай болған жоқ, сондықтан қол қоюдан бас тарттым. Уақытша тіркеуде тұрған студенттеріміз бар, біздің және басқа университеттердің оқушылары. Біздің бөлімшеде дауыс беруге ұсыныс білдірді, өйткені оқу ғимараты біздің учаскенің жанында орналасқан. Біз оларды заңды негізде сайлаушылар тізіміне қостық. Олардың тұрақты мекен-жайы жоқ, – дейді учаске жетекшісі.

– Өзге қалалардан келгендер оқу кезеңінде бізде тіркеуде тұрады. Оқу аяқталған кейін олар тіркеуден шығарылады. Дауыс бергендердің барлығы тізімде бар, бақылаушының оларды тізімнен неге көрмегенін түсінбеймін. Сол уақытта бізге отыз шақты студент келіп, жаппай дауыс берді. Студенттер сасып қалды. Бірінші рет дауыс беріп жатқандар сайлау учаскесінің кез келгеніне барып бюллетень алуға болады деп түсінген. Шатасып, сұрақты дұрыс түсінбей қалып, содан кейін барып мекен-жайын айтып жатты. Жарты сағатта қандай "карусель" болуы мүмкін? Ол уақытта 30 адам жиналды.

14.18 – Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес 2019 жылдың 9 маусым сағат 14.00 дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 51,8 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды.

Ақмол облысы – 56,7%;
Ақтөбе облысы – 69,4%;
Алматы облысы – 63,0%;
Атырау облысы – 45,4%;
Шығыс-Қазақстан облысы – 59,8%;
Жамбыл облысы – 56,3%;
Батыс Қазақстан облысы – 40,9%;
Қарағанды облысы – 49,7%;
Қызылорда облысы – 63,1%;
Қостанай облысы – 55,8%;
Маңғыстау облысы – 52,4%;
Павлодар облысы – 45,9%;
Солтүстік Қазақстан облысы – 53,6%;
Түркістан облысы – 49,3%;
Нұр-Сұлтан қаласы – 37,6%;
Алматы қаласы – 37,0%;
Шымкент қаласы – 40,5%.


14.12 – Атақты КВН-ші Сангаджи Тарбаев Қазақстан Президенті сайлауына халықаралық бақылаушы ретінде қатысты:

– Халықаралық бақылаушы ретінде шақырту алуыма қуаныштымын. Бірінші рет осындай мәртебеге иемін, сондықтан маңайымда болып жатқан нәрселер мен үшін таңсық. Бұл менің аралап жүрген үшінші учаскем. 79 және 80-ші учаскені көріп келдім. Онда бәрі қалыпты өтіп жатыр. Ешқандай заңбұзушылық жоқ. Ескертулер де болған жоқ. Бірақ мен Қазақстанда сайлаудың қалай өтуі керектігі туралы арнайы мәліметті оқып шықтым. Неге мән беру керектігін қарадым. Аталған ережелер бойынша заңбұзушылық болмады.

Менің ойымша, бұл жақсы, өйткені, балама табылды деуге болады. Мен үміткерлер туралы жақсы білмеймін, сол үшін жеке-жеке әрқайсысының өмірбаянын оқып шықтым. Әрқайсысы Президент болуға лайық.

Менің ойымша дұрыс (билік транзиті), демократиялық процесс болуы керек. Дегенмен әр елдің өзіндік ерекшеліктері, тарихы мен саяси жүйесі бар. Қазақстандағы қазіргі болып жатқан нәрселер елдің осы кезі үшін ең тиімді жолы деп ойлаймын.


Сангаджи Тарбаев

Сангаджи Тарбаев / Фото informburo.kz


14.03 – Қазақстандағы ТМД бақылаушылары миссиясының басшысы Сергей Лебедев өзі барған жеті учаскеде дауыс берудің қалыпты өтіп жатқанын және халықтың белсенділігінің жоғары екенін айтты.

– Шынымды айтсам, бұрынғы тәжірибеден білетінбіз, таңертең адам аз келеді, негізінен қарттар таңертең келіп дауыс береді. Алайда, бүгін жастардың белсенділіктері бізді таңдандырып отыр. Біз студенттердің екі жатақханасында болдық. Онда кезек өте үлкен, – деді Лебедев. – Екі жағдайды байқадық, бақылаушылар жәшікке тым жақынырақ таянған еді, жауапты азаматтар оларға сыпайы түрде ескерту жасады. Барлығы жоғары деңгейде өтіп жатыр, – деді Лебедев.

13.57 – Польшадан келген тәуелсіз сарапшы Виолетта Поровска учаскелердегі дайындықтың жоғары екенін атап өтті.

– Мен Қазақсандағы сайлауға алғаш рет қатысып отырмын. Мен үш жабық, екі ашық учаскеде, 4-ші ауруханада болдым. Барлық учаскелердің де, адамдардың да дайындығы жақсы. Тәуелсіз бақылаушыға шектеу болмағаны маңызды, бұл жерден оны күтуге болар еді. Біз сұрақтар қойып, барлық процедураларды қарадық. Таңғалдырғаны сағат 10.00 да сайлаушылардың 25 пайызы қатысып үлгерген.

Польшадан бір айырмашылығы бар. Бізде сайлау учаскелерінде кандидаттар туралы ақпарат болмайды. Ал Қазақстанда әрбір учаскеде кандидаттар туралы мәліметтер тұр. Бірақ ол маған ұнады, Себебі әр бір сайлаушы тағы бір рет кандидаттармен таныса алады.

13.25 – Халық әртісі, опера әншісі, ұстаз Бибігүл Төлегенова денсаулығына байланысты үйінде дауыс берді. Алматыдағы №559 сайлау учаскесінің мүшесі дауыс беру жәшігін алып, журналистермен бірге xалық әртісінің үйіне беттеді.


Фото informburo.kz


Өз таңдауын жасаған Бибігүл Аxметқызы:

– Бұл сайлау – барша қазақстандықтар үшін үлкен мереке. Еліміздің екінші Президентін сайлаудың куәгері болғаныма бақыттымын. Өз дауысымды берген үміткер еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосады деп сенемін. Қазақстанның бүгінде мемлекет ретінде жеткен жетістігі көп. Елбасының сарабдал саясатының арқасында ішкі және сыртқы саясатымыз орнығып, экономикамыз тұрақталды. Әлеумет пен мәдениетіміз қарыштап дамыды. Ендігі Президент осы күнге дейінгі атқарылған ауқымды істерді әрі қарай жалғастырып, еліміздің аяғына нық тұруына өз септігін тигізсе деймін. Ең басты құндылық – бейбіт өміріміз бен егемендігімізді сақтау. Жұртымыз аман, заманымыз тыныш болсын! – деді.


Фото informburo.kz


N559 сайлау учаскесінің төрайымы Гүлнәр Жақсыбаева денсаулығына байланысты дауыс беруге келе алмайтындар 9 маусым күнгі сағат 12.00-ге дейін өтініш беріп, үйіне шақырта алатынын айтты. Аталмыш бөлімшеге мұндай 16 өтініш келіп түскен. Өтініш бергендердің басым бөлігі – қариялар.

13-20 – Алматы қаласындағы ЛА-155/18 тергеу изоляторында 9 жүз адам дауыс берді.

ҚР азаматы, үкімі заңды күшіне енген тергеу изоляторындағылардың жалпылама сайлау құқы бар.

ЛА-155/18 мекемесінде 900-ге жуық адам дауыс бере алды. Оларға №479 сайлау бөлімшесі белгіленіп, мекеменің басшысы ретінде әділет подполковнигі Нұрлыбек Қамиев тағайындалды.

Жатақханада тұратын қызметкерлер тергеу изоляторындағылармен бірге дауыс берді.


ЛА-155/18 тергеу изоляторында

ЛА-155/18 тергеу изоляторында


13.13 Informburo.kz тілшісі мәлімдейді, ОСК пресс-орталықта Wi-Fi таратып тұр. Оған журналистердің ноутбуктары мен ұялы телефондары қосылған. Сонымен қатар, ұялы байланыс желісінде ақау байқалады. Tele2 мен Altel сигналы мүлдем жоқ.

Болат Дембаевтен журналистер интернет неге тұрақты емес, байланыс жоғалып, ақпарат таратуға кедергі болып жатқаны туралы сұрады. Ол:

– Интернет туралы білмедім, телефонымды өзіммен алмаған едім. Ол туралы ешқандай мәлімет жоқ, – деп жауап берді.

12.53 – ҚР Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев:

– Сайлаудың алдындағы күні кез келген сайлау үгіт -насихатын жүргізуге қатан тыйым салынады. Ол үшін әкімшілік жаза бар. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102 бабы бойынша жеке тұлғалар үшін 15 АЕК, заңды тұлғалар үшін 30 АЕК яғни, 37-75 мың теңге төңірегінде, сәйкесінше.

Сайлау күні және сайлаудан бір күн бұрын үгіт-насихат жүргізу заңға қайшы. Қазіргі таңда тыйым салынғанына қарамастан агитация жасырын түрде әлеуметтік желіде жүріп жатыр, дауыс берген бюллетеньді сүретке түсіруде агитацияға жатады. Сонымен қатар комиссия отырысының протоколын жарияланғаны туралы фактілер бар. Комиссия жұмысына кім қатысты , бәрі жіті тексерілетін болады. Барлық сондай фактілер бойынша тексерулер жүргізіліп, тіркелетін болады.

Қазір Қосановқа дауыс бер деген жазба қалдырған бір азаматқа қатысты факт бар. Қазір сайт кімге тиесілі, кім кірді деген тексерулер жүріп жатыр. Жалпы, республика бойынша сайлау тыныш өтіп жатыр, қоғамдық бұзушылық байқалған жоқ.

Алматы облысында 2 бюллетеньді бір жәшікке салғаны туралы айтар болсам, сайлау комиссия мүшесі де сайлаушы да жазаға тартылады. Әкімшілік жаза.

12.44 – Орталық сайлау комитетінің хабарлауынша сағат 12-де тізімдегі сайлаушылардың 35,1% таңдау бюллетенін алды.

