Тікелей эфир

"Қазақфильмнің" үздік 50 кинотуындысы QAZAQSHA онлайн кинотеатрында көрсетіледі

Топтамаға киностудия әр жылдары түсірген фильмдер енген.

50 фильм қатарында қазақ киносының "Алтын қорына" енген:

  • "Біздің сүйікті дәрігер" (режиссері Шәкен Айманов);
  • "Менің атым Қожа" (режиссері Абдолла Қарсақбаев);
  • "Тақиялы періште" (режиссері Шәкен Айманов);
  • "Қыз Жібек" (режиссері Сұлтанахмет Қожықов) туындылары бар.

Сондай-ақ, тәуелсіздік жылдары түсірілген:

  • "Құрақ көрпе" (режиссері Рүстем Әбдірашев);
  • "Әкем екеуіміз" (режиссері Данияр Саламат);
  • "Мұстафа Шоқай" (режиссері Сатыбалды Нарымбетов;
  • "Біржан сал" (режиссері Досхан Жолжақсынов);
  • "Қызғылт қоян туралы хикая" (режиссері Фархад Шарипов);
  • "Жерұйық" (режиссері Сламбек Тәуекел);
  • "Оралман" (режиссері Сәбит Құрманбеков);
  • "Талан" (режиссері Болат Қалымбетов);
  • "Он алты қыз" (режиссері Қанағат Мұстафин) фильмдері енген.

Оқи отырыңыз: Соңғы 10 жылда қазақстандық прокаттағы ұлттық кино үлесі он есе өскен


Қазақ тіліндегі кинотуындыларды QAZAQSHA oнлайн кинотеатрында BeeTV, AlmaTVBOX, Tele2TV, AltelTV мобильдік қосымшалары арқылы көруге болады. Қосымшаларды App Store және Google Play-де жүктеледі.

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары