Қостанай облысы коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймаққа өтті

"Жасыл" аймақта тек екі өңір қалды.

Коронавирус инфекциясының таралуы бойынша Қостанай облысы "жасыл" аймақтан "сары" аймаққа өтті. Бұған Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының мәліметтері дәлел.

  • "Қызыл" аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы, Ақмола және Қарағанды облыстары;
  • "Сары" аймақта – Шымкент қаласы және Павлодар, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары;
  • "Жасыл" аймақта – Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.

Ұлттық орташа көрсеткіш бойынша Қазақстан "қызыл" аймақта.

Карантиндік шектеулердің күшеюі немесе әлсіреуі өңірдің коронавирустық инфекцияның таралу аймағындағы орнына байланысты.


Оқи отырыңыз: 

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары