Тікелей эфир

Президенттің рақымшылығына кімдер ілігуі мүмкін? Сотталғандар қылмыстық жазадан қалай босатылады?

Дина Ли арнайы informburo.kz үшін
Дина Ли арнайы informburo.kz үшін
Рақымшылық үшін не керек, мұндай шешімдер қалай қабылданады? Informburo.kz зерттеп көрді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрбан айт мерекесі қарсаңында сотталған журналист Ярослав Голышкин мен кәсіподақ көшбасшысы Ерлан Балтабайға рақымшылық жасады.

Ярослав Голышкин ақша бопсалағаны және кәмелет жасына жетпеген жеткіншекті аса ауыр қылмыс жасауға тартқаны үшін 8 жылға сотталған болатын. Ерлан Балтабай басқалардың сеніп тапсырған мүлкін иемденгені немесе ысырап еткені үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылған.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында рақымшылық жасау жағдайы көп болған жоқ. Қылмыстық жазадан құтылуға кімдер үміткер бола алатынын және кешірім алу үшін не істеу керектігін талдаймыз.

№1. Рақымшылық дегеніміз не?

Қылмыстық жазаны жұмсарту немесе жазасын өтеуден босату. Кешірім беруге сотталушының шын жүректен өкінуі немесе егер жазасын өтеушінің ауруының асқынуына адамгершілік таныту себеп болуы мүмкін.

Кінәсін мойындау рақымшылық жасауға міндетті шарт емес.

Рақымшылық актісімен бұрын жазасын өтеп шыққан тұлғадан сотталғандығы алынып тасталуы да мүмкін. ҚР Заңнама талабына сәйкес сотталғандарға рақымшылық жасау құқығына тек ел президенті ие. Мемлекет басшысы сотталған азаматты тағайындалған жазасынан толықтай не ішінәра босата алады немесе оны жеңілдете алады.

№2. Рақымшылықтың кешірімнен (амнистия) айырмашылығы неде?

Екеуі ұқсас. Кешірім қандай ма бір қылмысы үшін жауапкершілігі қарастырылған қылмыстық заңды да, сот үкімін де жоя алмайды, алайда қылмыстық жауапкершіліктен не жазадан босатады болмаса сот тағайындаған жазаны жеңілдете алады.

Дейтұрғанмен айырмашылығы да бар. Егер рақымшылық жекелеген сипатта болса, кешірім белгілі бір тұлғалар санатына не тобына қолданылады: мәселен әйелдерге немесе кәмелет жасына толмағандарға, болмаса ұзақ мерзімге сотталғандарға. ҚР Конституциясының 54 бабына сәйкес кешірім беру туралы актіні шығаруға құқылы – Парламент. Ал, рақымшылықты жоғарыда атап өткендей, тек ел Президенті жүзеге асыра алады.

№3. Рақымшылық жасаудың қандай түрлері бар?

Түрлі. Мысалы, өлім жазасына кесілген адам тек бас бостандығынан айыру жазасын ала алады. Қазақстанда өлім жазасы адам өліміне әкелген террористік сипаттағы қылмыс жасағандарға, сондай-ақ соғыс уақытында жасалған аса ауыр қылмыстарды жасағандарға тағайындалады.

Сондай-ақ жазасын өтейтін негізгі мерзімнен толықтай не ішінәра босату да бар. Жазаны жеңілдету тәжірибесі сотталғанын алып тастауға дейін қолданылған. Сонымен қатар сотталған азамат қосымша жазадан айыппұл төлеу арқылы құтылуы мүмкін. Рақымшылық жасалғандарға сот шешімімен жұмыс істеуден шеттетілген салада қызметін жалғастыру мүмкіндігі де қарастырылған. Сотталған тұлғаның бас бостандығын шектеу туралы сот шешімін жоюға да болады.

№4. Өтініш қалай жазылады?

Рақымшылық жасауға бірінші қадам – өтінішхат жазу. Ол еркін нысанда қолмен жазылады, компьютермен де теруге болады. Өтінішхатты сотталған азаматтың туыстары, еңбек ұжымдары, түзеу мекемесінің әкімішілігі жаза алады.

№5. Сотталған адам өзі қол қоя алмаса қайтпек керек?

Егер денсаулық жағдайына байланысты рақымшылық жасау туралы өтінішхатқа қол қоя алмаса, мұны ол үшін туысы не жақын адамы істей алады. Нотариус ретінде колонияда оның бастығы бола алады. Көзі көрмейтін сотталғандарға арнайы факсимиле қарастырылған. Тек қана өтінішхаттың бір данасы қажет.

Егер сотталушы түзеу мекемесінде болса, қол қойылған өтінішхат колония әкімшілігіне беріледі. Егер еркіндікте болса құжат тұрғылықты мекен-жайы бойынша ІІМ органдарына жолданады

Мақаланың орысша нұсқасын оқи отырыңыз: Помилование от президента: кого и почему могут освободить от уголовного наказания в РК?

№6. Қандай құжаттар қажет?

Өтінішхатқа төмендегі құжаттар қоса жолданады:
  1. Жеке куәліктің көшірмесі;
  2. Сот шешімінің көшірмесі;
  3. Сот шешімі заңды күшіне енгені туралы хабарлама;
  4. Сотталушының денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  5. Қылмысымен келтірілген материалдық залалды өтегені туралы мәлімет;
  6. Сотталушының өмірбаян деректері жазылған анкета (отбасылық жағдайы туралы мәліметтерімен);
  7. Егер бұған дейін рақымшылық жасауға өтініш берілсе, қарастырылғаннан кейінгі оның нәтижелері туралы мәліметтер;
  8. Сотталған азаматтың тәртібі, жазасын өтеу кезіндегі оқуға, еңбекке ара-қатынасы туралы мәліметтер жазылған түзеу мекемесі әкімшілігінің ұсынысы.

№7. Рақымшылық жасау туралы шешім қалай қабылданады?

Жазылған өтінішхат пен жинақталған барлық құжаттар ҚР Президенті аппаратына жолданады.

Рақымшылық жасау туралы өтінішхатты құрамына депутаттар, қоғамдық ұйымдар өкілдері, Жоғарғы сот төрағасы, министрліктер басшылары кіретін президенттік комиссия қарастырады.

Комиссия сотталғандардың өтініштерін шамамен үш айда бір рет қарайды. Комиссия мүшелерінің басым бөлігі қатысқанда комиссия отырысы заңды түрде өткен болып саналады. Шешім көпшілікпен қабылданады. Дауыс тең берілсе өтінішхат қабылданбаған деп есептеледі.

Қарастырылған ұсыныстар қорытындысы бойынша Президент рақымшылық жасау туралы жарлық шығарады немесе рақымшылық жасау туралы өтінішхатты қабылдамау туралы қаулы қабылдайды.

№8. Президент өтінішхатсыз да рақымшылық жасай алады

ҚР Президенті сотталған азамат не оның туыстары мен жақындары өтінішхат жолдамаса да рақымшылық жасауы мүмкін. Бұл ҚР рақымшылық жасау жөніндегі президенттік комиссия туралы Қағиданың 3-ші тармағында жазылған: "ҚР Президенті өзінің қалауымен сотталған азаматқа не жазасын өтеуші тұлғаға рақымшылық жасай алады".

№9. Екінші рет қайтадан өтініш жасауға бола ма?

Егер сотталған азаматтың аса ауыр қылмысы үшін өтінішхаты қанағаттандырылмаса, ол бір жыл ішінде қайтадан өтінішхат жолдай алмайды. Басқа қылмыстары үшін жазасын өтеушілердің өтінішхаты қабылданбаса осы мерзімнен бастап 6 ай өткеннен кейін қайта өтініш бере алады.

№10. Өтініш кімдерден қабылданбауы мүмкін?

ҚР сот жүйесінде сотталушыға рақымшылық жасау туралы өтініш беруге тыйым салатын қылмыстық бап жоқ. Кез келген сотталған азамат рақымшылық жасауға өтінішхат жолдай алады. Бұл өлім жазасына кесілгендерге де қатысты.

№11. Рақымшылық жасалған айтулы жағдайлар

Қазақстанда экстремистік қозғалыс деп танылған ұйымның негізін қалаушы, БТА банктің директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязов 2002 жылы қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін 6 жылға сотталды. 2003 жылы оған рақымшылық жасалып, саясатпен айналыспаймын деген уәдесімен бостандыққа шықты. 2009 жылы оған қатысты алаяқтық фактісі бойынша және БТА банктің мүлкін жымқырғаны үшін жаңа қылмыстық іс қозғалды.

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев сыбайлас жемқорлық үшін 7 жылға сотталды. Нұрсұлтан Назарбаевты жарлығымен 2012 жылы оған рақымшылық жасалды, жазасын өтеу мерзімі 2 жылға қысқартылды.

2018 жылдың мамыр айында конфессия аралық алауыздық туғызғаны үшін сотталған "Иегова куәгерлері" аталатын діни ұйымның жақтаушыларының бірі Теймур Ахмедовке рақымшылық жасалды. Уағызшы қамаудан босатылып, сотталғандығы да алынып тасталды. Рақымшылық жасалғанда ол 61 жаста болған.

2015 жылы Статистика агенттігінің экс-басшысы Анар Мешімбаеваға рақымшылық жасалды. Ол бюджет қаржысын жымқырғаны үшін 7 жылға сотталған еді. Оның жазасын өтеу мерзімі 2 жылға қысқартылды.

Материалды дайындауға көмектескені үшін Адам құқықтары және заңдылықты сақтау халықаралық бюросының директоры Евгений Жовтиске алғыс айтамыз.

Авторы Данияр Айсаров.

Аударған Мәншүк Шапхатқызы.

Серіктестер жаңалықтары