"Жүргізуші де, жолаушылар да мас күйде болды". Шымкентте үш есірткі жасырушы ұсталды

Күдіктілерден 1 келіге жуық есірткі тәркіленді.

Шымкентте үш есірткі жасырушы ұсталды. Олардан аса ірі мөлшерде әртүрлі психотроптық заттар тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдіктілерді патрульдік полиция полкінің инспекторлары таңғы 6:00 шамасында анықтады.

"Көлік тоқтатқан кезде жүргізуші мен екі жолаушының әрекеті тәртіп сақшыларының күдігін туғызды. Тексеру барысында жолаушылардың бірі бой тасалауға тырысты, бірақ бірден ұсталды", – делінген хабарламада.

Күдіктілерден 1 келіге жуық есірткі тәркіленді. Ұсталғандардың қала аумағында синтетикалық есірткі таратумен айналысқаны анықталды. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз