Тікелей эфир

Сапалы білімге қол жеткізу бойынша Маңғыстау облысы ең соңғы орында. PaperLab зерттеуі

Индекс оқыту жағдайы, білім беру факторлары, ақпараттық-коммуникациялық технологияларға қол жеткізу көрсеткіштеріне сүйенген.

Сапалы орта білімге қол жеткізу теңсіздігі индексі бойынша рейтингіде Маңғыстау облысы білім беру кадрлары сапасын бағалау критериі бойынша республикадағы ең төменгі көрсеткіштердің бірін көрсетті. Сапалы білімге қол жеткізу бойынша ең қолайлы жағдай Павлодар облысына тиесілі. 

Сапалы білімге қол жеткізу теңсіздігі индексін (Index of Disparity in Access to Quality Secondary Education IDAQSE) PaperLab ҚҚ басшылығымен зерттеушілердің трансшекара командасы арнайы Орталық Азия елдері үшін  әзірлеген. Қазақстанға арналған көрсеткіштер үш топқа бөлінген:

  • оқыту жағдайы;
  • білім беру факторлары;
  • ақпараттық-коммуникациялық технологияларға (АКТ) қол жеткізу.


Оқи отырыңыз: Білім берудегі теңсіздік: оңтүстік өңірлерде интернет сапасы төмен. Инфографика


"Оқыту жағдайы" критериіне үш көрсеткіш кіреді:

  • үш ауысымда білім беретін мектептер үлесі;
  • апатты жағдайдағы мектептер үлесі;
  • дәретханасы сыртта орналасқан мектептер үлесі.

Тізімдегі көрсеткіштер бойынша ең нашар жағдай Алматы облысында. Ал Павлодар облысында керсінше сапалы білім алу үшін ең жақсы жағдай жасалған.

"Білім беру акторлары" критериіне 4 көрсеткіш кіреді:

  • жоғары білімі бар мұғалімдер үлесі;
  • жоғары білімі бір мұғалімге шаққандағы оқушылар саны;
  • мұғалімнің орташа жалақысының аймақтағы орташа жалақыға қатынасы;
  • оқуын жалғастырған 11-класс түлектері үлесі.

Бұл көрсеткіш тобындағы басты аутсайдер Нұр-Сұлтан қаласы, көшбасшы Түркістан облысы болды.

"АКТ-ға қол жеткізу" критериі 4 көрсеткіштен тұрады:

  • интернетке кіре алатын мектептер үлесі;
  • бір мектеп компьютеріне келетін оқушылар саны;
  • интернет қызметі бағасы мен аймақтағы орташа жалақының ара қатынасы;
  • ең арзан ноутбуктың аймақтағы орташа жалақыға қатынасы.

АКТ-ға қол жеткізудің ең жоғары көрсеткішін Атырау облысы көрсетті, ал ең азы Шымкентке тиесілі.

Көрсеткіш Сорос-Қазақстан қоры қолдауымен жүзеге асырылып жатқан "Орталық Азия елдеріндегі білім беру теңсіздігінің жаңа қырлары: проблеманы өлшеуден саясаттың өзгеруіне дейін" жобасы аясында жасалған. Зерттеу жұмысы мазмұны авторлар көзқарасын көрсетеді және қор көзқарасымен сәйкес келуі міндетті емес. Жобаның медиа серіктесі – MediaNet халықаралық журналистика орталығы.

Серіктестер жаңалықтары