Отандық QazVac вакцинасының клиникалық зерттеулері әлі аяқталған жоқ.
Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты жануарларға арналған коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина жасауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дауленов мәлімдеді.
15 сәуірде отандық QazVac вакцинасының 3 мың ерікті қатысқан клиникалық зерттеулерінің үшінші кезеңінің 50%-ы аяқталады. Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу институты вакциналардың қауіпсіздігі туралы есебін Денсаулық сақтау министрлігіне жібереді.
Оқи отырыңыз: Коронавирусқа қарсы екпе алған қазақстандықтар ағзасында поствакциналық антиденелердің бар-жоғын тексере алады
"19 наурызда институт коронавирустың британдық және оңтүстікафрикалық штамдарын алды. Институт поливалентті жаңа вакцина жасау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл дегеніміз, осы штамдарды зерттеп, болашақта вакциналарды жақсарту үшін қолданамыз. Сондай-ақ, институтқа жануарларға арналған коронавирусқа қарсы вакцина жасау міндеті жүктелді. Жануарларға да бұл инфекция жұғатынын және тасымалдаушы болуы мүмкін екенін білеміз. Сол себепті олардан адамға жұқпас үшін осындай вакцина керек", – деді Мирас Дәуленов.
Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарьяның сөзінше, QazVac вакцинасының 50 мың дозасы биологиялық зерттеулерден өтіп жатыр. 25-27 сәуір аралығында олар "СК-Фармация" қоймаларына жеткізіледі. Вакцинамен бірінші 25 мың адам егіледі. Вакцина екі рет салынады. Ревакцинация 21-ші күні жасалады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥳 Тарихи жеңіс: Елена Рыбакина тұңғыш рет WTA 1000 турнирінің жеңімпазы болды
-
302
-
0
-
7
-
-
2🗳 Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады
-
274
-
0
-
2
-
-
3👷♂️ Қазақстанға еңбек мигранттары қай елдерден көбірек келеді?
-
272
-
0
-
0
-
-
4✍️ Мемлекет басшысы салық кодексін өзгерту не толықтыру туралы заң жобасына қол қойды
-
243
-
0
-
0
-
-
5«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына 16,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
-
240
-
0
-
0
-
-
6💌 Тоқаев Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллстегі жеңісімен құттықтады
-
246
-
0
-
4
-
-
7🦌 Қостанайда полицейлер қалаға кіріп кеткен елікті құтқарды
-
245
-
0
-
3
-
-
8ТМҰ байқаушылары: сайлау ашық және халықаралық стандарттарға сәйкес болды
-
255
-
0
-
2
-
-
9📨 Шетелдегі Қазақстандықтардың 72,54%-ы дауыс берді
-
251
-
0
-
1
-
-
10🚆 Астана – Бурабай бағытында «Наурыз» мерекелік пойыз қатынай бастады
-
232
-
0
-
0
-