16-28 қаңтар аралығында шоттарға 93,3 млрд теңге келіп түскен.
"Қазақстан халқына" қорына тағы 40,8 млрд теңге түсті. Барлығы 16-28 қаңтар аралығында шоттарға 93,3 млрд теңге аударылды, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.
28 қаңтар күні келіп түсті:
- ERG көмек корпоративтік қоры – 30 млрд теңге;
- "Халық" қайырымдылық қоры – 10 млрд теңге;
- Сүлейменов Диас Төлеутайұлы – 450 млн теңге;
- "Банк Центр Кредит" АҚ – 200 млн теңге;
- "Көліктік сервис орталығы" АҚ – 150 млн теңге.
"Болжамға сәйкес, қор жылына кемінде 100 млрд теңге көлеміндегі қаражатты айналымға енгізеді. Бұл есепке шетелдік және халықаралық компаниялардан келіп түсуі мүмкін қаражат кірмейді", – деп еске салды қор.
Ақша Қазақстан халқының игілігіне, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, білім беру, мәдениет және спорт проблемаларын шешуге жұмсалады, деп мәлімдейді қор басшылығы.
"Мемлекет басшысының осы салалардағы нақты мәселелерді шешу жөніндегі бастамасын қолдаған барлық қазақстандыққа, ірі кәсіпорындарға, еңбек ұжымдарына алғысымызды білдіреміз", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, "Қазақстан халқына" қорының төрағасы қызметіне Болат Жәмішевтің тағайындалғаны туралы хабарлаған едік.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥳 Тарихи жеңіс: Елена Рыбакина тұңғыш рет WTA 1000 турнирінің жеңімпазы болды
-
302
-
0
-
7
-
-
2🗳 Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады
-
274
-
0
-
2
-
-
3👷♂️ Қазақстанға еңбек мигранттары қай елдерден көбірек келеді?
-
272
-
0
-
0
-
-
4✍️ Мемлекет басшысы салық кодексін өзгерту не толықтыру туралы заң жобасына қол қойды
-
243
-
0
-
0
-
-
5«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына 16,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
-
240
-
0
-
0
-
-
6💌 Тоқаев Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллстегі жеңісімен құттықтады
-
246
-
0
-
4
-
-
7🦌 Қостанайда полицейлер қалаға кіріп кеткен елікті құтқарды
-
245
-
0
-
3
-
-
8ТМҰ байқаушылары: сайлау ашық және халықаралық стандарттарға сәйкес болды
-
255
-
0
-
2
-
-
9📨 Шетелдегі Қазақстандықтардың 72,54%-ы дауыс берді
-
251
-
0
-
1
-
-
10🚆 Астана – Бурабай бағытында «Наурыз» мерекелік пойыз қатынай бастады
-
232
-
0
-
0
-