Тікелей эфир

"Жүгіріп өт немесе өл": Қазақстанда жасөспірімдер өте қауіпті ойын ойнап жүр

Онлайн ойында кейіпкер тез арада жолды кесіп өту керек.

Елімізде жасөспірімдер көлік көп жүретін жолда аса қауіпті ойын ойнап жүр. Басын қатерге тігіп, ойынға кіріскен балалардың әрекеті Ақтаудағы машиналардың біріндегі камераға жазылып қалған, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Бұл ойын "Жүгіріп өт немес өл" деп аталады. Адам өміріне қауіпті ойынының шығуы да бекерден бекер емес. Бұл – бала күнде қолданатын смартфондағы ойын. Онлайн ойында кейіпкер тез арада жолды кесіп өту керек. Егер уақытты есептеп, пернені басып үлгермесе, персонаж көлік астына түсіп, ойыннан шығады.

Ақтаудағы Аналар кеңесі ата-аналарға үндеу жолдады. Олар бұл ойынның қандай қауіпті екенін ең алдымен ата-аналар түсіндіру керектігін айтты.


Оқи отырыңыз: Астанада жыл басынан бері 7 мыңнан астам жаяу жүргінші жол ережесін бұзған.


Белсенді ана Гүлмира Әбішева балалар бұл ойын арқылы өзінің мықтылығын көрсеткісі келуі мүмкін екенін айтты.

"Балалар өзінің мықтылығын кімге дәлелдейді? Олар өзінің достарына, сыныптастарына және осы ойын арқылы күллі әлемге дәлелдегісі келеді. Біз Ақтау қалалық Аналар кеңесі барлық ата-аналарға үндеу тастағымыз келеді. Жалпы баланың тәрбиесі, болашағы – ата-ананың жауапкершілігінде. Балаларды қадағалап, олармен жылы, жұмсақ сөйлесіп, бұл ойынның қауіптілігін түсіндіру керек", – деді Ақтау қалалық аналар кеңесінің мүшесі Гүлмира Әбішева.

Серіктестер жаңалықтары