"Смартмедиа" бағдарламасы аясында 300-ден астам маман өзінің діни біліктілігін арттырды.
"Жусан" операциясымен елге оралған 188 әйелдің 95%-ы діни теріс көзқарасынан бас тартты. Олармен үкіметтік емес "Ақниет" ұйымының теолог және психолог мамандары оңалту жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов мәлімдеді.
Сондай-ақ, ведомство жетекшісі 2020 жылы қабылданған "Дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспардың" қалай жүзеге асып жатқанын баяндады.
"Жыл соңына дейін деструктивті бағытта жұмыс істеу ықтималдылығы жоғары топтардың 70%-ын қамтуды жоспарлап отырмыз. Цифрларға келетін болсақ, І жарты жылдықта әлеуметтік желідегі деструктивті топтарда тіркелген 84 мыңнан астам отандасымызды осы топтардан шығарып алдық. Бұл – үлкен көрсеткіш. Десе де, біліп-білмей сол топтардың соңынан теріс жолда кеткен азаматтарымыз да бар. Сондай-ақ, жыл сайын деструктивті материалдар саны артып келеді, өкінішке орай. Биыл 80 мыңнан астам материалды жойып, 300-ден астамын бұғаттадық", – деді комитет өкілі.
Ержан Нүкежановтың айтуынша, бұл шектеулер мәселені толықтай шешуге жеткіліксіз. Осы орайда ол контрпропаганда шараларының ұйымдастырылғанын мәлімдеді. Аталған шаралар аясында "Смартмедиа" жоспарын құрып, 300-ден астам маман өз біліктілігін арттырған.
"Өзіміз де қосымша ақпарат жариялап отырмыз. Мысалы, былтыр осы кезеңде – 26 мың материал, ал биыл 62 мыңнан астам материал жарияладық. Мұнымен қатар, деструктивті бағытқа, ағымға ауысып кетпеуі үшін азаматтармен жоспарлы түрде жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Мысалы, республикалық "Ақниет" үкіметтік ұйымымен тығыз байланыс орнаттық. Осы ұйымның теологтары мен психологтары "Жусан" операциясы арқылы елге оралған 188 әйелмен оңалту жұмыстарын жүргізді. Аталған 188 әйелдің 181-і радикалды көзқарасынан бас тартты. Бұл пайызға шаққанда – 95%", – деп қосты Ержан Нүкежанов.
Бұдан өзге комитет жетекшісі діни университеттерде білім алып жатқан студенттердің теріс жолға түсіп кетпеуі үшін арнайы пікір алмасу алаңын құрғанын мәлімдеді.
Еске салсақ, ғылым докторы екпе туралы дін қызметкерлеріне қарағанда, медицина мамандарының көбірек білетінін мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, Гүлнәр Жұманова вакцина туралы тарап жатқан фейк ақпараттарға қарсы иммунитет құруға шақырған еді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚗 Автокөлікке VIP нөмірді eGov.kz порталы мен eGov Mobile арқылы сатып алуға болады
-
335
-
0
-
0
-
-
2🪖 Тоқаев: Тоталитаризмнің қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді
-
313
-
0
-
0
-
-
3🌻 "Баж салығын алып тастау керек". Қазақстанда күнбағыс егетін шаруалар мемлекет қолдауына мұқтаж
-
301
-
0
-
1
-
-
4🚘 "Шалғай ауылдарда мүлдем жоқ". Маңғыстаулық жүргізушілер автогаз тапшылығынан үш күннен бері кезекте тұр
-
289
-
0
-
1
-
-
5🏤 5 маусымда "Болашақ" стипендиясына өтінім қабылдау басталады
-
308
-
0
-
6
-
-
6💸 4244 теңге: 1 шілдеден бастап Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына берілетін арнайы жәрдемақы мөлшері өседі
-
288
-
0
-
3
-
-
7👨🏻🎓 Биыл 172 мың түлек мектеп бітіреді. Оның ішінде 6,8 мың оқушы "Алтын белгіге" үміткер
-
264
-
0
-
1
-
-
8🎾 Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 3 орынға көтерілді
-
249
-
0
-
11
-
-
9🪖 ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығы ашылды
-
241
-
0
-
5
-
-
10👥 Түркістан қаласының халқы қашан жарты миллионға жетеді?
-
239
-
0
-
5
-