Тәртіп сақшылары күнде орта есеппен жаяу жүргіншілер жасаған 200-300-ге жуық құқық бұзушылықты анықтайды.
Елордада жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын азайту және жол жүру ережесін бұзудың жолын кесу мақсатында “Назар аударыңыз, жаяу жүргінші!” атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп хабарлады Polisia.kz.
Әр аптаның жұма күндері полиция департаменті қосымша қызметкерлерін тарта отырып, жаяу жүргіншілердің белгіленбеген жерлерден жолды кесіп өтіп, жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін анықтау мақсатында “Жаяу жүргінші” атты іс-шара жүргізеді. Тәртіп сақшылары орта есеппен күні бойы жаяу жүргіншілер жасаған 200-300-ге жуық құқық бұзушылықты анықтайды.
"Биыл Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 615-бабы бойынша 7094 жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар велосипедшілер, мопедтер мен скутерлердің жүргізушілері де жоғарыда аталған бапқа жатады. 2023 жылдың осы кезеңінде жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 550 велосипедші, 198 мопед жүргізуші және 55 мотороллер жүргізушілері әкімшілік жауапқа тартылды. Полицейлер көлік құралдарының жүргізушілерін тәртіпке келтіре отырып, жаяу жүргіншілерге арналған өткелдерден өту ережелерін бұзу, оларға жол беру талаптарын орындамау, жаяу жүргіншілер жолында аялдама және тұрақ ережелерін бұзу фактілерін бақылауда ұстайды", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: "16 жастан бастап рұқсат". Электр самокат тепкенде нені ескерген жөн?
Жыл басынан бері жаяу жүргіншілерге жол бермеген мыңға жуық жүргізуші анықталса, жаяу жүргіншілер жолы, жол жиектері мен жолақта көлік жүргізген 98 жүргізуші ұсталды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🎾 Бейбіт Жұқаев - Little Rock Challenger турнирінің ширек финалына шықты
-
252
-
0
-
2
-
-
2↕️ Telegram-бот 100 беттік лирикалық жинақты дыбыстады - Мақпал Жұмабай
-
260
-
0
-
3
-
-
3🤖 Қызылордада Қорқыт ата университеті жанынан жасанды интеллект мектебі ашылады
-
242
-
0
-
3
-
-
4✍️ Әр жеңімпаз 4 млн теңге сыйақы алады: Қазақстанда тұңғыш рет жас жазушылар мен ақындарға президенттік арнаулы әдеби сыйлық беріледі
-
251
-
0
-
4
-
-
5🕯🔥 "Тағы қайталана ма деп қорқамыз". Өткен қыста жылусыз қалған Екібастұз халқы қаладан көшіп жатыр
-
266
-
0
-
5
-
-
6💡 Маңғыстау облысында кәсіпкер бюджеттің 249 миллион теңгесіне көшеге жанбайтын жарық шамдар орнатқан
-
252
-
0
-
7
-
-
7🇰🇿 Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына жұмыс сапарымен барды
-
256
-
0
-
4
-
-
8😱 Ерлан Сайыров қымбатшылық туралы: Халық моншаға екі аптада бір рет қана барып жүр
-
255
-
1
-
7
-
-
9💰 Астана тұрғындарының орташа жалақысы – 357,3 мың теңге
-
227
-
0
-
2
-
-
10💸 Неге төрт балалы отбасыға берілетін жәрдемақы баласы 18 жасқа толғанда тоқтатылады. Министрлік түсіндірді
-
228
-
1
-
5
-