Еліміздің ең жас аймақтық әкімі – Мұрат Әйтенов. Ал жасы ең үлкен әкім – Алматы облысын басқаратын Амандық Баталов.
Ranking.kz сарапшылары елдің аймақтық әкімдерінің қызмет ету мерзімі мен жасына зерттеу жүргізді. Нәтижесінде, өңірлік әкімдердің орташа жасы – 55 жасты (54,8) құрайтыны анықталды.
Еліміздің ең жас аймақтық әкімі – Мұрат Әйтенов болды. Шымкент әкімінің жасы 40-қа таяған. Қазіргі лауазымына 38 жасында кірісті, оның қызмет ету мерзімі – 1,3 жыл. Өзінің алғашқы лауазымына 2004 жылы Астана қаласында тағайындалып, ҚР Қорғаныс Министрлігі жанындағы арнайы байланыс бөлімінің кезекші ауысымының аға инженер-бастығы қызметін атқарды. Шымкент қаласының әкімі болу үшін Мұрат Әйтеновке шамамен 16 жыл қажет болды.
Ал жасы ең үлкен әкім Алматы облысын басқаратын – Амандық Баталов. Оның жасы – 68-де. Алматы облысын 2014 жылдың 20 тамызынан бастап, шамамен 7 жылға жуық басқарады. Облыс әкімі лауазымына 62 жасында тағайындалды. Өзінің бірінші қызметіне 1981 жылы кірісіп, "Алматыөңдеуқұрылыс" тресінің №37 құрылыс-монтаж басқармасында аға прораб, бас инженер, бастық болды. 33 жылдан кейін Алматы облысының әкімі қызметіне тағайындалды.
Қазақстанның 17 өңірінің тек біреуін ғана әйел басқарады: Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы – Қызылорда облысының әкімі. 56 жастағы әйел әкім облысты бір жылдан астам уақыт басқарады. Ол бұл лауазымға өткен жылдың наурыз айының соңында тағайындалды.
Оқи отырыңыз: "Ең әдемі шенеунік". Тұңғыш әйел облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова туралы
Қазіргі әкімдердің жасы үлкендерінің қатарында, Жамбыл облысын басқаратын Бердібек Сапарбаев бар. Оның бұл лауазымда отырғанына –1 жыл 2 ай толды. Қазір әкім 68 жаста. Еңбек жолын 1969 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, "Задария" кеңшарында жұмысшы болып бастаған. 51 жылдан кейін Жамбыл облысының әкімі болды.
Ең ұзақ қызмет еткен Алматы облысының әкімі (6 жыл 7 ай), ал ең азы — Қызылорда облысының әкімі (1 жыл 1 ай).
Іс жүзінде барлық әкімдер тек екі тілді — қазақ және орыс тілдерін меңгерген. Тек Нұр-Сұлтан қаласының, Ақтөбе, Қызылорда және Жамбыл облыстарының әкімдері қазақ және орыс тілдерінен бөлек, ағылшын тілін де меңгерген. Жамбыл облысының әкімі бұған қоса түрік тілін де біледі.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🦅 "Басшылар құрғақшылықты қолдан жасап отыр". Қызылордалық шаруалардың егін алқабы құстарға жем болып жатыр
-
249
-
0
-
3
-
-
2🎓 Маңғыстау облысының ауылында бір мектепті екі оқушы ғана бітірді
-
257
-
0
-
5
-
-
3☪️ Қыздар арасында Құранды жатқа оқудан республикалық турнир өтеді. Жүлде қоры – 8,3 млн теңге
-
237
-
0
-
5
-
-
4🎓 "Болашақ" бағдарламасымен білім алуға болатын университеттер тізіміне 25 ЖОО қосылады
-
226
-
0
-
4
-
-
5💵💰 Қазақстандықтардың депозит көлемі 232 млрд теңгеге өсті
-
228
-
0
-
3
-
-
6✍️ Бүгін магистратураға кешенді тестілеуге өтініш қабылдау басталды
-
314
-
0
-
5
-
-
7🏢 Сара Назарбаева негізін қалаған Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының атауы өзгереді
-
245
-
0
-
0
-
-
8👨👩👧👦 Үкімет қаулысы: Қазақстанда Аналар күні мен Әкелер күні мерекеленеді
-
253
-
0
-
1
-
-
9🥖🍎 Азық-түлік тауарлары 1,4 пайызға қымбаттаған. Ең жоғары баға – Ұлытау облысында
-
254
-
0
-
4
-
-
10🚌 Мемлекет басшысы Алматы қаласының қоғамдық көлік жүйесімен танысты
-
248
-
0
-
4
-