Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы әлеуметтік жағынан осал отбасыларға қандай көмек береді?
2019 жылы ХӘОТ санатынажататын қарыз алушылар, сондай-ақ қарыздар бойынша міндеттемелерді орындау есебінен жалғыз мүлкі банктердің балансына өткен қарыз алшылардың қосымша мемлекеттік қолдауды қажет ететіндігін көрсетті. Қарыз алушылардың осы санаты үшін кірістің негізгі түрі бюджеттен әлеуметтік төлемдер және жәрдемақылар, оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек болып табылады. Кірістерінің төмен болуына байланысты мұндай қарыз алушылар баспанадан шығару тәуекелі аймағында бола отырып, қарыз шарттары бойынша өздерінің міндеттемелерін толық көлемде орындай алмайды.
2019 жылғы желтоқсанда Бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, олар банктерге 2020 жылғы қаңтардан бастап тараптардың келісімі бойынша қарыз алушының қаржылық және әлеуметтік жағдайын талдау негізінде ипотекалық қарыздарға қызмет көрсетуде қиындықтарға тап болған ХӘОТ санатына жататын қарыз алушыларды оңалтудың қосымша тетіктерін қолдану құқығын берді:
- негізгі қарызды азайту;
- ай сайынғы төлемі 20 000 теңгеден сыйақы мөлшерлемесі 3%-дан аспайтын және қарыз алушының табысы 2 ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен болмайтын жеңілдікті кестелерді белгілеу.
ЕДБ шығыстарын өтеу үшін Ұлттық Банк 44,6 млрд теңге бөлді. Бағдарламаның осы бағыты бойынша 6,2 мың қарыз алушыға 30,77 млрд теңге сомаға қосымша көмек көрсетілді.
Қорытындылай келе, осы Бағдарламаның арқасында 48,5 мыңнан астам азамат жалғыз баспаналарын сақтап, қарыз жүктемесін айтарлықтай төмендеткенін атап өткім келеді. Бағдарламаның 1 және 2-бөлімдері аясында банктер қарыз алушылардың 268 млрд теңге сомаға сыйақы, айыпақы (өсімпұл, айыппұл) және комиссия бойынша берешегін кешірді.
Қолында сот шешімі бар қарыз алушылар мемлекеттік баж салығын төлеуге міндетті. Орташа алғанда, егер талап-арыз 10 миллион теңгеге болса, онда менің білуімше, мемлекеттік баж салығы шамамен 300 мың теңгені құрайды. Ипотеканы төлеуде қаржылық қиындықтары бар азаматтар мұндай ақшаны қайдан табады? Және Бағдарлама шеңберінде айтарлықтай қомақты көмек көрсетілетін әлеуметтік осал қарыз алушылар кімдер?
Жауап: Бағдарлама іске қосылған сәттен бастап оған енгізілген алғашқы өзгерістердің бірі Ұлттық Банк өзіне алған, әлеуметтік осал қарыз алушылар үшін мемлекеттік баж салығын төлеу шығыстарына қатысты болды. Мемлекеттік баж салығының мөлшері талап етілген соманың 3% құрайды. Бұл норма қарыздары бойынша банктердің пайдасына борышты өндіріп алу туралы сот актілері бар ХӘОТ санатындағы қарыз алушыларға қатысты.. Есептен шығарылған мемлекеттік баж салығының жалпы сомасы 18 млрд теңгені құрайды.
ХӘОТ санатына жататындар:
- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
- I және ІІ топтағы мүгедектер; мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылары;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар; жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
- кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма жасқа жетпеген жетім балалар;
- қандастар (оралмандар);
- экологиялық зілзалар, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;
- «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар,
- көп балалы отбасылары;
- мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттірін, әскери қызметін
орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары; - Толық емес отбасылары.
Былтырғы жылдан бастап Бағдарлама шеңберінде ХӘОТ санатына жататын қарыз алушылар жеке, үлкен көмек алады. Ал әлеуметтік маңызды аурулары бар қарыз алушылар қандай да бір қолдауға сүйене ала ма? Және бұған нақты қандай аурулар жатады?
Проблемалық қарыз алушыларды қамту мақсатында 2020 жылғы қыркүйектен бастап банктер қарыз алушылар - ХӘОТ үшін көзделген талаптарды ұсынатын азаматтардың тізбесін кеңейтетін түзетулер қолданылады. Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің өтініштерін талдау негізінде қабылданған түзетулер, сондай-ақ ҚР Үкіметінің тапсырмалары Бағдарламаны кеңейтуге бағытталған. Атап айтқанда:
- ХӘОТ үшін Бағдарламада көзделген талаптарды ХӘОТ мәртебесіне ие, қарыз алушының жұбайы (зайыбы) не жақын туысы болып табылатын қосалқы қарыз алушы/кепіл беруші/кепілгер қарыздарына қолдану;
- қарызды қайта қаржыландырғаннан кейін ХӘОТ мәртебесін алған қарыз алушыларға қосымша көмек көрсету;
- кәмелет жасқа толмағандардың және/немесе мүгедектігі бар адамдардың заңды өкілдері болып табылатын ипотекалық қарыз алушыларға, сондай-ақ қамқорлығында (асырауында) ХӘОТ мәртебесі бар тұлға тұратын қарыз алушыларға қаржылық қолдау шараларын көрсету. Сондай-ақ қарыздары таратылатын «Астана Банкі» АҚ-та тұрған, ХӘОТ санатындағы азаматтарға;
- жекелеген әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтарды ХӘОТ үшін көзделген талаптармен Бағдарламаға енгізу.