Ақмола облысы – 45,9%;
Ақтөбе облысы – 50,3%;
Алматы облысы – 47,3%;
Атырау облысы – 33,5%;
ШҚО – 44,8%;
Жамбыл облысы – 43,7%;
БҚО – 26,1%;
Қарағанды облысы – 29,6%;
Қызылорда облысы – 39,3%;
Қостанай облысы – 35,5%;
Маңғыстау облысы – 29,3%;
Павлодар облысы – 36,0%;
СҚО – 33,9%;
Түркістан облысы – 30,0%;
Нұр-Сұлтан қаласы – 24,6%;
Алматы қаласы – 19,0%;
Шымкент қаласы – 24,6%.

12.20 – Нұр-Сұлтандағы №57 учаскеде Әміржан Қосанов үміткерлердің ең соңғысы болып сағат 12.10-да дауыс берді.


Фото informburo.kz


Дауыс бергеннен кейін журналистермен сұхбаттасты. Әміржан Қосановпен бірге жұбайы және саясаткер Расұл Жұмалы, Дәурен Бабамұратов қатарлы жақтастары келді.

Ол: – Қазақстан халқының жеңісі үшін дауыс бердім, – деді бюллетенін салып тұрып.

– Қазақстанда билік транзиті басталды. Біз сайлау туралы заңды сынап келеміз. Кей азаматтардың "Бойкот" жариялауына қарамай, xалық сайлау құқымен бірге бақылау құқын да пайдаланып жатыр. Өте қуантарлық жағдай. Қазір біздің сайлау штабымызға қатысы жоқ тәуелсіз байқаушылар желісі қалыптасты.

Сайлаудың шырқау шыңы – бюллетеньді санау кезі. Нәтижеге қараймыз. Тәуелсіз байқаушылардың хаттамасы, дауыс нәтижесі негізінде жұмыс жасаймыз, – деп ол тәуелсіз байқаушылардың сайлау нәтижесі туралы пікірлерімен санаса, олармен бірлесіп жұмыс жасау жағын да қарастырып отырғанын мәлімдеді.


Фото informburo.kz


12.18 – Сағат 11.20-да атақты скрипкашы Жәмила Серкебаева Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханада, №254 бөлімшеде дауыс берді. Ол сайлаудан қалмайды. Серкебаевтар әулеті жан-дүниесіне жақын үміткерге дауыс береді.

– Бөлімшедегі атмосфера тыныш, бәрі жақсы ұйымдастырылған, кезек те, қарбалас та жоқ. Менің мекен-жайымды тез тапты. Әртістер ғана емес, атақты адамдардың барлығы өздерін еркін сезінеді. Отбасымыздың тірегі әкем дауыс беруге бағыттады, – дейді Жәмила Серкебаева.


Фото informburo.kz


12.10 – Нұр-Сұлтан. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен:

– 1 млн 947 995 сайлаушылар енгізілген. Республика бойынша бүгінгі сағат 12.00-дегі мәлімтке сәйкес сайлаушылардың 35,1 пайызы сайлау бюллетендерін алды.

12.06 – Әнші Роза Рымбаева Алматыдағы Абай атындағы Ұлттық кітапханада №254 сайлау бөлімшесінде дауыс берді.

– Лайықты адам жеңіске жетеді деп ойлаймын. Әрбір жаңа билік өзінің бағдарламасын әзірлейді. Бұл – халық өмірінің жаңаруы. Өткенді електен өткізе отыра, жаңа өзгерістерді енгізуіміз керек. Біз Қазақстанның қарапайым адамы ретінде нәтижені күтеміз. Менің отбасымда ұлдарым да дауыс берді. Тіпті менің зейнеткер әпкем де барып, дауыс берді, – дейді Роза Рымбаева.

Қазақстанның көпбалалы аналары жағдайы туралы түсініктеме берді. Әншінің ойынша, билік бұл санаттағыларға билік барлық мүмкіндіктерді қарастырып жатыр. Ал барлығына бірдей үй беріп, жәрдемақымен қамтамасыз етудің қиындығын айтты.

– Жұмсалып жатқан ақшалар қалтадан емес, бюджеттен алынып жатыр. Бұл мәселе шешімін табады деп ойлаймын. Биыл осы сұрақтар – әйелдердің көтерілісі жөнінде баспасөзде көп талқыланды. Барлығы да ізгілік үшін. Біртіндеп бұл мәселені де шешеміз, – деді ол.

Рымбаева әрбір сыннан сабақ алу керектігін айта кетті.

– Бекерден бекер сын айтылмайды. Демек бір тұстан қателік жібердік. Кез келген жас әлеуметтік желі, теледидар, баспасөз арқылы өз көзқарасын білдіре алады. Барлық тақырыпта еркін айта алатынымызға қуаныштымын, – деп өз көзқарасын білдірді Роза Рымбаева.


Фото informburo.kz


12.03 – Сағат 10.48-де Ақ жол" ҚДП көшбасшысы Азат Перуашев Алматыдағы №372 сайлау учаскесінде дауыс берді.

– Осында бірге оқыған, Чернобыль маңында әскерде болған жан досым кеше қызын ұзатты. Досымның қуанышына ортақтасып, Алматыға келген жайым бар. Дауыс беру куәлігімді осы қалаға ауыстырдым. Алматының асқар тауларын ұнатамын, – деді ол.

Саясаткер сондай-ақ Президенттікке үміткер Дания Еспаеваның бақылаушылар штабы аймақтарда бір кандидат үшін жәшікке бірнеше бюллентень салғысы келгендерге тосқауыл болғанын айтты:

– Бұл жағдай қазақстандықтардың таңдауына кері әсер етпейді деп есептеймін, – деді Азат Перуашев.


Фото informburo.kz


11.44 – Нұр-Сұлтан қаласындағы 57 сайлау учаскесінде Қытайдан атажұртқа оралған екі қандасымыз дауыс берді.

Қалияр Әділхан:

– Азаматтық алғаныма енді бір жыл толады. Тұңғыш рет Тәуелсіз Қазақстанның, отанымының болашағын белгілейтін Президент сайлауына қатысып, өз таңдауымды жасадым. Тәуелсіз еліміз аман болсын. Азаматтар өз болашақтары үшін дауыс береді, – деді


Фото informburo.kz


11.41 – Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Баxыт Сұлтанов №138 сайлау учаскесінде дауыс берді, бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты xабарлады (10.43).


Фото informburo.kz


11.35 – Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин №111 сайлау учаскесінде дауыс берді (10.39).

– Головкиннің жекпе-жегі туралы сөйлесейік пе?" – деп әзілмен бастаған мәжіліс спикері: – Шын мәнінде мұндай маңызды күнде қазақстандықтар өз таңдауын дұрыс жасау керек. Сайлау әділ, ашық әрі сәтті өтетініне сенемін, – деді.


Фото informburo.kz


11.27 – Нұр-Сұлтан қаласындағы №66 мектепте орналасқан №113 учаскесінде Дания Еспаева дауыс берді.


Фото informburo.kz

"Бүгін – менің өмірімдегі ең жауапты күн. Әрине, мен тек қана жеңістен үміттімін. Мен өзімнің жеңісімді әбден мүмкін деп ойлаймын. Өйткені мені партия ұсынып отыр. Тиісінше мен бизнес өкілдерінің атынан түсіп отырмын.

Кейбір сарапшыладың бұл сайлаудың нәтижесі алдын ала шешіліп қойылған, онда қазіргі Президент жеңеді деген алып-қашпа әңгімесі туралы: "Президент Тоқаев сайлауалды кампания басында сайлаудың әділ өтетініне уәде еткен. Мемлекет басшысы ретінде сөзінде тұрады деп ойлаймын. Оның үстіне қазір мыңдаған шетелдік және отандық бақылаушылар бар. Біздің партия бақылаушылары да жұмыс істеп жатыр. Бұл жолы үміткер санының жетеу екенін ескерсек, олардан келіп тұрған бақылаушылар да көп болады деген сөз. Сондықтан мен сайлауды таза және әділ болады деп сенемін, – деді Дания Еспаева.

"Өзіме еліміздегі әйелдердің үмітін ақтау – өте үлкен жауапкершілік. Бұл Қазақстан саясатындағы үлкен жетістік. Мен өзімнің мүмкіндігіме жүз пайыз сенемін" деді.

Журналистердің "Орта Азия халқы әйел адамды билікке шығаруға дайын ба" деген сқоағына: "Иә, соның ішінде Қазақстан да жүз пайыз дайын" деп жауап берді.

Келесі Президенттік сайлауға түсер-түспесі туралы үміткер "Оны енді болашақта көреміз" деп қысқа қайырды.


Фото informburo.kz


Үміткер Рахымбеков: Қазақстан жаңа қуатты күш алады

11.00Төлеутай Рахымбеков сайлау бөлімшесіне әйелін, үлкен екі қызы және кішкентай екі ұлын ерте келді (10.22).

– Көңіл-күйім керемет! Әрине, уайымдап тұрмын. Нәтижені күтеміз. Қазақстан қарқынды дамуы үшін жаңа қуатты күш алады деп ойлаймын, – дейді Төлеутай Рахымбеков.


Төлеутай Рахымбеков отбасымен

Төлеутай Рахымбеков отбасымен / Фото informburo.kz


10.43 – ОСК мүшесі Ақылбек Ихданов сағат 10.00-ге дейін дауыс бергендердің үлесі республика бойынша 12,8% болғанын мәлімдеді.

Аймақтар бойынша көрсеткіш мынадай:
  • Ақмола облысы – 20,5%;
  • Ақтөбе облысы – 16%;
  • Алматы облысы – 17,7%;
  • Атырау облысы – 8,5%;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 15,5%;
  • Жамбыл облысы – 18,5%;
  • Батыс Қазақстан облысы – 7,4%;
  • Қарағанды облысы – 10,1%;
  • Қызылорда облысы – 11,1%;
  • Қостанай облысы – 12,8%;
  • Маңғыстау облысы – 9,7%;
  • Павлодар облысы –11,4%;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 14,2%;
  • Түркістан облысы – 14,5%;
  • Нұр-Сұлтан – 10,3%;
  • Алматы – 4,1%;
  • Шымкент – 11,9%.

Сағат 10.00-ге дейінгі аймақтар бойынша дауыс беру көрсеткіші
Сағат 10.00-ге дейінгі аймақтар бойынша дауыс беру көрсеткіші / Фото informburo.kz

10.38 – 83 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Ханшайым Кұлжанқызы №111 сайлау учаскесіне сағат 5.00-де келген. Сайлаушы алғашқылардың бірі болып дауыс беріп, елімізге тыныштық пен бейбітшілік тіледі.

– Балаларымның болашағы үшін дауыс беруге келдім, – дейді қария.


Фото informburo.kz


10.22 сағатта 58 сайлау учаскесінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді.

– Халық адамды ғана емес,өз болашағын, мемлекеттің болашағын да таңдайды. Бұл сайлау менің Президенттік өкілеттігімді тоқтатып, билікті басқа буынға өткізіп беруімен маңызды. Меніңше, бұл – дұрыс шешім. Бәрі де елімізді өзгерткісі келеді.

Өткен жылдарда біз сіздермен бірге мемлекет құрдық және әлемге таныттық.

Мен билікті тыныш өткізіп бергенім үшін көптеген шетел басшыларынан хат алдым, телефон қоңырауын қабылдадым.

Бүгін жаңа Президентке дауыс беріп жатырмыз. Тұрақтылық және тыныштық сол Президентке байланысты, – деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.


Фото informburo.kz


10.06Сәдібек Түгел 136 сайлау учаскесіне 40 жыл отасқан жұбайымен келді.

– Көңіл күйім керемет. Бәрі дұрыс. Бұл біздің береке бірлігіміздің артқанын, тұтастығымызды, деократиямыздың артқанын білдіреді. Өзім соған риза болып тұрмын. Барлық қазақстандықтарды құттықтаймын. Шын мәнінде аса жауапты оқиға. әр бір дауыс бағалы. Осы сайлауды өткізу арқылы өз мемлекетіміздің болашағына дауыс береміз. Біз халқымыздың бірлігіне, ел жеріміздің тәуелсіздігіне, дербестігіне дауыс бересіз. белсенділік танытып жатқан сайлаушыларға алғысымды білдіремін. Мені Ресейлік БАҚ мені "типичный казах" деп отыр ғой. Иә, мен кәдімгі халық арасынан шыққан қарапайым қазақпын. Қазақтың тілін дінін, мәдениетін ар намысын қаныма сіңірген қазақпын. Қазақтың шапанын жамылып келгенімде сол. Өздеріңіз білесіздер, мен ешқандай партияға мүше емеспін, – деді ол.


Фото informburo.kz


10.07 – Сағат 9.55-те Нұр-Сұлтандағы 58 сайлау учаскесіне Дариға Назарбаева келіп дауыс берді. Халықаралық байқаушылармен аз кем сөйлесті.


Фото informburo.kz



Фото informburo.kz


10.05 – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Масимов №111 бөлімшеде дауыс берді (9.50).


Фото informburo.kz


10.00 – Nur Otan партиясы төрағасының орынбасары Маулен Ашимбаев дауыс беруге келді (9.45).

– Менің пікірім сайлау процесіне, әсіресе тұрғындардың таңдауына ықпал етпеуі тиіс. Сондықтан, қазақстандықтарға сайлау учаскелеріне келіп, азаматтық парызын орындауы керектігін ғана айтқым келеді. Бұл – еліміздің әр азаматына жүктелген жауапкершілік, – деді ол.

Фото informburo.kz

9.57 – Алматыда 269 учаскеде бірінші болып программист Тоғжан Мырзабекова дауыс берді (7.24).

– Мен өз отанымды сүйемін. Қазақстан гүлденсе екен деймін. Мен таңдаған кандидатқа дауыс бергендердің, біздің сенімімізді ақтап, қуантса екен деймін, – деді ол.


Фото informburo.kz


9.48 – Алматыдағы сайлау комиссияның төрайымы Жанна Асанова Алматыда 554 сайлау учаскесі жұмыс жасап жатқанын мәлімдеді

– Ашылу кезіндегі мәлімьетке сәйкес тізімде 1140 мың сайлаушы бар. Кешке қарай жалпы саны шығады. Алматыда 80-нен астам шет елдік бақылаушы келді. 9 мамырға дейін сайлаушылар тізіміне қосу туралы 45 мыңнан астам өтініш түскен. Қазір көріп тұрғандарыңыздай, учакелерде кезек көп. Қалада белсенділік жоғары болады деп ойлаймын, – деді ол.


Фото informburo.kz


9.45 – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана Опера" театрындағы №115 сайлау учаскесіне дауыс берді (9.35).


Фото informburo.kz


Нұр-Сұлтан қаласындағы №115-ші сайлау учаскісіне дауыс бергеннен кейін мемлекет басшысы, ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев отандық және шетелдік ақпарат құралдары өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы билік транзиті туралы "ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде әлі билікте қала береді", деді. Ал сыртқы саясаттағы ұстанымы қалай болады дегенге Қасым-Жомарт Тоқаев былай деп жауап берді: – Қазақстан биліктегі бұрынғы саясатты жалғастырады. Мен бұл туралы сайлауалды кампания барысында да айтқанмын. Сыртқы саясатта республиканың Тұңғыш Президентінің саясат жалғасады".

BBC-дің журналисі Тоқаевтан Қазақстандағы жастарға деген көзқарасы, Алматыда креативті көтеріліс жасаған жастар туралы пікірін сұраған.

– Қазақстанның жастар туралы ұстанымы оң. Олардың билікке, Үкіметке қарсы шыққанына қарамастан,менің ойымша, кейінгі толқындағы барша азаматтар – біздің халқымыздың бір бөлігі. Және менің ойыимша, қиындықты еңсеру үшін біздің басымыз бірігуі керек. Қазір әлем өте тұрақсыз болып кетті. Дағдарыстар көп. Дегенмен, біз басқаша пікірдегі азаматтарға толеранттық танытамыз. Біз Үкіметті қолдайтындармен де, Үкіметке қарсы шығатындармен де диалог құрамыз, – деп жауап берді.

Әл Жазира журналисі де осы мәселені ары қарай қозғай түсіп, Алматы мен Астанада, басқа да қалаларда жастардың ұсталғанын айтып, биліктің бұл әрекетінің заңға томпақ келетіні туралы пікірлердің бар екенін алға тартты. Елде демократия мен адам құқығы мәселесін көтеріп жүрген жастарға қандай кеңес беретінін сұрады.

– Мен барлық құқық қорғау ұйымдарын барынша толерантты болуға, ұстамдылық танытуға шақырамын. Бірақ заңның өрескел бұзылуына толеранттық жоқ. Дегенм ен, мен жастарды шыдамды болуға, бізге, Үкіметке толеранттықпен қарауға шақырамын. Бізге диалог керек. Елімізді дамыту үшін бізге бірлік керек. Жаңағы сіздер айтқан креативті жастармен бізге бірге әлеуметтік топ құрып, олармен пікір алмасатын боламыз, – деді ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев.

9.41 – Сағат 09.15-те 58 сайлау учаскесіне Сербиялық, Австриялық байқаушылар келді.


Фото informburo.kz


Драгомир Карис (Dragomir Karic):

– Таңертеңнен бері байқаушы болып жүрмін. Жақсы ұйымдастырылған. Халық өз таңдауын жасау керек. Ал Сербиядағы сайлаулар туралы айтсам, соңғы 7 жылда 6 рет сайлау болды, – деді.

Фото informburo.kz

9.37 – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев N115-ші сайлау учаскесіне дауыс береді деп күтілген. Ақпарат құралдары сақадай сай дайын, күтіп тұр.


Фото informburo.kz


Геннадий Головкиннің жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіліп жатыр. Дауыс беруге келгендер теледидар алдында тамашалап тұр.


Фото informburo.kz


9.33 – 08.39-ға қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрімов N58 сайлау учаскесіне дауыс беруге жұбайымен келді. Ол: – Бұл – қазақ таоиxындағы маңызды оқиға. Мен дауысымды болашақ ұрпақ үшін беремін, – деп қысқа қайырды.


Фото informburo.kz


9.31 – Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы №111 бөлімшеде дауыс берді (08.55).

– Дауыс беруге жалғыз өзім келдім, отбасым басқа бөлімшеде дауыс береді. Тіркеудегі учаскемнен кітапханаға ауыстым, бұл жер маған ұнайды. Алдын ала болжам жасаудан аулақпын, бұл саланың өз мамандары бар. Кеше халықаралық қауымдастық өкілдерімен кездескен болатынбыз, олар қазақстандықтардың белсенді әрі шың көңілмен дауыс беретінін айтып жатыр, – дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

9.28 – Сенат мүшесі Қайрат Қожамжаров Нұр-Сұлтандағы №111 бөлімшесінде дауыс берді (8.40).

– Саяси істердің бас-қасында жүрген адам ретінде айтарым, қазақстандықтар саналы түрде өздерінің таңдауын жасады. Бәріміз бір нәрсені армандаймыз: бейбітшілік, гүлдену, болашақ ұрпақ пен әлемдегі бәсекеге қабілеттілік. Мен үшін үміткерлердің бағдарламаларынан бәрі айқын. Бүгін өзімнің таңдауымды жасадым, – дейді Қайрат Қожамжаров.

Осы бөлімшеде 120 адам дауыс беріп үлгерді


Фото informburo.kz


9.25 – Өзбекстан астанасы Ташкентте ҚР Елшілігі жанындағы №267 сайлау учаскесі жұмыс істейтінін хабарлайды "Қазинформ" ХАА.

Бірінші боп келіп, дауыс бергендерге кәдесыйлар ұсынылды. Мұнда Өзбекстан аумағында уақытша тұрып жатқан Қазақстан азаматтары дауыс бере алады.

