Тікелей эфир

Қазақстанда кино билеттері бір жылда 16 пайызға қымбаттады

Алайда, кезекті локдаун кезеңінде кинокөрсетілімдер индустриясы тығырыққа тіреледі.

Биыл наурыз айында кино билеттерінің құны 1,5 мың теңгеге жетті. Бұл – бір жыл бұрынғыға қарағанда бірден 16 пайызға қымбат, деп хабарлады Energyprom.kz.

Еліміздің ірі қалалары мен мегаполистері арасында ең қымбат билеттер Шымкентте (2,6 мың теңге), Атырауда (2,5 мың теңге) және Ақтөбеде (2,1 мың теңге) болды. Ең арзан билеттерді Түркістан қаласының тұрғындары сатып ала алды (барлығы 800 теңге).

Билет құны бір жылда тек Қостанайда (3,5 пайызға, 1,3 мың теңгеге дейін) және Семейде (2,7% пайызға, 1,1 мың теңгеге дейін) төмендеді.


Оқи отырыңыз: 17 сәуірден бастап Алматыда Ashyq жобасына қосылған кинотеатрлар жұмыс істейді


Наурызда өткен демалыс күндері (25-29 наурыз), Ticketon.kz сайтының хабарлауынша, американдық толықметражды шытырман оқиғалы "Райя және соңғы айдаһар" анимациялық фильмі кассалық жинақтар бойынша кинопрокаттың көшбасшысы болды: 5 миллион теңге ( прокатта төртінші апта).

Рейтингте екінші орынды ресейлік-американдық "Ганзель, Гретель және сиқыр агенттігі" толықметражды мультфильмі алды. Энди де Эммонидің британдық жазушы Жаклин Уилсонның аттас романының негізінде түсірілген "Сэм: құм эльфі" атты туындысы үштікке кірді.

2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында кино, видеоөндіріс және дыбыс жазу саласында 41 млрд теңгеге қызметтер көрсетілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 37,4 пайызға аз.


Оқи отырыңыз: Мемлекеттің қаржылық қолдауымен түсіріліп жатқан 17 фильм


Экономиканың қадағаланбайтын секторын есепке алмағанда көрсетілген қызметтер көлемі 40,5 млрд теңгені құрады. Қызметтердің басым бөлігі кино және бейнефильмдер, сондай-ақ, телевизиялық бағдарламалар өндіру (16,4 млрд тг), оларды тарату (12,8 млрд тг) және кинофильмдер көрсету (8 млрд тг) бойынша қызметке тиесілі.

Өңірлік бөліністе көрсетілген қызметтердің ең үлкен көлемі (Қазақстанда 71,5%) Алматыда болды: 29 млрд теңге, бір жыл бұрынғыға қарағанда 37,4 пайызға аз. Қызметтердің тағы 19 пайызы елордаға тиесілі: 7,7 млрд теңге, жыл ішінде 38,8 пайызға кем. Көшбасшылар үштігін Шымкент қорытындылады: 1,3 млрд теңге, 9,2 пайызға аз.

Кинонарыққа қатысушылар отандық прокат үшін кезекті локдаун өте қауіпті деп санайды. Жалпы ел бойынша түсімдер қазірдің өзінде 52,1 пайызға төмендеді. Мемлекеттік ұлттық киноны қолдау орталығының мәліметтері бойынша, бүгінгі таңда кинотеатрлардың орташа толу деңгейі 10 пайызға әрең жетеді, дегенмен ең төменгі жоспарлы толымдылық деңгейі 30 пайыздан кем болмауы тиіс.

Серіктестер жаңалықтары