Тікелей эфир

"Банк картасының деректерін сұрайды". Телефон алаяқтарынан қалай қорғануға болады?

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
2023 жылы Қазақстанда қолданушылардың үштен бірі дерлік телефон алаяқтарына тап болған.

Kaspersky Who Calls қосымшасының мәліметінше, 2023 жылғы қаңтар-қараша айларында Қазақстандағы спам қоңырауларын алған пайдаланушылардың үлесі 76,3 пайызды құрады. Бұл ретте шамамен үштен бірі, яғни 30,3%-ы алаяқтармен бетпе-бет келген және жыл бойы мұндай қоңыраулар саны артпаса, азаймаған. Алаяқтар бұрынғыдан да белсенді бола бастағаны байқалады. 

Банк қызметкерлерінің атынанын қоңырау шалу – алаяқтар қолданатын ең танымал схемалардың бірі. Әдетте пайдаланушыға шоттық жазбасында күдікті әрекет болғанын хабарлайды. Алаяқтар әңгіме барысында банк картасының деректерін, құпия сөзін, пин-код пен басқа да ақпаратты біліп алуға тырысады. Оған қоса басқа "қауіпсіз" шотқа ақша аударуды сұрауы мүмкін. 

Тағы бір схема – құқық қорғау қызметкерлерінің атын жамылып хабарласу. Олар адамға тергеу ісі жүріп жатқанын айтып, әңгіме барысында жеке ақпаратын немесе банк картасының деректерін алуға тырысады.

Алаяқтар жүлде ұтып алғанын хабарлап та қақпанға түсіргісі келеді. Көбінесе автокөлік ұтып алғанын, ал оны алу үшін өз деректерін енгізу керек екенін айтып, фишинг сайттің сілтемесін жібереді. Ал мұндай сайттарға деректерді енгізсе қылмыскердің тұзағына түсу оп-оңай. Алаяқтар жүлдені рәсімдеу үшін шағын комиссия төлеуді сұрауы мүмкін.


Оқи отырыңыз: Банк карталарымен жасалатын алаяқтықтың қалай алдын алуға болады?


Бұрынғыдай хабарландыру сайттарынан да жиі қоңыраулар түседі. Қандай да бір заңды ұйымның қызметкері пайдаланушыға хабарласып, тауарын сатып алуды және ақшаны картаға аударуды ұсынады. Содан кейін ол жалған веб-сайттың сілтемесін жіберіп, қажет жолдарды толтыруды сұрайды. Банк картасының деректерін, пин-код енгізген соң алаяқ шоттағы ақшаны ұрлай алады.

"Телефон алаяқтығы тек Қазақстанда ғана емес, басқа елдерде де басты киберқауіптердің бірі болып отыр. Мұндай жағдайлардың көбеюіне киберқылмыскерлердің схемалары әлі де тиімді жұмыс істеп жатқанын көрсетеді. Қолданушылар да олардың жемтігіне айналып отыр. Оған қоса алаяқтар мессенджерлер арқылы қоңырау шала бастады. Алаяқтар алдап-арбау схемаларын сол кездегі оқиғаларға қатысты бейімдейді. Мысалы, қазір Жаңа жыл мерекесіне қатысты схема ойлап табуы мүмкін. Сол себепті қолданушылар жыл соңына қарай барынша қырағы болғаны жөн", – деді Касперский зертханасының Қазақстандағы, Орталық Азия мен Монғолиядағы басқарушы директоры Валериий Зубанов.

Телефон алаяқтығынан қорғану үшін Kaspersky Lab сарапшылары келесідей кеңес береді:

  • Телефон арқылы ешкімге құпия ақпаратты, соның ішінде шоттың логиндері мен парольдерін, SMS және push-хабарламалардың кодтарын, банк картасының деректерін, пин-кодтарын бермеңіз;
  • Алаяқтықтың басты белгісі – шұғыл түрде әрекет ету туралы өтініштерден сақ болыңыз. Тіпті әңгіме маңызды мәселе туралы болып жатса да, ақпаратты қайта тексеріңіз. Мысалы, банк бөлімшесіне хабарласыңыз. Эмоционалды қысым көрсетсе немесе қорқытса, сақ болыңыз;
  • Электронды поштаға, мессенджерге немесе SMS түрінде келген хабарламардағы күдікті сілтемеге кірмеңіз;
  • Қажетсіз қоңыраулардан қорғану үшін өзге де шешімдерді пайдаланыңыз. Kaspersky Who Calls қосымшасы арқылы пайдаланушы қоңырау шалып жатқан нөмірдің қайдан екенін көре алады. Мысалы, экранға такси қызметі немесе тамақ жеткізу қызметі деп шығады. Қосымша ықтимал спам, алаяқтық және қыр ізіңнен қалмайтын жарнама туралы да ескертеді және мұндай қоңырауларды автоматты түрде бұғаттауға болады. Ол мұндай деректерді машиналық оқыту алгоритмдері мен пайдаланушылар шолуы арқылы алады. Сонымен бірге деректер базасына қажет емес нөмірлерді қолданушы да енгізеді. Қосымшада телефон нөмірі және байланыстар тізімі сияқты құпия деректер сұралмайды.

Деректер 2023 жылғы қаңтар-қараша айларында Kaspersky Who Calls қосымшасының дерекқорына күдікті нөмірлерді енгізген пайдаланушылардың анонимді шолулары (шағымдары) арқылы алынды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары