Тікелей эфир

Нұр-Сұлтан мен Алматы арасында Air Astana рейсіне тіркелгенде енді цифрлық құжатты ұсынуға болады

Бүгіннен бастап электрондық жеке куәлікті EGOV mobile қосымшасы арқылы әуежайлардың тіркеу, тексеру және отырғызу пункттерінде қолдануға болады.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Цифрлық даму министрлігімен, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ және Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әуежайларымен бірлесіп, Air Astana әуе компаниясының Нұр-Сұлтан – Алматы және Алматы – Нұр-Сұлтан бағыттарындағы рейстерінде цифрлық құжаттарды пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске қосты.

Бүгіннен бастап электрондық жеке куәлікті EGOV mobile қосымшасы арқылы әуежайлардың тіркеу, тексеру және отырғызу пункттерінде қолдануға болады. Дегенмен, жолаушыларда жеке куәліктерінің түпнұсқасы да болғаны жөн.

Өйткені, пилоттық жоба кезінде цифрлық құжаттар жолаушының мәртебесін тексерудің балама нұсқасы болады. EgovMobile-дағы "цифрлық құжаттар" қызметімен генерацияланған QR-code есептеу бойынша "Е-document" бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесі Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайымен бірлесіп әзірленді.

Жоба Қазақстан Президентінің жеке куәліктер, дипломдар мен құқықтарды электрондық түрде беру жөніндегі процестерді цифрландыру және мемлекеттік органдардың жұмысына енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында енгізілді.


Оқи отырыңыз: 


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары