Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттары мен Иран Ислам Республикасы қол жеткізген келісімге қолдау білдірді. Бул туралы Мемлекет басшысы өзінің Х әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы қазіргі күрделі халықаралық ахуал жағдайында бұл уағдаластықтың бүкіл аймақ пен жаһандық қоғамдастық үшін маңызы зор екенін атап өтті.
"Біз тараптардың саяси ерік-жігерін жоғары бағалаймыз. Бұл өзара сенімді қалпына келтіріп, екі жаққа да тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік берді. Сын сәтте батыл әрекет етіп, стратегиялық көрегендік танытқан АҚШ Президенті Дональд Трамптың көшбасшылығын ерекше атап өтеміз. Сонымен қатар Иран Ислам Республикасы жетекшілігінің конструктивті ұстанымын қуаттаймыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оқи отырыңыз: Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: Александр Пак сотта сыраны тек екі ұрттадым дейді
Сонымен қатар Президент Қазақстан тарапы бұл бейбіт келісімге қол қою Таяу Шығыста ғана емес, одан тысқары аймақтарда да бейбітшілік пен тұрақтылықтың берік негізін қалайтынына кәміл сенетінін жеткізді.