Бұл аурудың мынадай бес түрі туралы:
- 3-топтағы мүгедекітігі бар АИТВ (ВИЧ)-инфекциясы;
- туберкулезді менингит, сүйектер мен буындардың (омыртқа мен жамбас) туберкулезі, жайылған туберкулез, кең дәріге төзімді туберкулез, бактерия бөлетін өкпе туберкулезі, сонымен бірге 1Т тобында байқалатын және симптоматикалық ем алатын;
- мүгедектік тобының болуына қарамастан қатерлі ісіктер;
- 3-топтағы мүгедектік болса дәнекер тіннің жүйелі зақымдануы;
- 3-топтағы мүгедектік болса орталық жүйке жүйесінің демиелинизациялық аурулары).
ХӘОТ қарыз алушыларына қосымша көмек көрсету үшін қашан өтінім беру қажет? 2-1 бөлімді жүзеге асыру бойынша жұмыстар жалғастырылып жатыр ма, және Бағдарламаның осы бағытын жүзеге асыруды ұзарту мәселесі қарастырылып жатыр ма?
Қосымша көмек көрсету мерзімі 2021 жылғы 1 қарашада өтеді.
Бағдарламаның 2-1 бөлімі бойынша қосымша көмек 30,77 млрд теңге сомасында 6,2 мың қарыз алушыға көрсетілді.
Қазіргі уақытта ХӘОТ-ке жататын 8,7 мың қарыз алушыдан Бағдарламаның 2-1 бөлімі бойынша банктерге 7,9 мың қарыз алушының (91%) өтініші берілді.
1,9 мың қарыз алушының қарыздары бойынша көмек көрсетудің қосымша шараларын қабылдау банктердің қарауында, 826 қарыз алушы банктерге өтінішпен жүгінбеді.
Қазіргі уақытта «Астана Банкі» АҚ валюталық ипотекалық қарыздарын және «Астана Банкі» АҚ теңгеріміндегі баспаналарды «Қазақстан Тұрғын ұй компаниясы» ИҰ» АҚ-қа қайта қаржыландыру үшін және Бағдарламаның 2-1 Бөлімінің талаптарында қосымша көмек көрсету үшін қайта табыстау процедурасы жалғасып жатыр.
Осылайша, 2-1 бөлімді жүзеге асыру бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Қарыз алушылардың өтініштері мен қоғамдық бірлестіктердің өтінімдері негізінде, ХӘОТ санатындағы қарыз алушыларды қосымша көмек көрсету шараларымен толығымен қамту мақсатында Бағдарламаның 2-1 бөлімін жүзеге асыруды ұзарту мәселесі қарастырылатын болады.
Егер қарыз алушыға Бағдарлама бойынша қарызды қайта қаржыландырудан бас тартқан болса, берілген бас тарту үшін шағым айту үшін қайда жүгінуге болады?
Бағдарламаны жүзеге асыру тазалығын қамтамасыз ету үшін 2015 жылы Қазақстанның барлық өңірлерінде Ипотекалық қарызды қайта қаржыландырудан бас тартуына қарыз алушылардың шағымдарын қарау жөніндегі комиссиялар құрылды. Комиссия банктің Бағдарлама талаптары бойынша қарызды қайта қаржыландырудан бас тартуының заңдылығы тұрғысынан қарыз алушылардың шағымдарын қарайды.
Комиссия құрамына құқық қорғау органдарының, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының және ипотекалық қарыз алушылардың мүдделерін таныстыратын қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді.
Комиссияның негізгі қызметі Бағдарламаға қатысушы-банктерден алынған қарызды қайта қаржыландырудан бас тартуларға қатысты шағымдарын қарау болып табылады. Қайта жазылған шағымдар ондағы келтірілетін дәйектер жаңа болса және қайта ашылған мән-жайлар болса қарастырылады.
Бағдарламаның бірінші және екінші бөлімі бойынша Комиссия шешімдері банктердің орындауы үшін міндетті болып табылады.
Қазіргі уақытта Комиссиялар Бағдарлама талаптары бойынша қарыздарды қайта қаржыландырудан бас тартуларына қатысты қарыз алушылардың 5 373 өтінішін қарастырды, олардың ішінде 2 636 шағым бойынша қарызды қайта қаржыландырудан/қарызды кешіруден бас тарту заңды деп расталған болса, 2 737 шағым бойынша қарыздарды/ қарыз алушының борыштық жүктемесін төмендету туралы шешімдер/ұсынымдар шығарылды.
Бағдарламаның үшінші бөлімі бойынша банктер қарыз алушыларға қосымша көмек көрсету шараларын қабылдау бойынша 335 ұсыным шығарды, олардың ішіндегі 107 ұсыным бойынша қосымша көмек көрсетілді.
Қарыз алушылардың шағымдарын қарау кезінде Комиссиялар қарыз алушының ипотекалық қарыз бойынша міндеттемелерін орындау мүмкіндігінің болуын; қарыз алушының жасын, еңбекке қабілеттілігін; қарыз алушының асырауында кәмелетке толмаған, соның ішінде мүгедек және (немесе) түрлі ауруға шалдыққан балалардың болуын ескереді.
Осылайша, қарыз алушының жағдайын ескере отырып, Комиссия Банкке Бағдарламаның үшінші бөлімінің талаптары бойынша қосымша көмек көрсету туралы ұсыным шығара алады.