
Әсел Марченко 15 жылдан бері IT саласында жұмыс істейді.
Halyk Finance бас техникалық директоры Әсел Марченко Technowomen Central Asia форумында IT саласындағы мамандықтар мен трендтер туралы сөз сөйледі. Информбюро порталы сарапшының IT саласында білім алып, жұмыс істегісі келетіндерге берген кеңесін ұсынады.
IT-де қандай мамандықтар бар?
– IT саласында медицина секілді мыңдаған мамандық бар. Медицина адамды емдесе, IT технологиялар арқылы адамға көмектесуді мақсат етеді. Технологиялар адам өмірін жақсарту үшін және ісін жеңілдету үшін енгізіледі. Олардың тілін табатын адамдар IT саласында жұмыс істей алады. Бізде IT өте күрделі сала деген түсінік бар. Осы саладағы небір мамандықтарға қарасақ көптеген дағдыға ие адамдарды көреміз.
Мысалы, WhatsApp мессенджері қолданысқа енбес бұрын алдымен идея, идеядан жоспар пайда болды. Жоспардан аналитик пен архитектор рөлі шығады. Аналитик анализ жасайды, ақпарат жинайды, жоспар құрып, міндеттер қояды. Ал архитектор өнімнің архитектурасын жасап, интергация, өзара әрекеттесу, масштабтау секілді жұмыстармен айналысады. UX/UI дизайнер өнімнің қалай көрінетінін көрсету үшін түсінікті интерфейс жасайды. Осыдан кейін әзірлеушілер өнімді әзірлеуге кіріседі. Ал developer оларға қажет жағдай жасайды. Тестілеушілер өнімді тестілейді. Product менеджерлер өнім қандай болу керек деген сұраққа бас қатырса, маркетологтар мақсатты аудиторияны зерттейді. Осыдан-ақ адамға IT саласында дағдыларға сай келетін мамандық табылатынын аңғарамыз.
IT саласындағы мамандықтар адамға көп мүмкіндік береді. Ең біріншіден, адам өзін дамытады. Екіншіден, жақсы жалақы алады. Үшіншіден, соңғы технологиялардан хабардар болады.
Оқи отырыңыз: Google, WhatsApp, TikTok. Бағдарламалар тілін қалай қазақшаға ауыстыруға болады?
Қалай үйренемін?
IT саласында өзін байқап көргісі келетіндерге Гарвард университетінің CS50: Introduction to Computer Science атты компьютер ғылымына кіріспе жасайтын тегін 11 апталық курсынан бастауды ұсынамын. Бұл "IT деген не?" деген сұраққа жауап беретін, негізгі ұғымдарды түсіндіретін курс. Алгоритмді ойлауды үйренесіз, бағдарламалау тілдерін қолданасыз, соңында алған біліміңізден өз жобаңызды жасап шығарасыз. Бұл курсты университет бітірген соң он жылдан кейін оқығам едім. Жиған білімді еске түсіруге өте жақсы көмектеді.
IT саласында жұмыс істесеңіз, Гарвард курсын оқысаңыз, Roadmap SH жобасын қарап шығуды ұсынамын. Бұл жерде мамандықтар мен дағдыларға қарай карта жасап береді. Мысалы, таңдаған мамандыққа қандай дағды қажет екенін көрсетеді. Дағдының үстін бассқанда нақты сілтемелер шығады. Ол жерде анықтамалардың түсініктемесі, оқу материалдары жазылған. Бұл картаны IT мамандардың жүріп өткен жолы деуге болады. Сайтқа кіріп, олардың тәжірибесін пайдаланыңыз.
Оқи отырыңыз: Дәрігерлер мен IT мамандар тапшы. Еңбек нарығында қандай мамандықтарға сұраныс артады?
Он жылдағы трендтер қандай?
IT саласына қызықсаңыз әлем қайда бара жатыр, қалай өзгереді деген сұраққа үнемі жауап іздеңіз. Болжам бойынша алдағы он жылдағы технологиялық прогресс жүз жыл бұрынғыдан әлдеқайда көп болады.
McKinsey-дің технологиялардың дамуы мен трендтері жөнінде зерттеуі бар. Ондағы он бағыт алдағы он жылда трендке айналады. Процесстерді автоматтандыру және виртуализациялау маңызды болады. 2025 жылы интернетке қосылған құрылғылар саны 50 миллиардқа жетеді. Олар жылына 80 зеттабайт ақпаратты түрлендіреді. Жасанды интеллект өмірімізге еніп кетті. Келер жылы компьютер мен адам арасындағы коммуникацияның 50 пайызы жасанды интеллект арқылы жасалады.
Бағдарламалық қамсыздандыру 2.0 пайда болады. IT код пен өнім машиналық оқыту және нейрон желілерінің көмегімен жасалады. Нәтижесінде дәл қазір елестете алмайтын технологиялар пайда болуы мүмкін. Био революция болады. Жасыл энергетика, суды дұрыс қолдану, жаңартылатын энергия көздері өзекті болып қала береді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты Гиннес рекордтар кітабына кірді 🥳
-
344
-
0
-
11
-
-
2🗓 26-27 сәуір Қазақстан халқы Ассамблеясының XXХІI сессиясы өтеді
-
311
-
0
-
0
-
-
3💰Бала күтімімен отырған ата-ана үшін зейнетақы жарнасы бюджет есебінен төленеді
-
291
-
0
-
0
-
-
4🧩 Қазақстанда балаларға арналған 50 оқу-сауықтыру және 100 ірі ойын-сауық орталығы салынады
-
307
-
0
-
0
-
-
5🔎 Қазақстанда қылмыстық іс бойынша 2,5 мыңнан астам күдіктіге іздеу салынған
-
277
-
0
-
0
-
-
6Тоқаев аралас жекпе жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады
-
268
-
0
-
9
-
-
7🔗 Биыл Қазақстанда пара беру 45%-ға өскен
-
244
-
0
-
3
-
-
8🗳 Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс сайлауының қорытындысын жариялады
-
277
-
0
-
3
-
-
9⚡️Мәжілісте 6 партияға қанша мандат берілді?
-
283
-
0
-
3
-
-
10Қазақстанда мұғалімдердің білімін бағалауға өтініш қабылдау басталды
-
258
-
0
-
0
-