Тәртіп ертең, 25 наурыздан бастап күшіне енеді.
Республикалық арнайы комиссияның шешімімен 25 наурыздан бастап Өзбекстан аумағына кірерде танылған зертханалардың коронавирусқа арналған ПТР тест нәтижелері ғана сұралады. ПТР тест туралы куәлігі жоқ азаматтар шекаралық бекеттерде экспресс-тест тапсыру мүмкіндігі қарастырылған, деп хабарлайды Informburo.kz Өзбекстан ұлттық ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Туризм комитетінің дерегінше, ПТР тест нәтижесі қабылданатын зертханалардың тізімін (кем дегенде 10) санитарлық-эпидемиологиялық қызметі жасақтайды. Ал тест нәтижесі ағылшын немесе орыс тілдерінде болуы керек.
Жаңа талаптар бойынша:
- Өзбекстан аумағына әуе, теміржол және шекара бекеттері арқылы келетін барлық азаматтар өз есебінен әуежайда, теміржол станциясында немесе шекара бекетінде коронавирустық антигенге экспресс-тесті тапсыру процесі 2021 жыл 15 наурыздан бастап жойылды;
- әуе немесе теміржол бағытында келушілер Өзбекстанға сапар алдынан тіркеуден өту үшін соңғы 72 сағат ішінде коронавирустық ПТР тест туралы анықтаманы (індет жоқ деген) көрсету талап етіледі;
- автокөліктік бақылау бекеттері арқылы Өзбекстанға келушілер 72 сағаттан аспайтын мерзімде коронавирустық ПТР тесттік ауру жоқтығы жайлы анықтама тапсырса немесе ПТР нәтижелері болмаған жағдайда шекара бекеттеріндегі клиника, зертханаларда коронавирустық инфекция антигеніне экспресс тест тапсырады, індет анықталмаса Өзбекстан аумағына кіруіне рұқсат етіледі.
Жол шекара өткізу бекеттері арқылы келетін Өзбекстан азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар, егер тест нәтижесінде ауру анықталған жағдайда, олар тиісті аймақта орналасқан медициналық мекемелерге жіберіледі.
"Сох" ауданы, "Шохимардан", "Чонкара", "Тоштепа" елді мекендерге кірерде және сол аймақтан Өзбекстанға транзиттік жолмен келе жатқан Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтарынан коронавирустық тест нәтижелері сұралмайды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
395
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
374
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
373
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
359
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
363
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
367
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
355
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
336
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
308
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
297
-
0
-
1
-