Тікелей эфир

"Болашақ" бағдарламасы бойынша білім алуға болатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі бекітілді

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Тізімге 207 жоғары оқу орны енді.

Қазақстанда "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға арналған шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі бекітілді. Оған 207 жоғары оқу орны кірді.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығының қосымшасында хабарланғандай, бұл тізімге үш халықаралық рейтингке енген және осы рейтингілердің кемінде екеуінде алғашқы 250 позициядан орын алуы тиіс оқу орындары енді.

"Әлемнің үздік университеттерінің әлемдік рейтингі Квакарелли Саймондс (QS World UniversityRankings), әлем университеттерінің академиялық рейтингі (Academic Ranking of World Universities), Таймс (Times Higher Education World University Rankings) басылымының нұсқасы бойынша әлемнің үздік университеттерінің рейтингі ескерілді", – делінген құжатта.


Оқи отырыңыз: "Болашақ" бағдарламасына қалай түстім? Үміткерге арналған нұсқаулық


Жоғары оқу орындарының тізімінде – Кембридж, Оксфорд, Вена, Гарвард университеттері, Джонс Хопкинс Университеті сияқты танымал білім беру мекемелері бар.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткерлердің құжаттарын қабылдау 4 мамырда басталып, 28 қазанға дейін жалғасады. Байқау 1 маусым мен 30 қараша аралығында өтеді.

"Болашақ" - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық білім беру стипендиясы. Бағдарламаның мақсаты - ел экономикасының басым секторлары үшін білікті кадрлар мен мамандар даярлау.

Серіктестер жаңалықтары