9.21 – Алматы әкімі Бауыржан Байбек отбасымен "Орбита-3" ықшамауданындағы №40 мектепте орналасқан №235 сайлау учаскесіне дауыс беруге келді (09.07).


Фото informburo.kz


9.19 – Премьер-министр Асқар Мамин Нұр-Сұлтандағы №138 сайлау бөлімшесінде дауыс берді (08.52). Ол бөлімше "Астана"концерт залында орналасқан, – деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз хатшылығы.



9.15 – Қазақстан Президенті әкімшілігінің жетекшісі Бақытжан Сағынтаев (8.45) "Астана опера" театрындағы №115 сайлау учаскесінде дауыс берді.


Фото informburo.kz


9.10 – Таңғы жетіден бері Қазақ ұлттық аграрлық университетіндегі №378 сайлау учаскесінде 115 адам дауыс берді. Бұл туралы учаске төрағасы Серік Бекбосын хабарлады (08.43).

– Өздеріңіз көріп тұрғандай, дауыс берушілердің қарасы көп. Президент сайлауында бірінші рет жұмыс істеп жатқан жоқпын. Бұның алдыңғысында да тұрғындар аса белсенді болған. Бүгін сайлаушылардың бірін тізімге қосудан бас тартуға тура келді. Тіркеуге алайын десек, тұрғылықты мекен-жайы Талғарда болып шықты, – дейді ол.

8.58 – Таң ертемен (7.35) зейнеткер Иван Голубев Алматыдағы сайлау бөлімшесіне бірінші болып келгенімен, тізімде жоқ болып шықты. Оған келесі бөлімшеге бару үшін көлік жалдап берді.

– Мен осында тұрамын, әрі үнемі дауыс беріп жүрмін. Кейін басқа жерге тіркеуге тұрып едім. Менің даусымды қабылдамауға құқықтары жоқ. Бәрі әділ. Қазақстанда барлығы жеткілікті және адамдардың жүзі жылы. Менің үміткерім Қазақстанда рух пен әділдікті қалпына келтіргенді жөн санайды, – дейді 85 жасар зейнеткер.


вав

Иван Голубев / Фото informburo.kz


8.55 – Informburo.kz журналистері таңнан бері әр учаскеде жұмыс істеуде. Нұр-Сұлтандағы №111 сайлау учаскесіне Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұлов келіп, дауыс берді.


Фото informburo.kz


Бақылаушылар сайлау тәртібі бұзылғаны туралы хабарлады

– Тәртіп бұзушы бір кандидатқа екі бюллетень толтырған. Онысын жәшікке салуына кедергі болдым. Алматы облысы, Талғар ауданы, Қызылқайрат ауылындағы №862 учаскеде болған жағдай, – деп хабарлады осы учаскедегі бақылаушы, экономист Айман Тұрсынқан. Ол сондай-ақ сайлау комиссиясв өкілдерінен учаскелердегі үгіттеу мазмұнындағы материалдарды алып тастауын талап еткен.

– Комиссия төрағасы, үш бақылаушының қолы қойылған акт жасалды, екінші көшірмесі комиссия төрағасына берілді, – дейді Тұрсынқан.

8.40 – Сағат 8.30-да 113 сайлау комиссия төраға орынбасары Фатима Шандрова журналистердің сұрақтарына жауап берді.

– Сағат сегіздегі мәліметке сәйкес 101 адам дауыс берді. Бәрі заңға сәйкес өтіп жатыр. Учаскеге барлығы 2987 бюллетень берілген, – деді ол.


Фото informburo.kz


Әскери қызметкерлер қалай дауыс береді?

8.35 – ҚР Қорғаныс министрлігінің Құрлық әскерлері әскери институтында (бұрынғы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училище) таңғы жетіде №441 сайлау учаскесі ашылды. Мұнда 1800-ден астам сержант, курсант, офицер дауыс береді.

– Жақында казармада кімнің қай үміткерге дауыс беретіні туралы пікір алмасқан едік. Пікір сан алуан. Өз басым алғаш рет дауыс бермекпін, осы арқылы өзімнің есейгенімді сезіндім. Бәлкім, дәл менің дауысым Қазақстан Президентін таңдауда шешуші болар, – дейді Құрлық әскерлерінің әскери институты бірінші курсының курсанты Нұрислам Сайпназаров.


Фото informburo.kz


8.17 – Қазақстанның коммунистік халық партиясынан үміткер Жамбыл Ахметбеков №113 сайлау учаскесіне дауыс беруге 91 жастағы анасы, жұбайы мен қызын ертіп келді.


Жамбыл Ахметбеков сайлауға отбасымен келді / Фото informburo.kz


– Сайлауға қатысқан адам жеңемін деген сеніммен келеді. Бұрынғы сайлауда төрт кандидат болған. мен Қазақстанның болашағы үшін дауыс беремін. Мен бүгін сайлауға сәл кешігіп келдім. Әйтпесе таңмен таласа сағат 6-да ерте келіп дауыс беру – жас кезімізден қалыптасқан әдет. Анам да – осы уақытқа дейін барлық сайлауға қатысқан адам. Әр ананың тілеуі баласының болашағының жарқын болуы, яғни елдегі тыныштықты ойлап жүреді, – деді ол.


Фото informburo.kz


8.15 – Президент сайлауында ең бірінші болып Жапония мен Кореядағы қазақстандықтардың дауыс беріп жатқанын ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлайды. Жапониядағы №261мен Сеулдегі №258 бөлімшелерде жергілікті уақыт бойынша таңғы 07.00-де дауыс беру басталды.

Ең бірінші болып Жапониядағы Васэда университетінің студенті Ілияс Құрманғали Қазақстанның азаматы ретінде дауыс берді.
Гонконгте – №293, Малайзияда – №259, Пекинде – №257, Шанхайда– №294, Ұлан-Баторда – №281, Индонезияда – №300 сайлау бөлімшесі жұмыс жасап жатыр.

8.10 – Нұр-Сұлтандағы №115-ші сайлау учаскесі. Мұнда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келіп дауыс береді деп күтіп отыр.


Фото informburo.kz



Фото informburo.kz


Бақылаушылар, БАҚ өкілдері мен үміткерлердің сенімді өкілдері.


Фото informburo.kz



8.03
– 07.45 сағатта 58 сайлау учаскесінің сайлау комииссиясының төрайымы Қымбат Іргебаева журналистерге сұқбат берді. Ол "дауыс беру әр азаматтың борышы екенін атап өтіп, сайлау барысымен таныстырды.


Фото informburo.kz

Алғашқы рет дауыс беруге қатысқан Адия Баймурзиева:
– Мен балиғат жасына толып, тұңғыш рет сайлауға қатысып жатырмын. Еліміздің тұрақтылығы үшін дауыс беремін, – деді.

Фото informburo.kz

7.50 – Нұр-Cұлтан. 113 сайлау учаскесіне ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тургумбаев дауыс беруге келді.


Фото informburo.kz


Комментарий беруден бас тартты. "Мейрамдарыңызбен құттықтаймын" деп қана машинасына отырып кетіп қалды.

7.22 – 58 сайлау учаскесі.

Дауыс беруде алдымен аты-жөніңізді тізімнен тексеріп, табылса қолыңызды қойдырады да бюллетень береді. Бюллетенді алып, жабық билет таңдау орнында өз таңдауыңызды жасайсыз. Сосын әкеліп ортада тұрған сандыққа тастайсыз.
Адам 07.30-дан бастап көбейе бастады.
Қазірше арасынан танымал адамдар көрінбейді.

Бақылаушылар / Фото informburo.kz


Фото informburo.kz


Фото informburo.kz


7.18 – Алматы. 85 учаске. 1696 сайлаушы тіркелген. Осы уақытта үшеуі дауыс беріп үлгерді.


Фото informburo.kz


7.14Біздің тілішілеріміз сайлау учаскелерінде.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Оқушылар сайрайындағы 58 сайлау учаскесіне дайындық толық.

Фото informburo.kz

Президенттің сенімді өкілдері, байқаушылар мен БАҚ өкілдері тіркелді.

Фото informburo.kz

АҚШ елінен келген 2 байқаушы болды. Олар өздерінің аттарын атамауды өтінді.
06.57 сағатта Қазақстан Республикасының әнұраны орандалды. 7.00- де сайлаудың басталғаны жарияланды. Бірінші келген бір азамат пен әжеге " Елге үлгі болып, бірінші дауыс бергендеріңіз үшін" деп сыйлық берді.

Фото informburo.kz


Фото informburo.kz

7:00. Дауыс беру бүгін, 9 маусымда Нұр-Сұлтан уақытымен таңертеңгі сағат жетіде басталып, кешкі сағат сегізге дейін жалғасады.

Қазақстан бойынша сайлау учаскелерінің жалпы саны – 9970 (48 учаске 06.00-де ашылады). Шетелдегі қазақстандықтар үшін 51 елде 65 учаске жұмыс істейді.

Шетелдегі учаскелердің дені Ресейде ашылады.

Отандастарымыз Мәскеуде Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде (№265 сайлау учаскесі) дауыс бере алады, Қазақстанның Астрахан, Қазан, Омбы және Санк-Петербургтегі бас консулдығы мен консулдықтарының жанынан тағы төрт сайлау учаскесі ашылады.

Нұр-Сұлтанда сайлау учаскелерінде 2826 сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Олардың 1109-ы саяси партиялардың мүшесі болса, 1399 – қоғамдық бірлестіктердің өкілі, сондай-ақ 318 адам жоғары сайлау комиссиялары тарапынан ұсынылған.

Елордада 238 сайлау учаскесі тіркелген, оның 204-і – ашық, ал 34-і – жабық. Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамы сайлаушылардың санына байланысты 5-тен 11 адамға дейін анықталады.

Әрбір сайлау учаскесінде саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден 2 бақылаушы жұмыс істейді. Қазіргі уақытта бақылаушылар тізімінде қоғам өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мүшелері және елорда тұрғындарынан тұратын 500 адам бар.

Өз учаскеңізді қалай табу керектігін мына жерден біле аласыз.

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары